Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шаршы және тіктөртбұрыш

29 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Жетісай қаласы, "№122 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Оңалбаева Меруерт

Сабақтың атауы: Шаршы және тіктөртбұрыш
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға шаршы және тіктөртбұрыштар жайында толық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру.
Дамытушылығы: ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі: бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал
Саған есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Санды тура табатын,
Қиын, әрі қызықты,
Математика болатын.

Қызығушылықты ояту
Математика пәні бізге нені үйретті?
Сұрақ қою арқылы өткен тақырыптарды пысықтау.

Үй тапсырмасы Мысал: 5
50+7=57
98 - 90=8
46 - 6=40
20+6=26
42 - 2 =40
86 - 80=6
58 - 50 =8
40+7=47
17 - 7=10
55 - 50=5
36 - 30 =6
70+4=74

Мағынаны тану
- Балалар, қандай фигуралар шықты?
- Шаршы және тіктөртбұрыш.
- Дұрыс, балалар.
Ал олай болса балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: « Шаршы және тіктөртбұрыш»

Жаңа сабақты меңгерту.
Мысал
1 Есептерді шығару (ауызша)
2. Осы тапсырманы орындау арқылы қандай шешімге келдік?

Сөйлемдерді аяқта
«Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі
Тіктөртбұрыштардың барлық бұрыштары тік болады, төрт қабырғасы, төрт төбесі, төрт бұрышы болады.
Тіктөртбұрыштардың қарама - қарсы қабырғалары тең болады.
Шаршының барлық қабырғалары тең болады.
Тағы бір қасиеті: қарама – қарсы қабырғасын беттестірсек, үшбұрыш шығады.
Ортақ қасиетін табу арқылы
«Венн диаграмма» әдісін қолдану арқылы фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 903
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Геометриялық фигураларды танып, олардың элементтерін атап, маңызды белгілерін ажыратады. Тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу біліміндегі кемшіліктер түзетіледі.
Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр
Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр
Фигураның ауданы туралы түсінік беру. Фигуралардың ауданын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру. Көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту. Есептеу дағдыларын жетілдіру. Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау. Ой - өрісін, сана – сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Функционалдық сауаттылығын арттыру
Тіктөртбұрыш және шаршы ауданы. Санның квадраты.
Тіктөртбұрыш және шаршы ауданы. Санның квадраты.
Тіктөртбұрыш және шаршы аудандарын табу ережесін меңгеру үшін педагогикалық жағдай жасау; білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, ауданы квадрат сантиметрмен өлшеу туралы оқушылардың білімін пысықтау.
Көлемді фигуралар
Көлемді фигуралар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 3. 1. 2 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Cандарды салыстыру мен санды өрнектерді салыстырудың айырмашылығын түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой – өрісін, пәнге қызығушылығын, ауызша есептеу дағдысын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×