Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


7 саны мен цифры

27 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты:
1) Білімділігі: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтап, жеті 7 санымен таныстыру, дұрыс жазуға үйрету.
2) Дамытушылығы: Есептеу қабілеттерін дамыту;
3) Тәрбиелігі: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сандар, суреттер, плакаттар, кеспе қағаздар
.. Әдісі: түсіндіру, ойындар, есептеу. Пәнаралық байланыс: дүниетану, сауат ашу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «сіз»
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
II. Өткен сабақты қорыту.
6=3+2+1 6=4+2 6=5+1
6=3+3 6=2+1+3
III. Ой қозғау.
Алқаптағы бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
- Қазір жылдың қай мезгілі?(Күз)
Күз мезгілінде диқаншылар егін жинайды. Бақта жемістерді, бақшада көкөністерді жинайды. Қысқа азық болу үшін жинаймыз. Оған қаншама адамның еңбегі жұмсалады. Міне бүгінгі сабақ киелі деп аталады.
IV. Жаңа сабақ. 7 санымен таныстыру
7 саны - тақ сан
7 саны - киелі сан: жеті ата, жеті қазына, жеті қарақшы, жеті нан.
7 күн - дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
V. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
қыркүйек қазан қараша
№1 Сурет бойынша теңдік құру .(Сәбіз жинау)
1 - топ 2 - топ 3 - топ
6+1=7 5+1=6 4+3=7
1+6=7 5+2= 7 3+4=7
7 - 1=6 7 - 2=5 7 - 3=4
7 - 6=1 7 - 5=2 7 - 3=4
№2 сандардың көршілерін табу.
0 2 5 7 4 6 3 5
VI. Дәптермен жұмыс.
№1 7санын жазу
№3. Теңсіздік құру.(Жеміс жинау)
4 * 3 3 * 2 4 * 2
№5. Кесінді өлшеу. Салыстыру. 6см * 7см
VII. Сергіту сәті.
Бір, екі, үш
Біз есепке салдық күш.
«Артық»десе қосамыз.
«Кем»десе аламыз,
Есепке күш саламыз.
Жұмбақ есептер:
1. Он саусақтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда үшеуі
Өз қолыңда қалады?(Жетеуі)
2. Бесбайда бар бес іні, Естайда бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні
Неше екен шешуі.?(Жетеу)
3. Тал басында тізіліп,
Жеті жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Түсті оның екеуі,
Тұр енді әлі ілініп,
Жапырақтың нешеуі?(Бесеуі)
VIII. Сабақты қорыту.
Моншақтарды жіпке тізу.(Құлпынай жинау)
4+2+1= 7 1+3+3= 7 5+2+0 = 7 5+1+1 =7
Жеті айырмашылығын табу. Жеті қандай сан?
Киелі сан
7 Тақ сан
Алтыдан кейін тұрады
IX. Бағалау. «Кім жемісті көп жинайды?»ойыны. Қай топтың жемісі көп болса, сыйлық беру.
Мадақтау. Үйге тапсырма:№6
4 849
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
7 саны және цифры.
7 саны және цифры.
Оқушыларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау, өрнек құра білуге үйрету.
7 саны және цифры
7 саны және цифры
7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау, өрнек құра білуге үйрету.
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет - танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Гулайым Игисинова
7 саны және цифры
7 саны және цифры
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ташимова Нәзігүл Ахметханқызы
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тукупова Кульпан Кобландиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×