Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеңіс көктемі

17 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жеңіс көктемі (Тыл ардагерлерімен кездесу)
Мақсаты: Тыл ардагерлермен сұхбаттаса отырып, өмір жолдарын жас ұрпақтарға үлгі ету. Қазақстанның қаһарман батырлары туралы жан - жақты мағлұмат беру. Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру. Елін, жерін, Отанын қорғауға, оны әрдайым сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Ұлы Жеңіске арналып жазылған ерлік, батырлық туралы нақыл сөздер, слайд - презентация, буклеттер, плакаттар.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Кіріспе сөз
Жүргізуші: - Құрметті де ардақты ардагерлер! Қымбатты ұстаздар, оқушылар, көрермен қауым 9 мамыр Жеңіс күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге бейбіт өмір, ұзақ ғұмыр тілейміз! Әрқашан аспандарыңыз ашық, соғыс атаулы қашық болсын! Бүгінгі мереке соғыс ардагерлеріне, өздерінің қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдағандарға қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір отбасына, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты өмір әперген ұлы Жеңіске арналады. Биыл, біз Ұлы Жеңіс мерекесінің 69 жылдығын тойлаймыз.

Жеңіс… Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сарыла сағаттап күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен, анасынан айырылып жетім атанды. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы - қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ, ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезімі, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. Отан үшін от кешіп, қан майданда жанын пида еткен, туған жерінен топырақ бұйырмай, жат елде мүрделері қалған боздақтар рухына бас иіп бір минут еске түсірейік.
(1 минут үнсіздік жарияланады.)
Тыл ардагерлерімен кездесу кешін ашып беру үшін сөз ауыл әкімі Досжан мырзаға беріледі.

Баяндама. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» Оқитын: -----------------------------------
Видеоклип

Соғыс деген не? Оқитын: ---------------------------
Жүргізуші: Тарихи деректерге қарағанда 1941 - 1945 соғыс жылдарында 1 миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған екен. Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Мұның елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі. Әскерге алынған қыздар соғыс техникалары мен құралдарын жетік меңгерген. Шайқастарда ерлік көрсетіп халқының абыройын асырды, елінің даңқын шығарды. От пен оқтың арасында жүріп жаралыларды өлімнен құтқарды. Олар – Хиуаз Доспанова, Зоя Досбергенова, Райхан Ибраева, Гүлнұр Сейдалина, Роза Момынова, Жәния Берниязова, София Шияпова, Мафғидаш Шынтемірова, Фазила Темірәлиевалар еді.
Ән. «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» Орындайтын: Аликулова Айзат

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 218
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бәрімізге ортақ – Жеңіс!
Бәрімізге ортақ – Жеңіс!
Балаларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру.
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Жеңіс күні - ұлы күн!
Жеңіс күні - ұлы күн!
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың, жерлестеріміздің ерлік істерімен таныстыру, үлгі ету, батыр тұлғалар ерлігіне терең үңіле отырып оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу.
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы. Ересектер тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат
Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектеп мұғалімі Ізтілеуова Замзагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×