Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пайдалы қазбалардың түрлері

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Пайдалы қазбалар туралы мағлұмат беру
Білімділік: Падалы қазбалардың қасиеттері, өндіру жолдары, қолданылатын салалары туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық қабілетін, шығармашылық белсенділігін дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы, пайдалы қазбалар топтамасы, сызбалар
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық
Туып өскен даламыз
Біздің мәңгі панамыз.
Туған жерге құрметпен,
Қамқорлықпен қараңыз.

ІІ. Ой шақыру
- Пайдалы қазба деген не? Неге олай аталады?
- Пайдалы қазбалар қандай екі топқа бөлінеді?
- Бүгінгі сабақ тақырыбына қарап не туралы айтылады деп ойлайсыздар?
- Балалар, расында да тақырыпқа байланысты пайдалы қазбалар түрлері туралы мағлұмат алады екенбіз.
Пайдалы қазбалар түрлері:
Жанғыш: мұнай, газ
Кенді: алюминий, мәрмәр, мыс, қорғасын
Кенсіз: гранит, әктас, құм, саз

ІІІ. Оқулықпен жұмыс: мәтінді оқу, пайдалы қазбалардың тобын көрсету.
Пайдалы қазбаларға жоспар бойынша сипаттама беру 3 топқа бөліп орындалады.
1 топ – атауы;
2 топ – қасиеттеріне тоқталу;
3 топ – маңызы, қолданылуы.

IV. Шығармашылық тапсырма:
Орындары ауыстырылып көрсетілген пайдалы қазбалар мен олардың қасиеттерін бағыттық сызықпен қосу, « орнын табу»
Мұнай ------------- жылтыр, қатты, суға батады
Көмір -------------- құбырмен жіберіледі, ілеспе түрі бар
Гранит ------------- қатты, кенді
Темір -------------- шпат, кварц, слюдадан тұрады.
Газ ------------------ сұйық, жанғыш

V. Картамен жұмыс:
- Пайдалы қазбалардың орналасқан жерін, шартты белгілер бойынша көрсету. Қазақстанда планетамыздағы бар пайдалы қазбалар түгел табылатындығына тоқтала келе өз облысымызда гипс, құрылыс шикізаты, бор, алюминий, мұнай, темір, мыс, хром, фосфорит, никель, минералдық тұздар т. б. өндірілетіндігі жөнінде мағлұмат беру.

VI. Ой толғаныс
- Пайдалы қазбалардың түрлеріне нелер жатады?
- Өзіміз тұратын жерде қандай пайдалы қазбалар бар?
VIІ. Үйге тапсырма беру
«Пайдалы қазбалардың түрлері» тақырыбын оқу, өз сөзімен әңгімелеу, сұрақтарға жауап беру.
17 382
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалар қайдан алынатыны жайлы мағлұмат алады. Олардың қасиеттері мен салалары туралы біледі.
Жанғыш пайдалы қазбалар
Жанғыш пайдалы қазбалар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Гулбану Сагынбаевна
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 13 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна Пәні: Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×