Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Күлпаш» Бейімбет Майлин

14 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Күлпаш» Бейімбет Майлин
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесі бойынша қазақ халқының ашаршылық кезіндегі тұрмысы туралы мағлұмат беру, сыныптағы оқушылардың кем дегенде 80 % берілген тапсырмаларды топта нақты орындап, сұрақтарға мағыналы толық жауап беруі, өз ойын қорытындылай алуы тиіс.
2. Өздігінен ізденіп жұмыс істеу, шығармашылық қабілетін дамыту
3. Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа, шыдамдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Кейс - стади, сұрақтары бар қорап, «Сөйлей алатын қолдар», деңгейлік тапсырмалар, ақылдың алты қалпағы
Сабақта қолданылатын технология: жобалау - конструктивті технологиясы, АКТ
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: слайд, дидактикалық материалдар, видео, рөлдік атрибуттар, түрлі - түсті қорапша, стикерлер.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар: «5» болсын алар бағамыз
Біздер тату баламыз
Өнер - білім көп оқып
Өсе берсін санамыз
Мұғалім: Сөйлетер сөзді шеберлеп
Өзіңнің ана тіліңмін
Байыптап жақсы оқысаң
Негізі менде білімнің дей келе бүгінгі ана тілі пәнінен болатын ашық сабағымызға қош келдіңіздер дейміз. Ендеше бүгінгі сабақты бастамас бұрын мына берілген суреттер арқылы топтарға орналасып алыңыздар.
Кіру парағын толтырады смайликтер арқылы, яғни сабаққа дейінгі көңіл – күйін білдіру.

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: Әр оқушының алдарына таратылып берілген «Сәйкестендіру тестін» қолданып үйге берілген «Азаттық жолында» мәтіні бойынша жалпы не ұқққандарын тексеріп, бағалау.
● «Азаттық жолында»
1. Тоқаш Бокинге қандай айып тағылды?
2. Тоқаштың анасының есімі кім?
3. Бекболат Әшекеев -
4. Айыптау қорытындысы не болды?

● Ақбалтыр
Жетісу көтерілісінің басшысы
Шабуыл жобасын сызысқан деп
Дарға асу
Зейін Шашкин

Слайдтан дұрыс нұсқасы көрсетіліп оқушылар өздерінің неше жауабы дұрыс екеніне көз жеткізіп, алдарындағы таратылып қойған арнайы бағалау парағына бағаларын қояды.

Жаңа сабаққа дайындық: слайдтан
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста болар
Ашаршылықта туған баланың
Екі көзі аста болар Қандай заманда туған баланың дейді? Ашаршылықта туған, сонда ашаршылық дегеніміз не екен? Оқушылардан бұл туралы не білетіндерін сұрау.
Енді ол туралы кеңірек түсіну үшін мына бір видеоға назарымызды аударалық.
Экраннан жалпы қазақ халқының басынан өткен ашаршылық туралы мәлімет берілетін видео көрсетіледі. 2 мин
Мұғалім видеоға біраз түсінік беріп кетеді, слайдтан анықтама беріледі:
«1930 - 1932 жылдары Қазақстан халқының саны алты миллионнан асқан болса, соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды»Сол замандағы қазақ халқына төнген қасірет туралы
Жырлағаным - кедейдің жыры
Сырлағаным - кедейдің сыры
Сырым да бір, жырым да бір -
Мендағы сол кедейдің бірі деп өлең шығарған кім екен? Иә, ол әңгіме жанрының шебері әрі ақын Бейімбет Майлин. ОЛ туралы біз не білеміз осы?
Неге автор жырлағаным да сырлағаным да кедейдің сыры деп отыр?
Оқушылар үйден автор туралы қарастырып келген мәліметтері бойынша жауап береді.
Олай болса осы тақырыпта жазған кең көлемді шығармасының тақырыбы не екен? – «Күлпаш»
Жаңа сабақ: Бағытталған оқу әдісі бойынша мәтіннің бөліктері әрбір топқа бөлініп беріледі. 3 Минут ішінде олар берілген мәтіннің үзіндісімен танысып топта талдап сұрақтар дайындайды қарсы топтарға.
Кейс - стади тәсілі бойынша топта белгіленген
1. Сарапшы - мәтіннің мазмұнының дұрыс баяндалуына, сұрақтардың дұрыс қойылып, дұрыс жауап берілуіне мән беріп қадағалап отырады. Қателескен жері болса түзетіп отыру керек.
2. Баяндаушы - берілген мәтіннің үзіндісімен басқа топтағы балаларды таныстырып баяндап беруі керек.
3. Қарсы сұрақ қоюшы - осы топтағы қойылған сұрақтарға жауап берген оқушыларға қарсы сұрақ дайындауы қажет.
4. Жол сілтеуші - бұл тапсырманы топтағы көшбасшылық қабілеті бар оқушылар орындайды, демек олар мәтіннің баяндалуына да, сұрақтардың қойылуы мен жауап берілуіне де, дұрыс бағыт беріп жол сілтеуі керек.
Мәтіннің мазмұнымен толықтай танысқаннан кейін, топтар бір бірлеріне дайындаған сұрақтарын қояды. Жауаптары тыңдалып болған соң қарсы сұрақтар қойылады. Мысалы: Топтың сұрағы - Үйдің іші қандай еді? Үй суық. Жыртық терезеден кірген ызғырық шекеден шыққандай. Шекеден шыққандай деген не? т. с. с

Сергіту сәті жасалады
«Сөйлей алатын қолдар»
Жаңа сабақты бекіту: Сөздікпен жұмыс
Өрім - өрім - тозған, жыртылған
Бөкебай - басқа жамылатын шәлі
Ызғырық - суық жел
Өлмелі кедей - өте кедей

Нашар оқитын оқушыға оқулықта берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастыруға тапсырма беріледі.
Сұрақтары бар қораптың ішінен бірнеше сұрақтар таратылып беріледі.
Бұл жерде «Ақылдың алты қалпағы» әдісін қолданамын. Яғни, сұрақтар алты қалпақтың түсінің сұрақтарына сай болады.
Дарынды, үздік оқитын оқушыға математикалық сұрақ беріледі. Мысалы: Қазіргі қазақ халқының саны он алты миллион болса, ашаршылық заманындағы аштықтан екі миллион адам қырылмаса қазір қазақ халқының саны қанша болар еді?

Сабақты қорытындылау: Жобалау - конструктивті технологиясын қолданып берілген сызба бойынша бүгінгі сабақта өткен тақырыпты қорытындылайды.
Мысалы:

Үйге тапсырма: мәтіннің мазмұнын өз сөздерімен баяндау, суретін салу, бөлімдерге ат қою.
Бағалау
«Баспалдақ» тәсілін қолданып өзіні - өзі бағалайды. Мысалы: өзі тақырыпты қаншалықты түсінді және үй тапсырмасын нешеге орындады?
Жақсы ұқтым дұрыс орындадым - 5
Орташа болса - 4
Нашар десе - 3
Мүлдем ештеме ұқпадым - 2
4 329
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күлпаш
Күлпаш
Бейімбет Майлин туралы түсінік беру. Күлпаш әңгімесін талдап мазмұнынашу. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін айту, оны дәлелдей білу
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Күлпаш
Күлпаш
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №5 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Аженова Құралай Рахматовна
Күлпаш. Бейімбет Майлин
Күлпаш. Бейімбет Майлин
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Бекетова Балжан Байгерейқызы
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
Жалмуханова Балауса Хоныспаевна Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Атырау қаласы
Бейімбет Майлин "Күлпаш"
Бейімбет Майлин "Күлпаш"
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мадиева Гулжан Қуанышқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×