Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Г дыбысы мен әріпі

20 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы,
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Имашева Асем Меирлиевна

1 сыныптарға арналған
Сабақ тақырыбы: Г г дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға Г г дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі г дыбысының ерекшелігін меңгерту, г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. 2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту арқылы тіл байлықтарын дамыту. 3. Тәрбиелілігі: Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, рольге бөлу, ой қозғау, сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын, т. б
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, гүлдер.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабаққа оралу
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Бекіту
V. Үйге тапсырма
VI. Қорытындылау

І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап - таза
Борда дайын тақтада
Денемізді жинақтап,
Отырайық партаға.

ІІ. Өткен сабаққа оралу
а) – Қандай тапсырма берілді?
- Кім кінәлі? Өлеңі.
(рөлге бөліп ойнату, қара сөзбен мазмұнын сұрау)
ә) – Қандай дыбыспен таныстық?
– Ү дыбысымен
- Ү қандай дыбыс?
– дауысты, жіңішке
2. Бекіту сұрақтары
Сұрақтарға жауап беру арқылы гүлдің күлтешелерін қойып сурет шығару
1. Жалпы дыбыстар нешеге бөлінеді?
- 2 - ге, дауысты, дауыссыз
2. Дыбысты не істейміз?
- естиміз, айтамыз.
3. Әріпті не істейміз?
- көреміз, жазамыз
4. Әріптерден не құралады?
- сөз
5. Сөзден не құралады?
- сөйлем
6. Сөйлем қандай әріппен жазылады?
- бас әріппен
7. Сөйлемдерден не құралады?
- мәтін
- Тақтаға қарайықшы. Ненің суреті шықты?
Ал осы гүлдің артында не бар екен көргілерің келе ме?

III. Жаңа сабақ
Жаңа сабағымызда біз саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Ендеше кеттік.
Видео жазбадан «Ғажайыпстанға саяхат» мультфильмін көрсету
Елдос пен Аяжан Білімпаз атаға барады. Білімпаз атадан тағы да бір дыбыспен танысқылары келетіндіктерін сұрайды. Білімпаз ата оларға «Гг» дыбысын таныстырады.
Гі - гі айту
Г дыбысы туралы түсінік
1. дауыссыз дыбыс
2. Сөздің басында кездеседі
3. Сөздің ортасында кездеседі
4. Тіл арқылы жасалады
5. Ой қозғау
Гүл – әсемдік символы. Гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде бір - бірімізге сыйлаймыз.
Балалар орманға барады. Ормандағы тапсырмалар
3. Бағандағы сөздермен жұмыс
Елдос пен Аяжан ары қарай қайда барады екен соны көрейік.(орманға келеді)
Балалар панда жоғалып кетіпті, соны орман ішінен іздеп көрейік. Ол үшін сендер мына тапсырманы орындауларың керек.
Егін – егіс алқабы, бидай егетін алқап
Егеу – үй шаруасында қолданылатын құрал
Егіз – бірге туған екі адам
Сегіз – сан, жетіден кейін келетін (математикада алдынғы уақытта өтеміз)
Кереге – киіз үйдің бөлігі (шаңырақ, уық, кереге)
Бетеге – шөптесін өсімдік (бетегеден биік, жусаннан аласа)
Шеге – үй шаруашылығына пайдаланатын ағаш қағатын зат
Неге – сұрақ
Шеңгел – тікенді өсімдік
Мезгіл – уақыт, жылдың төрт мезгілі бар (Суреттермен көрсету)
Мұнда жоқ болып шықты. Енді қайда барамыз?
Өзенге барайық.
Ал ендеше өзенге де келдік. Суда немен жүреміз? Енді суды қарау үшін мына тапсырмаларды орындайық. Жоғалған әріптердің арасында жоқ па екен?
4.«Жоғалған әріпті тап» ойыны
Ше.. е, не.. е, е.. еу, се.. із, кө.. ершін, мез.. іл, Ай.. үл,.. үл, ерте.. і, дәрі.. ер, е.. еу, е.. ін, кере.. е.
Панда өзенде де жоқ болып шықты. Шаршадыңдар ма? Қане сергту сәтін жасап, демалып алайық.
5. Сергіту сәті
(Видео жазбадағы жаттағуларды қайталау арқылы сергіту сәтін жасау)
Енді қайдан іздесек болады? Аспанға барып іздеп көрейік. Аспанға немен барамыз? Ұшақпен
6. Дыбыстық талдау жасау
Күріш, күн, егін, шеге, гүл.
Мұнда да жоқ екен. Тауды қарап көрсек қайтеді?
7. «Ақ көгершін» өлеңімен танысу (мағынасын ашу, оқыту)
Әлде хайуанаттар бағына кетіп қалды ма екен? Ол жақтан да іздеп көрейік?
8. Дәптермен жұмыс
Ауда жазу.
Бас әріп, кіші әрпін жазу
Ешқайда жоқ. Адасқан буындардың арасында жоқ па екен қарап көрейікші.
9. «Адасқан буын» ойыны
Үй рек, са ғат, қа ла, еш кі, сыз ғыш, пар та.
Барлық жерлерді қарап шықтық. Панда еш жерде жоқ. Енді орманды тағы да бір рет қарап шығайықшы. Мүмкін көп ағаштардың арасында адасып қалған шығар. Мүмкін қарақшылар орманда ағашқа байлап кетті ме екен? Сендерге хат келіпті. Онда: «Егер сендер барлықтарың мына кітаптағы суреттерді оқып шықсаңдар ол табылады» деп жазылған екен.
10. Оқулықпен жұмыс (тізбектеп оқыту )
Міне енді біз Елдос пен Аяжанға көмектестік. Панда да табылды. Саяхаттап та қайттық. Қандай жерлерге бардық? (Орманға, тауға, өзенге, аспанға, хайуанаттар бағына)

IV. Бекіту
Аналарға сыйлайтын
Аралар бал жинайтын
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын. ( гүл )
Тақтаға қараңдаршы ненің суреттері көрсетілген. Мен қазір сабаққа жақсы қатысқандарға қызыл, ал орташа қатысқандарға сары түсті гүлдер беремін.

V. Үйге тапсырма
Бағандағы сөздерді оқу.
VI. Қорытынды
« Ақ көгершін» әнін тыңдау
5 848
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі ш дыбысының ерекшелігін меңгерту, ш дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету. Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ң дыбысы мен әрпі
Ң дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×