Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер әлемі

26 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жер әлемі»
Сабақтың мақсаты: Сабақта балалардың ғаламшар туралы білімдерін тиянақтау, судың қасиеттерін тәжірибелер көрсету арқылы білімдерін молайту. Көркем сөзді пайдалана отырып судың қасиеттері жөнінде білімдерін кеңейту. Тура және кері санау дағдыларын қалыптастыру. Құстарға деген қамқорлық сезімдерін ояту. Әріптерді тануға, басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру. Ойын арқылы ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Табиғатқа деген аяушылық, қамқорлық сезімдерін ояту.
Керекті құралдар: Ғаламшар, қапшық, кілемше, гирлянда, ағаштар, құстар бейнесі, ыдыстар, микроскоп, жер, су, ауа маскалары, ақ халаттар, перчаткалар, тоңазытқыш, түрлі - түсті боялар, мақта, қант, ұн, әріптер, сандар, алмаштары.
Сабақтың барысы: Музыка ойналып, балалар топқа кіреді.
Тәрбиеші: Балалар, біздің топқа сендердің білімдеріңді, қаншалықты тәртіпті екендеріңді көруге қонақтар келіп отыр, ендеше біз өзіміздің тәртіпті, ақылды балалар екенімізді көрсетейік.
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Тәрбиеші: Қанекей, балалар бәріміз мына дөңгеленіп тұрған орындықтарға жайғасайық. Мына домалақ жіпті бір - бірімізге жіберіп, жақсы тілектер білдірейік.

Тілектер:
1. Мен су тасқыны болмаса екен деп тілеймін.
2. Жер бетінде апат болмаса екен деп тілеймін.
3. Суларымыз әрқашан мөлдір болсын.
4. Табиғатымызды қорғайық
5. Ауамыз таза болсын.
6. Соғыс болмасын деп тілеймін.
7. Әрқашан аспанымыз ашық болсын деп тілеймін.
8. Құстарға қамқор болайық деп тілеймін.
9. Өсімдіктерді аялайық деп тілеймін.
10. Балабақшамыз көркейсін деп тілеймін.
11. Деніміз сау болсын.
12. Үлкендерді сыйлайық.

Тәрбиеші: Домалақ жіп тәрбиешіге оралып, балалар алдарындағы жіпті биік көтеріп, бірге былай дейді:
Біз бәріміз доспыз, әрқашан біргеміз.
Тәрбиеші:
- Иә, дұрыс айтасыңдар!!
- Балалар, мен бүгін топқа келгенде біздің табиғат бұрышында мынау әдемі шарға ұқсас зат ілініп тұр екен. Атын есіме түсіре алмай тұрғаным, маған көмектесіп жіберіңдерші.
Балалар: Бұл - ғаламшар ғой.
Тәрбиеші: Ол не зат? Мұндағы түрлі - түстер нені білдіреді?
Балалар: Ол жер әлемі, онда қалалар, өзен - көлдер, ормандар түрлі – түспен бейнеленген. Осы кезде есік қағылады, топқа өзі жүретін қапшық кіреді.
Тәрбиеші: Қанекей, мына сиқырлы қапшық бізге не алып келді екен, ашып көрейік? Қапшықтан хат алады. Қапшық шығып кетеді. Тәрбиеші хатты оқиды. Хатта балалар, мен сендерді өз әлеміме саяхатқа шақырамын. Алақандарыңды үш рет ұрсаңдар сиқырлы кілемде пайда болады. Ұшатын кілеммен жылдамырақ келіңдер деп жазыпты, - табиғат ана.
Тәрбиеші: балалар барамыз ба?
Балалар: иә.
Тәрбиеші: - олай болса, қане бәріміз алақанымызды ұрайық.
Сол кезде сиқырлы кілем пайда болады.
- Балалар, қане, барлығымыз сиысып, шуламай отырайық, әйтпесе, кілем ұшпай қалар. Балалардың бәрі отырады.
Дауыс естіледі: Енді көздеріңді жұмып, аспан әлемін елестетіңдер.
Тәрбиеші: Балалар аспанда нелер болады?
Балалар: Ай, күн, жұлдыздар.
Тәрбиеші: Күн туралы не білесіңдер?
Балалар: Күн бізге жарық, жылу береді.
Тәрбиеші: Балалар біз аспанда ұшып барамыз. Ал төменде нелер қалды?
Балалар: Қалалар, таулар, өзендер, ормандар.
Дауыс естіледі: Балалар көздеріңді ашуларыңа болады, сендер келдіңдер.
Тәрбиеші:
- Балалар, бұл неткен қараңғылық, мына әлем неге мұңайып тұр?
- Балалар сендерге ұнап тұр ма?
Балалар: жоқ
Осы кезде табиғат ананың мұңлы дауысы шығады:
Табиғатпен тіршілік,
Көк түтінге тұншығып.
Аяқ асты тапталып,
Жаратылыс заңдылығы бұзылса...
Сонда болар кім ие?
Тәрбиеші: Балалар, бұл табиғат ананың дауысы ғой! Ол ренжіп тұрған сияқты. Адамдар табиғатты қорғаусыз қалдырған, бұл әлемді мәңгі түн басқан екен. Балалар көмектесеміз бе?
Балалар: иә
Бала: Апай, табиғаттың төрт құдіретімен амандасайық мүмкін жүрегін жылытармыз.
Тәрбиеші: өте дұрыс айтасың!
Балалар: Армысың қайырымды қара жер.
Армысың мөлдір таза су.
Армысың шұғылалы алтын күн.
Армысың мейірімді аспан ата.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар!
Осы кезде әлемге сәуле түсіп, жарық болып, сылдыраған су дыбысы естіледі.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы! Мұнда қандай әдемі? Мына алма ағаштарына қараңдаршы!!
Бала: Апай, қараңызшы, мына алмаларда әріптер мен сандар бар екен. Демек, бұл сиқырлы алма ағаштары ғой.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 981
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат әлемі
Табиғат әлемі
Балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру.
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау, өз бетінше жұмыс істеп шығармашылық ойын өсіруге, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Ғарышқа сапар
Ғарышқа сапар
Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Таным белсенділігін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×