Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ш дыбысы мен әрпі

11 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу
Тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Шш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі ш дыбысының ерекшелігін меңгерту, ш дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіріп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Күтілетін нәтиже: Шш дыбысы мен әрпімен танысады. Айту барысында дауыссыз дыбыс екеніне көздерін жеткізеді. Берілген сөздерді оқиды, жаза алады. Шығармашылық қабілеттері дамиды.
Сабақтың түрі, әдістері: «Дәстүрден тыс сәлемдесу» «Топтастыру», «Айналым бекеті», «Сөздер банкасы», «Сұрақты қағып ал»,
Дерек көздері: Әдістемелік құрал, ғаламтор
Қажетті құрал - жабдықтар: Кеспе әріптер, суреттер, буындар,, Шана, шар, шаңырақ суреттері.

1. Ұйымдастыру кезеңі
«Дәстүрден тыс сәлемдесу» тренингі
Топтастыру
Балаларды жұлдызшалар арқылы топтастыру.

Қызығушылықтарын ояту
«Сұрақты қағып ал» әдісі
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
4. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

2. Мағынаны тану
3. Жаңа сабақты түсіндіру
«Миға шабуыл»
1топ:
Шыршалы орманның суреті беріліп, ормандағы ағаштар қалай аталады?
деген сұрақ қойылды.
2топ:
Шанамен ойнап жүрген балалардың суреті берілді, бұл көлік қалай аталады? сұрағы қойылды.
3топ:
Шағаланың суда ұшып жүрген суреті берілді, Бұл құс қалай аталады? суреттерін беріп сұрақтарға жауап алынды.

1. Осы сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
Ш дыбысы
Ш дыбысы дауыссыз дыбыс. Ш дыбысының баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

«Айналым бекеті» әдісі арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
1 - бекеттің тапсырмасы
Берілген суреттерді атап, сол сөздерді буынға бөлу.
2 - бекеттің тапсырмасы
Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.
3 - бекеттің тапсырмасы
Кеспе әріптерден сөздер құрау
Оқушылардың жұмысы қорытындыланып, формативті бағаланды

Сергіту сәті Әуен арқылы қимыл қозғалыстар жасау
«Қара жорға» биі

Әліппе дәптермен жұмыс

Әліппе дәптердегі Ш әрпін жазу
Ша, аша, шана, шар

3. Ой толғаныс (топтық жұмыс) 1 топ
1. Әріптердің ішінен Ш дыбысын тауып қоршау
2 топ
2. Сөздерге сәйкес суреттерді тап, оларды сызық арқылы қос.
3 топ
3. Сөздерді қайталап жаз. (бормен еденге жазу)
Шар, шана, аша, шаш, Шара

Балалар күлегештер арқылы бағаланды, топтағы балалар бірін - бірі бағалады.

Сабақты қорытындылау
«Сөздер банкісі» әдісі
Тапсырмасы: Әр топқа кеспе әріптер таратылады, өтілген әріптерді тауып, сөздер банкасына салу керек.
Әр топ шыршалар арқылы формативті бағаланды
Рефлексия
Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Қандай жұмыстар жасау ұнады?
Сабақта қандай әрекет жасау ұнады?

Ш дыбысы мен әрпі. жүктеу
8 585
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
«Ш» дыбысы және әрпі
«Ш» дыбысы және әрпі
Мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту).
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ң дыбысы мен әрпі
Ң дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×