Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем

03 маусым 2013, Дүйсенбі
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем

Мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға құрмалас сөйлем туралы алғашқы мағлұмат беру. Құрмалас сөйлемнің екі жай сөйлемнен құралатынын аңғартып, мысалдар арқылы айтылуындағы айырмашылықтарына көз жеткізу.
ә) дамытушылық: жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасау
және құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.
б) тәрбиелік: адамгершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, тірек - сызба, интерактивті тақта

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық: Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену,
«5»ке қолды жеткізу.

2) Үй жұмысын тексеру. а) 146 - жаттығу.
Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау, байланысын сызбамен көрсету. Біз хат жаздық.
ә) Сұрақтар: 1. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
2. Жайылма сөйлем дегеніміз не?
б) «Ұстазды атаңдай сыйла» мақалының мағынасын түсіндір.
в) Сергіту сәті.
3) Жаңа сабақ. «Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем»
а) Кестемен жұмыс. Ауызша талдау. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Жай сөйлем
Күн жылынды. Қар еріді.
Жер көгерді. Мал өріске шықты.
Құрмалас сөйлем
Күн жылынды да, қар еріді.
Жер көгерді де, мал өріске шықты.
ә) Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу «Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда.»
б) Оқулықпен жұмыс. Ережені оқу. «Венн» көрсетуі.

Деңгейлік тапсырмалар
1 - деңгей
150 - жаттығу
Алдымен сол жақ бағандағы, содан соң оң жақ бағандағы сөйлемдерді оқып, салыстыру. Олардың қандай айырмашылықтары
барын айту.

Жай сөйлем
Күн ұзарды. Түн қысқарды.
Қыс түсті. Төңіректі түгел қар басты.

Құрмалас сөйлем
Күн ұзарды да, түн қысқарды.
Қыс түсті де, төңіректі түгел қар басты.
Дидактикалық ойын: «Сипаттап атын айт»

2 - деңгей
151 - жаттығу
Өлеңді оқып, құрмалас сөйлемдерді табу. Әр құрмалас сөйлемде
неше жай сөйлем бар екенін айт. Құрмалас сөйлемді жай сөйлемге
айналдыр.
Мұзайдында
Айналам - айдын сырғанақ,
Мен келем зу - зу сырғанап.
Әжемше көктен сығалап,
Күнім де маған тұр қарап.

3 - деңгей
Шығармашылық жұмыс.
1. «Құрылысшылар» сөзін сөз құрамына талдау.
2.
Сызба бойынша сөйлем құрау, сөйлем мүшесіне талдау.
3. «Ауыл» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
4. «Оң қол мен сол қол» сергіту ойыны.
4) Жаңа сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта біз не үйрендік?
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем қалай жасалады?
- Құрмалас сөйлемге мысал келтір.

Сабақты тірек - сызбамен қорыту:
Сөйлем

Хабарлы
Лепті
Сұраулы

Сөйлем

Жалаң
Жайылма

Сөйлем

Жай сөйлем
Құрмалас сөйлем

5) Үйге тапсырма 152 - жаттығу. «Жай және құрмалас сөйлем» ережесін жаттау.
6) Оқушыларды бағалау. Жинаған балын есептеу.
45 199
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзіңді – өзің тексер
Өзіңді – өзің тексер
Сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелер туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, пысықтау және қайталау.
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; құрмалас сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыру; Құрмалас сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×