Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жауқазын

08 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Н. Әлімқұлов. «Бәйшешек» Н. Айтов. «Жауқазын»
№5 қазақ орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Шамбулова А. А.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға өлеңді оқыту арқылы көктем мезгілі жайлы білімдерін кеңейту. Өлеңнің негізгі идеясын ашу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың бұрынғы алған білімдерін керек жерде пайдалана білуге, өз ойларын қосуға машықтандыру.
Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге төселдіре отырып, грамматикалық сауаттылықтарын арттыру.

3. Тәрбиелік: Әдемі, сауатты жазуға баулу.
Типі: жаңа білімді меңгерту
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, оқыту, әңгімелеу.
Көрнекілігі: сызба, сөзжұмбақ,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық.
• Балалар, бүгін күн қандай тамаша!
• Сендердің де көңіл күйлерің көтеріңкі болып, бүгінгі сабағымыздың сәтті өтуін тілеймін.
• Сабағымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінеміз.
• 1 - топ «Бәйшешек» 2 - топ «Жауқазын»
• Жарыса отырып тапсырмаларды орындаймыз. Әр топ өзінің кәрзенкесін гүлдерді жинайды.
• Сабақтың соңында қай топ гүлді көп жинаса сол топ жеңіске жетеді.
Тапсырма:
Үй тапсырмасын тексеру: «Сауысқан мен көкек» Мына сөзжұмбақты шеше отырып үй жұмысын пысықтаймыз.

Тапсырма:
Қызығушылықты ояту:
1. Қайталап атымды,
Ән салып аламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа саламын. (көкек)
2. Сауысқан ұясының қабырғасын бұтақтармен берік етіп
не істеді? (өрді)
3. Сауысқан ұясына кішкентай бұтақтардан құрастырып
не жасады? (есік)
4. Сауысқан мен көкек ағаштың нелерін паналады? (бұтақтарын)
5. Көкек не деп қақсай берсем, ұя салып берер деді. (керек)
6. Сауысқан ұяның астына не төсейді? (мамық)
(Сөзжұмбақтың жауабын оқыту)

1. слайд «Көктем суреті»
Қазір қандай мезгіл? Көктем айлары атау.
Үнтаспадан: (қысқаша мәтін тыңдату) №1 26 бет
Ой қозғау:
1. Осы мәтінді тыңдап отырып қандай сезімге бөлендіңдер?
2. Көз алдарыңа не елестеді?
3. Бұл мәтіндегі айтылған көктем мезгілін тағы қалай атауға болады?
• Көктемді «тіршілік басы» деп атауға болады ма?
• Көктемде адамдар жаңа жылды, жаңа күнді қарсы алады. Жан - жануарлар төлдеп, бунақденелілер көбейеді.

2. слайд Көктем

Жаңа сабақ: Кіріспе.
3. слайд Көктемде ерте гүлдейтін шөптер: Жауқазын, Бәйшешек.
Бәйшешек: (подснежник) қазақтың жаңа жылында гүлдейтін гүлдердің бірі. Қазіргі уақытта бәйшешектің біраз түрлері
«Қызыл кітапқа» енгізілген.
Жауқазын: - ерте шығатын гүл. Тез құлақтанып гүлін тез ашады. Ол наурыз айында шығады. Ол сары және қызыл түсті болады.
• Ендеше біз бүгін Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Бәйшешек» өлеңін.
• Несіпбек Айтовтың «Жауқазын» өлеңімен танысамыз

4. слайд Авторлар:
Кітаппен жұмыс:
1. Өлеңді мұғалім оқиды.
2. Сөздік жұмысы: көрікті, дүркіреп, ызғар.
3. Өлеңді оқушыларға оқыту, қара сөзбен әңгімелету
Тапсырма:
5. слайд Шығармашылық жұмыс
Өздерін білетін гүлдердің аттарын атаңдар: қызғалдақ, сарғалдақ, інжугүл, райхангүл, раушан.

Тапсырма: Өлеңнен Не? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар.
1 - қатар «Бәйшешек» өлеңнен 2 - қатар «Жауқазын» өлеңнен көктем, қараторғай, күн, көктем, жауқазын, үйшік, гүл. қырлар, жауқазындар.

6 слайд Не? Нелер? деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады.
Дәптермен жұмыс: 89 - жаттығу.(Оқушылар жауабы тыңдалады)

• Балалар, жүргізуші, шахтер, монтер мамандық иелері
• Осы мамандық иелеріне қандай сұрақ қойдық
7 слайд Кім? Кімдер? деген сұрақтар адамға байланысты қойылады.
Тапсырма:
8 слайд «Өздік жұмысы»
Мына сөздерді оқып Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөздерді топтап жаз.
Оқушы, тақта, парта, мұғалім, орындық, тігінші, аю.
1 - қатар Кім? 2 - қатар Не?
Тапсырма:
Сабақты бекіту:
9 слайд «Өлең құрастыру»
Жылы – жылы............ соқты,
Жылғалардан............. ақты.
Жер қарайды............ кепті,
................... көшті қыстаудан.

Қорытынды:
Көктем
Қандай? әдемі, жылы, көрікті, әсем.
Не істеді? жылынды, жарды, ұшып келді, еріді.
Көктемде табиғат өзгереді.
Жыл мезгілі

Үйге: Көктем туралы әңгіме жазу.
91 - жаттығуды жаз, өлеңді мәнерлеп оқу.
Бағалау:
5 495
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов Көктем
Қасым Аманжолов Көктем
Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп және нақышына келтіріп оқиды.
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Көктем келді. М. Әлімбаев
Көктем келді. М. Әлімбаев
Бастауыш сынып мұғалімі Чалбасова Жанар Мырзатайқызы
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сағызбаева Татти
Н. Әлімқұлов «Бәйшешек» Н. Айтов «Жауқазын»
Н. Әлімқұлов «Бәйшешек» Н. Айтов «Жауқазын»
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №7 мектеп бастауыш сынып мұғалімі Джумабекова Маруза
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
ЖББ Шежін орта мектеп – балабақшасы Бастауыш сынып мұғалімі Салахитденова Г. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×