Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалаң және жайылма сөйлем

31 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жай сөйлемнің түрлерін ажырата білуге, сызба бойынша сөйлем құрауға және сөйлем мүшелеріне талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: Жайылма сөйлемдерді салыстыру, бір - бірінен қандай айырмашылығы бар екенін айтқызу, сөйлем мүшелеріне талдау, сызба бойынша сөйлем құрау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлтына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, слайдтар, сызбалар, деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары, семантикалық карта, ашық журнал.
Пән аралық байланыс: Өмірмен байланыстыру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Бәйге сұрақтары»
1. Жай сөйлем дегеніміз не? Олардың түрлерін ата.
2. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
3. Жайылма сөйлем дегеніміз не?
Осы сұрақтарға жауапты дұрыс бере алсақ жасырын тұрған сөздерді оқи аламыз. (слайдта тұр) Ол сөз бүгінгі сабағымыздың ұраны болмақ.

Қазақстан тәуелсіздігіне - 20 жыл.
Қазақстанда тойланып жатқан тәуелсіздік мерекесіне бізде үлесімізді қосатынымызды айтып өту.
Тәуелсіздік – ел тілегі.
Биыл Қазақстанның – еркін, егеменді мемлекет болғанына 20 жыл толды. Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі.
Ана тілі! Біз үшін ең қасиетті сөз. Өйткені бұл ата - бабамыздың, әке - шешеміздің тілі.
Слайдтан көрсету.

«Ой қозғау» стратегиясы
84 - жаттығу *Екі бағандағы жайылма сөйлемдерді салыстырып, бір - бірінен қандай өзгешелігі барын айтып көр.
Ауылдан атам келді. -------- Ауылдан нағашы атам келді.
Нұржан қар күреді. --------- Нұржан қарды күрекпен күреді.
Мал өрістен келді. ---------- Мал өрістен ерте келді.
Күлән су әкелді. ------------- Күлән суды құдықтан әкелді.

І деңгей
85 - жаттығу Жайылма сөйлемдерді оқып, сөйлем мүшелеріне талда,
сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.
Әжем жүнді түтті. Жүннен жіп иірді.

«Кім жылдам?» ойыны
86 - жаттығу. Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз.
1.
2.
3.
Жазған сөйлемдерің жай сөйлемнің қай түрі екенін айт.
Сергіту сәті:
ІІ деңгей
Есте сақтау диктанты
87 - жаттығу Жұмбақты оқып, жатқа жаз.
Түнде күндіз болды.
Жерге жұлдыз қонды.
*Жай сөйлемнің түрлеріне ажырат.
*Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 444
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң және жайылма сөйлем презентация
Жалаң және жайылма сөйлем презентация
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімді жетілдіріп, сауатты және көркем жазуға дағдылану 1-тапсырма: 1. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызба арқылы сызып көрсет. Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш Президент 2. Қима қағаздармен жұмыс
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем туралы берілген білімді кеңейту, бекіту. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Ақтау қаласы, №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тастанбекова М. К.
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Мұқтарқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×