Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілім - бал тілім

04 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
ҚМҚК №42 «Тілек» балабақшасы
Өткізген: Сакенова К.С.

Тақырыбы: «Ана тілім –бал тілім»
Жүр: Ана тілім –дана тілім, айбарлым
Сырың терең, тұнығындай қайнардың
Ана тілім –қасиетім қастерлім
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын –деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Ана тілім –асыл мұрам» атты тақырыптық сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.
- Тіл күнін
- Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек –Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.
Қане, балалар осы тіл мерекесіне ән –жыр тақпақтарымызды арнайық.
Ортаға: Бекзат, ДильназА. Алан.Г. Талғатова.Д. Аңсар. Сайлау.А.

Бекзат: Менің тілім біреу –ақ
Сөйлейтін де жазатын
Тауып қойған тілеуі –ақ
Қазақ деген өз атын
Дариядай пейілі
Тілі, діні, жыры да

Дильназ: Ана тілім –ана күтім, арым менің
Сәулетім –сая бағым, сәнім менің
Аспаным өзіңменен арайланып
Нұрланып атар ылғи таңым менің

Алан: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімде бүгінгі
Ана тілім сақтаған

Дильназ.Т: Ана тілім ұраным
Ана тілім құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым

Аңсар: Ана тілім менің
Әлдилеген әнім
Ана тілім демім
Ана тілім жаным

Сайлау.А: Желеп –жебеп піріміз
Таза болсын деніміз
Жауқазындай жалынып
Өркендесін тіліміз

Жүр: «Тіл не үшін керек»? –деген сұраққа Дильназ бен Ислам былай деп жауап береді.
Дильназ: Мен саған сұрақ қойғым келіп тұр? Осы тіл не үшін керек?
Ислам: Досым –ау, тіл бір –бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.
Дильназ: Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?
«Неге ана тілі деп бөледі?»

Ислам: Себебі, әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.
- Балалар, сендер бір –біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?
- Қазақ тілінде, ана тілінде сөйлесеміз.
- Неге, біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.
- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген –бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.

Ал, енді барлығымыз орнымыздан тұрып, «Ана тілін сүйеміз» әнін орындайық.
Жүр: Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі, оның бақыты, тірегі. Максим, Лиза, Диана өздерінің тақпақтарын арнасын.

Лиза: Ақыл ойын дараның
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның
Максим: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөзін

Диана: Ана тілім елім
Қайсар, қайрат, күнім
Ана тілім –менің
Баста бақыт құсым
Ақерке: Ана тілім ерлігім
Ана тілім елдігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім

Рахат: Ана тілін біліп қой
Бостандығың теңдігін
Ана тілін біліп қой
Мақтанышым елдігің
Ислам: Келе жатқан мәңгіден дара салтым
Мақтанышым елдігім парасатым
Сенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігім
Өміріме өң беріп жарасатын

Ән: «Ананың тілі –аяулым менің»
Жүр: Ана тілі туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?
Олжас: Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді
Асуан: Піл көтермейді
Тіл көтереді
Анель: Ақыл көркі –тіл
Тілдің көркі –сөз
Нұрлыбек: Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Дана: Өнер алды –қызыл тіл

Малик: Тілден биік асқар жоқ
Тілден терең теңіз жоқ
Жүр: Жылжыған жылдар көшімен
Тербетіп мені, туған жер
Өсірген алтын бесік ең
Өлеңмен боп, жыр боп есілем

Ән: «Туған жер»
Тазша бала кіреді: Балалармен амандасып, әкелген жұмбағын жасырады, санамағын айтқызады.
Жәнібек: Ана тілі біздің туған анамыз
Анамыздай сынап бағып қағамыз
Ана тілін бағаласақ қалай біз?
Өзіміздің солай болмақ бағамыз

Абылай: Ана тілді білмесем
Шат –шадыман жүрмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем
Нұрсұлу: Өсірген ой –білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөзін
Мәнін терең білуді

Жүр: Балалар, міне осы өлең –тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде, ұлт та, елде, жер де, болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік.
18 943
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Ана тілім - байлығым
Ана тілім - байлығым
Балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіру. Мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрі, діні мен тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Ана тілім - асыл  мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Умарова Света
Ана тілім
Ана тілім
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім. Тұғыр қылып туған елдің төрінде, Асқақтатам ана тілдің ақ туын.
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×