Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күлпаш

08 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№5 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Аженова Құралай Рахматовна

Тақырыбы: Күлпаш
Сабақтың міндеттері:
1. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәлелдеуге, эмоционалдық қарым - қатынасын көрсете білуге үйрету.
2. Оқу және оқырмандық дағдыларын қалыптастыру.
3. Өткен өмірді, тарихты білу, елінің азаматтарын қадірлеуге, оларды құрметтеуге, еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, сұрақ – жауап, талдау, топпен жұмыс, әңгімелеу, ой толғаныс.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақты, слайд, Б. Майлин портреті, жазба қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. а) топқа бөлу
ә) ой ашар
2. Үй тапсырмасын тексеру.
З. Шашкиннің «Азаттық жолында»
1 – 2 оқушыдан мазмұнын сұрау.
Үй тапсырмасын “Бәйге”ойыны арқылы пысықтау
Сұрақтар:
1. Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам? (60)
2. Түрмеде оған қандай айып тағылды? (50)
3. Тоқашқа жолығуға кім келді? (10)
4. Мәтіннен Тоқаштың анасына айтқан сөзін тауып оқы? (20)
5. Айыптаудың қорытындысы не болды? (40)
6. Тоқашты кіммен тығыз байланыста болды деді? (30)
7. Түрмеге анасымен бірге кім келді? (10)
8. Тоқаш айыптау қорытындысымен неше күннен кейін танысты? (30)
9. Зарлы дауыс кімнің даусы? (20)
4. Жаңа сабақ
а/ Кіріспе әңгіме.
- Балалар, мына кісіні танимыз ба? (Бейімбет Майлин)
- Ендеше, біз бүгін Б. Майлиннің «Күлпаш» мәтінін оқимыз. Алдымен автормен танысып алайық.

ІІ. Мағынаны тану
- Балалар, қазір біз «Күлпаш» жайлы мәтін оқимыз. Бұл мәтін 1930 – 1932 жылдары Қазақстан халқының саны 6 миллионнан асқан болса, соның 2 миллионнан астамы аштықтан қырылды. Сондықтанда мәтінмен таныспас үшін «Ашаршылық» туралы ойлаймыз. Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап аламыз. Сонан соң 5 минут ішінде жұптарыңмен ашаршылық туралы не білетіндерін туралы тізім жасайсыңдар. Көбірек жазғандарың маңызды. (Олардың ойларын қағазға түсіремін)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар ашаршылық деген жоқшылық, сол замандағы адамдардың күн көріс деңгейлерінің өте төмен болуы. Өлместің күнің кешуі.
- Жақсы енді сендер мәтіннің қалай өрбитінін білгілерің келеді ме? Олай болса оқулығымызды ашып, мәтінді толық оқимыз.
Оқу барысында сендерге мынадай тапсырмалар жүктеледі.
ә) Сергіту сәті
Жаттығу жасату
б) Оқулықпен жұмыс.
1. Егер оқу барысында мағынасы түсініксіз сөздер кездесетін болса, сол сөздердің астын сызып отырамыз.
2. Сөздік жұмыс
Өрім – өрім – тозған, жыртылған
Бөкебай – басқа жамылатын шәлі
Ызғырық – суық жел
Өлмелі кедей – өте кедей
3. Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
4. Ой толғау.
Тапсырмалармен жұмыс
- Мәтін кейіпкерлері?
- Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
- «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» деп отырған секілді қалай түсінесің?
- Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
- Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?
5. Оқулықтағы суретпен жұмыс
- Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?
- Мәтіндегі қарамен ерекшеленген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құру.

ІІІ. Ой толғаныс.
6. Дәптермен жұмыс
Топпен жұмыс
Бұл тапсырма дәптерде орындалады. 3 топқа тапсырма беріледі. Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды.

1 - топ.
Сен қандай заманда өсіп келесің?
2 - топ.
Мақтымның отбасын асырауына не кедергі болды?
3 - топ
Мақтым, Күлпаш, Қалидің көрген азабы туралы әңгімелеңдер.

7. «Галереяға саяхат» әр топ салған суреттерін қорғайды.
8. Қорытынды
Венн диаграммасы

● Қали өмір сүрген заман
● Қазіргі бейбіт заман қазақ елі, жері

9. Үйге тапсырма
Мәнерлеп оқу. Бөлімдерге ат қою
10. Бағалау
9 231
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күлпаш
Күлпаш
Бейімбет Майлин туралы түсінік беру. Күлпаш әңгімесін талдап мазмұнынашу. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін айту, оны дәлелдей білу
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Күлпаш. Бейімбет Майлин
Күлпаш. Бейімбет Майлин
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Бекетова Балжан Байгерейқызы
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ – нің математика пәні мұғалімі Жанибекова Алия
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
Жалмуханова Балауса Хоныспаевна Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Атырау қаласы
Бейімбет Майлин "Күлпаш"
Бейімбет Майлин "Күлпаш"
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мадиева Гулжан Қуанышқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×