Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пайдалы қазбалардың түрлері

17 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Нүсіпбекова Г.Ш
Дүниетану 3 сынып
Тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері
Мақсаты:
Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: карта, слайд, суреттер, құрастырмалар.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме балалар!
- Көңіл - күйлерің қалай? Сабаққа дайынсыңдар ма? Бүгінгі дүниетану сабағын сендерге мен беремін Менің аты - жөнім: Ақбота Мейрамқызы.

Психологиялық дайындық:
- Бүгінгі сабаққа одан да жақсы көңіл күйімен қатысу үшін сендермен бір ойын ойнайық.
- Ойынымыздың аты «менің - саған» деп аталады.
- Шарты бойынша балалар сендер орындарында отырып, көздеріңді жұмып, әуенді тыңдап отырасыңдар. Мен сендердің біреулерінің қолына күнің көзін тастаймын.
- Кімнің қолында күнің көзі тұрса, сол бала сыныбына жақсы тілек айтады.
- Дайынсыңдар ма балалар?
- Ендеше бастайық!
- Жарайсыңдар балалар!
Ауа - райын бақылау: - Балалар сабақты бастамас бұрын бүгінгі ауа - райын бақылайық.
- Балалар, аспаның күйі қандай бүгін?
- Ал ауаның температурасы?
- Жел бағыты?
- Судың күйі?
- Жарайсыңдар балалар.

Үй тапсырмасын тексеру:
- Балалар үйге не берілді?
Сендерге үйден пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы мәтінін оқып келу берілген болатын.
- Дұрыс балалар, ендеше барлығың тақтаға назар аударыңдар! Тақтада адамдардың суреттері тұр, ол адамдарға пайдалы қазбалар керек. Ол пайдалы қазбаларды оларға алып беру үшін біз Қармақ ойынын ойнаймыз. Адамдарға мынау тұрған пайдалы қазбаларды қармақпен аулау арқылы адамдарға береміз. Ол пайдалы қазбалардың арттарында сұрақтар бар, сол сұрақтарға жауап беру арқылы біз үй жұмысын қайталаймыз.
- Дайын болсаңдар бастайық.

Сұрақтар:
1. Үй, зауыт, фабрика құрылыстарын салу үшін көп мөлшерде не жұмсалады? Тас, құм, саз, әк
2. Металл не жасау үшін керек? Машиналар, ұшақ пен кеме, темір жол, көпір салу үшін.
3. Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын не деп атайды? Пайдалы қазбалар
4. Адам күнделікті тұрмыста пайдаланатын пайдалы қазбаларды ата? Тұз
5. Ас тұзын қайдан алады? Тұзды көлдердің түбінен алады
6. Ең алдымен үй жасау үшін не істейді? Іргетасы құйылады
7. Іргетастың үстіне не қаланады? Кірпіш
8. Қандай пайдалы қазбаларды білесің атап шық? Мұнай, газ, тұз...
9. Металды қайдан алады? Жер қойнауынан өндіретін кеннен айырып алады.
- Тамаша, балалар, үй жұмысына жақсы дайындалып келіпсіңдер
Тақырыпты ашу: Тақтада не көріп тұрсыңдар?
- Ия балалар суреттер. Ол суреттер: мұнай, газ, тас, темір, көмір... Мұның бәрі не деп аталатыны білесіңдер ме?
- Дұрыс айтасыңдар! Пайдалы қазбалардың түрлері.

Жаңа сабақ: Пайдалы қазбалар дегеніміз – жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын атайды. Пайдалы қазбалардың түрлері өте көп. Олар қолданылуына қарай негізгі үш топқа бөлінеді:
1. Жанғыш пайдалы қазбалар.
2. Кенді пайдалы қазбалар.
3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
- Жанғыш пайдалы қазбаларға: тас көмір, мұнай, газ жатады. Тас көмірдің аса ірі кен орны – Қарағанды Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 923
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру
Жанғыш пайдалы қазбалар
Жанғыш пайдалы қазбалар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Гулбану Сагынбаевна
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Бастауыш сынып мұғалімі Амантаева Айсұлу
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 13 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×