Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қаһарман қызы қазақтың (Хиуаз Доспанова туралы тәрбие сағаты)

02 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қаһарман қызы қазақтың (Хиуаз Доспанова туралы тәрбие сағаты)

Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, соның ішінде қазақ қыздарының да Отан үшін жан қиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кинодан үзінді, суретті слайдтар, кітаптар көрмесі, буклеттер, үнтаспа.

Барысы:
Мұғалім сөзі:
Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз. Соғыс 1941ж – 1945 жылы аяқталды. Бұл сұм соғыс төрт жылға созылды. Осы сәтті сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап күтті. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Иықтарына қару асынып, Отан үшін от кешіп, жанын пида еткен миллиондаған асыл азаматтар қаза болды. Қаншама ана жарынан айырылып, қаншама бала әкесінен, анасынан айырылып жетім қалды. Ал тылда қалған қарттар, әйелдер, бесіктен белі шықпаған балалар, бірде аш, бірде тоқ күн демей, түн демей еңбек етті. Олардың тілегі орындалды. Себебі олардың Отанға деген сүйіспеншілігі жеңіске жеткізді.
1941 – соғыс жылы
Июньнің 22 – сіне басқан күні
Елімді басып алмақ арам оймен
Германның соғыс ашты сұмырай ұлы
Туған соң қауіп – қатер біздің елге
Жинады қалдырмастан ат пен ерді
Көп жасын Қазақстан жинап алып,
Ленинград қаласына алып келді
«Жеңіске жеткен қуанышқа кенелді, ал жетпеген арманда кетті. Отан соғысында өлгендердің есімін ешқашан ұмытпайық! Өлгенді ардақтай білген ғана тіріні құрметтей алады», - деп Б. Момышұлы айтқандай біз үшін бейбіт өмір сыйлаған, соғыс құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
(«Священная война» әуеніне кинодан үзінді)

Әли: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды. Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде

Диана: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 млн. халық тұратын еді. Осы жылдары республикадан еңбек армиясына жеті жүз мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды. Олардың ішінде 42508 атыраулық жауынгерлер және Хиуаз Доспанова да болды.

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Қаһарман қызы қазақтың» деп аталады, яғни Хиуаз Доспанова туралы әңгіме қозғамақпыз.

Жадыра: Х. Қ. Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Құрманғазы ауданындағы Зормата ауылында дүниеге келген. Ол өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін Саратовтағы әскери ұшқыштар училищесінде ұстазы, ұшқыш Марина Раскова басқарған 46 шы гвардиялық полкінің құрамында жүріп 300 ден астам әуе шайқастарына қатысқан Х. Доспанова сол кездің өзінде теңдесіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 268
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі
Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі
Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр бабалар мен туған жер топырағынан соғысқа қатысып, Отанын қорғаған ардагер - майдангерлерді еске алу.
Қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлы
Қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлы
Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұту.
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеуді үйрету, батырларымызды еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова
Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Горный ЖББОМ" КММ Жағыпарова Арай Бақытқызы
Жеңіс көктемі
Жеңіс көктемі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Беларан ауылдық округі, №77 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазбағанбетова Жанна Байкаловна
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ!
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ!
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×