Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем

08 мам 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі
Каракулова Жанар

Тіл дамыту пәні
Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Көктемде табиғатта, адам өмірінде болатын өзгерістер туралы білім - білік дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы: Шығармашылық қабілетін дамыту жаңа технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Сөздер арқылы тіл байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Жерін, елін, өз тілін құрметтеуге, Отанын сүюге, құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тіл дамыту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Көктем мезгілдерінің суреттері, интерактивті
тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай болады?
- Қыс мезгілі туралы не білесіңдер?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін аптаның 3ші күні қандай күн?
- Жарайсыңдар, балалар олай болса сәрсенбінің сәтін тілеп бүгінгі тіл дамыту сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық.
- « Бір уыс мақта» әңгімесімен таныстық.(балаларға әңгімелету.)
- Жарайсыңдар, балалар олай болса мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
« Гүл сыйлау» ойыны.
шарты: жұмбақ жасыру, шешуін тапқан балаға гүл сыйлау.

Жұмбақ: Көктемде келіп, күзде кетеді,
жазда бауда әндетеді. (бұлбұл)
Күн жылынып, қар еріп,
Су сайларға толады.
Құстар сайрап бақшада,
Ағаш бүршік жарады.
Бұл қай кезде болады? (көктем)

Торғын көкте қара құс,
Ағылып ұшып барады.
Қағып екі қанатын,
Күннің көзін жабады. (бұлт)

Тал басында тамаша үй. (ұя)
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді
Алақанын жазып. (гүл)

- Балалар жасырған жұмбақтың шешулері қай мезгілге қатысты деп ойлайсыңдар?

ІІІ Жаңа сабақ
Слайдта бірнеше көктем мезгілі бейнеленген суреттер көрсетіледі, сурет бойынша әңгімелету.
«Көктем екенін қалай білдіңдер?» деген сұрақ арқылы балаларға көктем туралы сұрақ қою:
1. Көктемде неше ай бар?
2. Көкте қай айдан басталады?
3. Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?
Балалардың көктем мезгілі туралы айтқандарын қорытындылап, толықтыру.
Топтық жұмыс:
Ойын: « үй құстарымен дала құстарын ажырат»
Дәптермен жұмыс:
Тұманбай Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқу.
Күн жылына бастады, дала гүлдеп
Ақыл айтты: «Қозыңды баға біл»,- деп
Қуанады Қожан да «Атаға еріп
Қой айдасып келуге жарамадым»- деп
Күн жылына бастады құстың бәрі
Ұшып келді: «Кетті,- деп - қыстың қары».
Өлеңнің мазмұнын ашу.
ІV Сөздік жұмыс
Баға біл - Күн жылына бастағанда мал өріске жайылады, сол өріске жайылады, сол кезде балалар мал бағуға көмектеседі.
Қой айдасып - Қойды жайылымға айдап, атаға көмек көрсету.

VI Сергіту сәті:
V Шығармашылық тапсырма:
Балаларға көктемнің алғашқы гүлдерінің суретін салдырту.
Оқушыларды мадақтау
Балалар сендер барлықтарыңда сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, мен сендерді жұлдызшамен бағалаймын.
Қорытындылау
Сұрақ - жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын қалай түсінгендерін сұрау.
Балалардың оқу іс - әрекетінде алған білімдерін пысықтау.

Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!
16 190
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Көктем сәні (ертегі)
Көктем сәні (ертегі)
Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Астана қаласы, «№3 мектеп - гимназиясы» КММ қазақ тілі мұғалімі Сокпакбаева Замзагүл Абылмашевна
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×