Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілім - асыл мұрам

24 қыркүйек 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ана тілім - асыл мұрам»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтап, тіліміздің қадір - қасиетін бойларына өнер арқылы сіңіре білуге үйрету.
Көрнекілігі: Тіл туралы өлеңдер, мақалдар, плакаттар, шарлар.
Мұғалім: Ана тілім - дана тілім, айбарлым,
Сырың терең, тұнығындай қайнардың.
Ана тілім - қасиетім қастерлім,
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын,- деп ақындар жырлағандай, халқымыздың өшпес асылы сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған « Ана тілім - асыл мұрам» атты тақырыптық сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.
- Қазақстан Республикасы Тілдер күнін.
- Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.
- Қане, балалар осы тіл мерекесіне ән - жыр тақпақтарымызды арнайық.
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме оқушылар, ата - аналар, ұстаздар!
2 - жүргізуші: Армысыздар, сабаққа қатысушылар!
Тіл - қандай да болмасын ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Сондықтан «Тілден тілдің кемдігі жоқ» дейді.
2 - жүргізуші: Біздің қоғамға ана тілін ардақтай білетін жас жеткіншіктер керек.
Тіл мәдениеті үшін күрес - екінші бір тілді мұқату үшін емес, ана тілінің қызмет өрісін кеңейту, оны білім мен тәрбие, таным - түсініктің мықты құралына айналдыру үшін күрес.
1 - жүргізуші: Иә, тілдің қоғамдық қызметі өрістегенде ғана, ана тілінің көсегесі көгереді. Тіл мәдениеті үшін күрестің тағы бір өзекті, іргелі саласы - ғасырлар бойына қалыптасқан дәстүрлі норманы сақтай отырып, жаңа пайда болған ілгері үрдісті тани білу, жаңа норманың орнығуына ықпал жасау.
2 - жүргізуші: Иә, біздің де бүгінгі сабағымыздың мақсаты да, міндеті де осы емес пе?
1 - жүргізуші: Бізде берік ұлы достық,
Бірлік құрып, тілек қостық.
Ұлы мақсат биігінде,
Дос жолына жүрек тостық
Ерасыл - Менің тілім біреу - ақ,
Сөйлейтін де жазатын,
Тауып қойған тілеуі - ақ,
Қазақ деген өз атын
Дариядай пейілі,
Тілі, діні, жыры, да.
Ырысты - Ана тілім - ана күтім, арым менің,
Сәулетім - сая бағым, сәнім менің.
Аспаным өзіңменен арайлап,
Нұрланып атар ылғи таңым менің.
Арман - Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән.
Бірлінінде бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.
Тұрар - Мен саған сұрақ қойғым келіп тұр? Осы тіл не үшін керек?
Жанерке - Досым - ау, тіл бір - бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.
Азамат - Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме? Неге ана тілі деп бөлінеді?
Ерсұлтан - Себебі, әр елдің өз Отаны өз тілі бар емес пе.
Мұғалім - Балалар, сендер бір - біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?
- Қазақ тілінде, ана тілінде, сөйлесеміз.
- Неге біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.
Нұрқасым - Дұрыс айтасыңдар! Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген - бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.
Мұғалім - Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі, оның бақыты, тірегі.
Жадыра - Ақыл - ойын дараның
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Бекарыс - Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын
Сүйем туған тілімді,
Мақсат етем әр сөзін.
Жайна - Ана тілім - елім,
Қайсар, қайрат, күнім.
Ана тілім - менің,
Баста бақыт құсым.
«Ананың тілі - аяулым менің» әні орындалады.
Мұғалім - Ана тілі туралы кім қандай мақал - мәтел біледі.
Шынарай - Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Нұржайна - Піл көтермейді,
Тіл көтереді.
Ахан - Ақыл көркі - тіл
Тіл көркі - сөз.
Жанболат - Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Мирас - Өнер алды - қызыл тіл,
Тілден биік асқар жоқ
Тілден терең теңіз жоқ.
Енді оқушылар орындауында « Атамекен» өлеңі.
Айдана - Ана тілі біздің туған анамыз,
Анамыздай сынап бағып қағамыз
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің солай болмақ бағамыз.
Абылайхан - Ана тілді білмесем
Шат - шадыман жүрмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем.
Жеңіс - Анамның тілі - айбыным менің,
Айгерім - Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңында» Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамда ардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы - тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің күшеюіне тығыз байланысты» делінген.
2 - жүргізуші: Қазіргі қазақ тілі - мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір қаруы.
Хормен:
Қазақ тілім - ана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым бақытым, дара тілім.
Ана тілі - ана сүтім, арым менің
Сәулетім, сая бағым, сәнім менің.
Аспаным өзіңменен арайланып,
Нұрланып атар ылғи таңым менің.
Мұғалім - Балалар, міне осы өлең - тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жер де, ұлт та, жер де, болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлейік.
Қорытынды: Айда. Тіл - адамның барлық саналы өмірінің құралы өнерлі, білімді, мәдениетті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде қазақ тілі де халықтың барлық іс - әрекетінің, қарым - қатынасының құралы болғандықтан оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрқайсымыздың борышымыз.
Осымен « Ана тілім - асыл мұрам» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Тіл мерекесі құтты болсын!
16 423
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету; Жас ұрпақты ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге шақыру арқылы халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген
Ана тілім - байлығым
Ана тілім - байлығым
Балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіру. Мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрі, діні мен тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Ана тілім - бал тілім
Ана тілім - бал тілім
ҚМҚК №42 «Тілек» балабақшасы Өткізген: Сакенова К.С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×