Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктердің көбеюі

08 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Астана қаласы
№ 64 мектеп - лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Арыстанова Қарлығаш Ақылбекқызы

1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктер дүниесінің құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, сайыс түрінде көбею жолдарымен таныстыру;
• Өсімдіктер тіршілігінің өзгерісімен таныстыру;
• Өсімдіктердің тірі табиғат екенін дәлелдеу,
Дамытушылық: ағаштар, бұталар және шөптердің айырмашылықтары туралы білімдерін тиянақтау;
Тәрбиелік: Өсімдіктерді қорғауға, баптауға үйрете отырып, экологиялық тәрбие беру
• Өздігінен ізденуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу,
• Сабақтың жабдығы: суреттер, топтық тапсырмалар, карта.
Типі: аралас сабақ
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, оқулық, бақылау күнделігімен жұмыс, ассоциация әдісі.
Пәнаралық байланыс: ана тілі

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Өткен сабақты пысықтау:
- Балалар, біздің еліміз өз тәуелсіздігін алғанына 20 жыл толып отыр, Осыған орай көптеген жұмыстар жасалып, еліміз қол жеткізген жетістіктерін мақтаныш етіп отыр, Енді осы іске біз де өз үлесімізді қосуымыз керек. Ал, оны қалай жасаймыз?
- Білімімізбен қосамыз!
- Әрине, сондықтан да біз топтарға бөлініп тапсырмалар орындауға даярланып отырмыз!
- Сыныпта бес топ ұйымдастырылды. Олар: қызылдар, сарылар, жасылдар, көктер, күлгіндер деп аталады.
Олардың алдарында топ атына сәйкес гүлдер бар, Ал, тақтада дұрыс жауап берген сәтте, өз гүлін алып, Қазақстанның жерін гүлдендіруге рұқсат алады. Сабақтың соңында осы іске кім өз үлесін көп қосқандығы анықталып, жеңімпаздар атанады.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Өсімдіктердің көбеюі» деп аталады. Осы тақырыпқа көшпес бұрын алдымен, ауа райы, жыл мезгілі жайлы әңгімелесіп алайық!
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай. Денең мұздап тоңады.
Жерде сыз,
Өзенге қатты мұз
Қай жыл мезгілі, қазір?
Күз!!!
- Күздің қай айы?
- Қараша айы.
- Күз айларын атаңдаршы?
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Бүгін ауа - райы қандай?
- Мына шартты белгілерді танимыз ба?
- Енді өткен тақырыпты еске түсірейік!

Балаларға топтық тапсырмалар беріледі.
Қызылдар тобы: Тірі және өлі табиғат заттарын ажыратып жапсырып беру.
Жасылдар тобы: Өсімдік топтарын ажыратып жапсырып беру.
Сарылар тобы: Өсімдік мүшелерінің атауларын өз орнына жапсырып беру.
Көктер тобы: Бақшаның достары мен зиянкестерін ажыратып беру.
Күлгіндер тобы: Жеміс, жидек, көкөністерді ажыратып жапсырып беру.
Оқушылар жұмыс барысында музыка тыңдап отырып орындайды. Соңында өз жұмыстарын қорғап айтып береді. Олар Қазақстанның жерін гүлдендіреді.

Сергіту сәті:
Аппақ болып таң атып,
Түтін тіке шығады,
Қарлығаштар қанатын,
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт.
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақтың астына,
Тығылып қалды көбелек.
- Балалар, осы жаттығу кезінде біз қандай табиғат құбылыстарымен кездестік?
- Жел соқты, күн шықты, жаңбыр жауды.
- Ал, ендеше бүгінгі тақырыпқа көшейік! Осыдан бірнеше күн бұрын, біздің сыныптың оқушыларына зерттеу жұмыстары тапсырылған болатын. Сол жұмыстардың нәтижесін тыңдайық!
1)
2)
3)

Осыдан қандай қортынды шығарамыз! Өсімдіктердің бәрі өскіннен, тамырдан өседі.
- Балалар, Біздің мектептің ішінде гүл көппе? Сол гүлдерді кім өсіріп баптайды? Кім күнде еңбектенеді? Әрине Бибісара апай! Бүгін Бибісара апай бізде қонақта! Апай өсімдіктерді қалай көбейтеді? Соны тыңдап көрейік!

Өсімдіктің тағы бір көбею жолымен танысайық!
Ертегі:
Далада гүл өсіп тұр еді. Ол жаздай әдемі болып, жайқалып өсті. Күз келді. Өсімдіктер сарғайып, қурады. Қатты жел тұрды. Гүлдің қураған басы жерге салбырады. Сол кезде одан бірнеше тұқым жерге шашылды. Тұқымдар топырақпен араласып, жатты. Қыста оны қар басты. Көктемде қар еріп. Жер жылынғанша тұқым өніп одан өскін шықты. Қайтадан жаңа гүл өсті.
Оқулықпен жұмыс:
Енді оқулыққа қарап көрейік! Мәтінмен таныстыру

Жұмыс дәптерімен жұмыс:
Енді дәптермен жұмыс. Суреттерді сәйкестендіру.

Сабақты қорыту:
- Яғни, өсімдік тұқымнан, тамырдан, қалемшеден көбейеді екен.
Енді Қазақстанның картасына назар аударайықшы. Ол қандай болды? Әдемі, гүлді, әсем!!! Ал қай топ өз үлесін көбірек қосты екен! Гүлдерді санайықшы!
- Бүгін қандай тапсырмалар орындадық?
- Қай тапсырма қызықты болды?
Үй тапсырма: 54 - 55 бет. Оқу. Мазмұндау.
Бағалау:
Сабақтың соңында жеңімпаз топ анықталады.
2 105
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Қазақстанда өсімдіктердің қанша түрі кездеседі? Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? Ағаштар бүршікті қай мезгілде жарады немесе гүлдейді?
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі.
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі.
Тірі организмдерде міндетті түрде болатын қасиеттердің бірі ол артына ұрпақ қалдыру, басқаша айтқанда бір особьтың өзі секілді жас особьтардың тұтас сериясын немесе кем дегенде біреуін беруге қабілеттілігі.
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары Өсімдіктердің көбеюі жайлы білуі керек
Жабық тұқымды өсімдіктер
Жабық тұқымды өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Жабық тұқымды өсімдіктердің сипаттамасы, көптүрлілігі.
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Муханбетжанова Әлия Орынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×