Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желтоқсан желі ызғарлы

14 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Желтоқсан желі ызғарлы»
Сабақтың мақсаты: Желтоқсан оқиғасын еске ал. Желтоқсанда құрбан болған қазақ жастары жайындағы деректерді таныстыра отырып, танымдық ой өрісін дамыту.
Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушылардың елін, жерін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Газет - журналдар, кітаптар, буклеттер, суреттер, қанатты сөздер, бейне материалдар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ.
1. Желтоқсан оқиғаларының сипаты.
2. Жастар қозғалысының себептері.
3. Жаппай жазалау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ата - бабаларымыз сан ғасырлар бойы өз елінің, жерінің білімді, қайратты, ұлтжанды, намысшыл, иманды тұлғаларын дайындауды арман, мақсат еткен. Бүгінгі парызымыз да рухани идеологиялық - әлеуметтік, экономикалық, ғылыми - техникалық ілімдерден нәр алған ғарыштап дамуына үлес қосатын жастарды тәрбиелеу.

Желтоқсан әркімнің жадында, тарихи ғасыр жылнамасында мәңгі жазылып қалды. Өйткені, ол дүниені дүр сілкіндірген оқиға еді. Ол еркіндік пен теңдікті талап еткен ел ұландары – жас жігіттер қыздардың бас көтеруі еді. Ол империялық үстемдікке қарсы батыл бетпе - бет келіп, наразылық көрсетудің айқын белгісі болатын. Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар - намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттық қызығын көріп, арамызда жүр. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан - жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды, іштей терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

Д. Қонаевты орнынан босатып, Республикамыздың тізгінін еліміздің өмірінен бейхабар өзге ұлт өкілі Г. В. Колбинге сеніп тапсыруына наразылықтарын білдіріп, бірінші хатшылыққа лайық қазақ азаматтарын Мәскеудің көзге ілмеуінің мәнісін ұқпай, талап - тілектерін айтуға алаңға шыққан жастар мұншалықты аласапыранға тап боламыз деп ойлады ма екен?

Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған, халқымыздың қасіреті мен ар - намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы желтоқсан көтерілісті қазақ халқын дүние жүзіне танытты. Желтоқсан оқиғасы халқымыз үшін қайғылы да қаралы күндер болып саналмағанмен, тарихымыздың шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Оны ел санасын оятудағы, тәуелсіздікке талпынтудағы мән - маңызы өте зор.

1 - оқушы: Бекасыл.
Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
От боп жанған қазағымның жастары,
Жалынымен ерітіпті мұздарды.

2 - оқушы: Сымбат.
Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,
Еркіндікті қашанда ел көксейтін.
Қаныменен тарихтарда жазылып,
Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.
3 - оқушы; Халық.
1986 жыл 16 - желтоқсан. Ақ қар. Көк мұз. Күн күркіреп, найзағай шартылдады. Дүниенің астаң - кестеңі шықты. Қысқы жасын. Қысқы найзағай. Ағаш біткен сілкініп, балаң талдар солқылдап, жас шыбықтар майысып құлап қалды.

4 - оқушы: Арай.
Желтоқсанда,
Алматыда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда
Күңірене күн күркіреп жау жақтан
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда!
Аппақ қала, Аппақ ғалам, О, тоба!
Найзағайлар қар жалап тұр жотада,
Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,
Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.

5 - оқушы: Перизат.
Кім көріпті о заман да, бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде үрей – бөрі ұлиды,
«Болсайшы аман, мына ғалам дін аман!»

6 - оқушы: Азат.
Құдіретті жаратылыстың күңіренісі...
Желтоқсанның 16, 17, 18. Сұмдық оқиғалар,
«Ашыды жан!
Тасыды қан!
Араша!
Ит қосатын құлдың ұлы деймісің
Айбыны асқан алты алаштың баласы!»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 908
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа дағдыландыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Желтоқсан жаңғырығы
Желтоқсан жаңғырығы
Өткізгендер: Нұртазаева Қалдығыз Бегимбетова Нұргүл
Желтоқсан желі
Желтоқсан желі
Бұл тәрбие сағаты 1986 ж. 16 - 17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан туралы өлең
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының себептерін сипатын, қозғаушы күштерін, ұлттық қақтығысты таныту Отанын сүюге достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Желтоқсан құрбандарының жасаған ерлігі үшін тағзым ете білуге баулу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×