Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабық тұқымды өсімдіктер

13 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Биология
Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жабық тұқымды өсімдіктердің сипаттамасы, көптүрлілігі. Қосжарнақты өсімдіктердің тұқымдастары. Жабық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. Гүлді өсімдіктердің қосжарнақты және даражарнақты кластарына бөлінуі.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік мақсаты: Жабық тұқымды өсімдіктер туралы білімдерін арттыру. Жабық тұқымды өсімдіктердің тұқымы жемісінің ішінде жетілетіндігін, көбею мүшесі гүл екенін және адам өміріндегі маңызы туралы білім беру.
2. Дамытушылық мақсаты: Түрлі әдіс - тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Қошаған орта мен табиғатты аялауға, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ребус шешу, салыстыру кестесі, биологиялық диктант
Көрнекіліктері: презентация, суреттер, қағаз қиындылары, карточка
Пән аралық байланыс: химия

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу
ә) оқушыларды түгелдеп, журналға белгі соғу
б) кабинет жағдайы
в) сабақ барысымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:( оқушылар қағаз қиындыларын құрастырып ребус шешеді, ребус шешілген парақтың артындағы сұрақтарға жауап береді)
1. Ребус шешу
2. Сұрақтар
1. Эрозия дегеніміз не?
2. Қылқан жапырақты өсімдіктерді ата
3. Қарағай неліктен бір үйлі өсімдік деп аталады?
4. Сүрек дегеніміз не?
5. Қылқан жапырақты өсімдіктер неліктен ашық тұқымдылар бөліміне жатқызылады?
6. Дің дегеніміз не? Және дің неден тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі
Жабық тұқымды өсімдіктер - өсімдіктер дүниесінің бір бөлімі. Бұлардың көбею мүшесі - гүл. Сондықтан гүлді өсімдіктер деп те аталады.
Гүлді өсімдіктер - қазіргі кездегі өсімдіктер дүниесінің түрлерінің саны жағынан ең көп таралған тобы.
Ерекшеліктері:
- Тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана гүлдер түзіледі.
- Гүлдерде жынысты көбею мүшелері - аталықтар мен аналықтар жетіледі. Гүл түйіндерінде аналықтардың тұқым бүршіктері орналасқан.
- Тек гүлді өсімдіктерге қосарланып ұрықтану процесі тән. Аталықтың тозаңқабында түзілген тозаң дәндері аналықтардың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өсіп тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түтіктерімен спермиялар тұқым бүршігіне жетіп, оның ішіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігінің ішіндегі екі спермияның бірі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады, ал екінші спермия тұқым бүршігінің орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды. Сонымен ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан зигота түзіледі, одан ұрық пайда болады. Орталық жасуша екінші спермиямен қосылғаннан кейін ұлғайып өсіп, бөлінеді, нәтижесінде одан ұрыққа қажетті қор заттарын жинайтын ұлпа - эндосперм түзіледі. Тұқымбүршігенен тұқым, ал гүл түйінінің қабырғаларынан жемісқап түзіледі.

Маңызы:
Өсімдіктер адамға қажетті тамақ өнімдері және ауыл шаруашылығындағы жануарға қоректік зат болады. Өсімдіктер шикізат ретінде өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. Олардан дәрі - дәрмектер де жасайды.
Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімі екі үлкен класқа бөлінеді:
1. Даражарнақтылар класы
2. Қосжарнақтылар класы
Екеуі тұқым құрылысы, тамыр жүйесі, сабақ, жапырақ, гүл құрылысы бойынша бір бірінен ерекшеленеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі
1. Ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдыларды салыстыру кестесі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
55 871
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы
Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы
Тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі ретінде гүлдің құрылысын қайталау. Гүлді өсімдіктердің тозаңдану тәсілдерін зерттеу. Айқас және өздігінен тозаңдану түрлерін салыстыру.
Ашық тұқымды өсімдіктер
Ашық тұқымды өсімдіктер
Ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысы, ерекшеліктерімен таныстыру. Споралы өсімдіктермен салыстырғанда ашықтұқымдылардың айырмашылығы, және олардың қылқандары, көбею мүшелерінің құрылысын анықтау.
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 6 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 6 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы Биология 6 - сынып (барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
Өсімдіктер әлемінің дамуы
Өсімдіктер әлемінің дамуы
№53 мектеп – лицейі биология пәні мұғалімі: Ахмедиева Айгүл Төкенқызы
Көкнәр, алабота тұқымдастары
Көкнәр, алабота тұқымдастары
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Бекболатова Алия Махсотқызы
Өсімдіктер дүниесін қорытындылау
Өсімдіктер дүниесін қорытындылау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Абдуллаева Маржан Алдонгаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×