Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіктөртбұрыш және шаршы ауданы. Санның квадраты.

12 қаңтар 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыш және шаршы ауданы. Санның квадраты.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Тіктөртбұрыш және шаршы аудандарын табу ережесін меңгеру үшін педагогикалық жағдай жасау; білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, ауданы квадрат сантиметрмен өлшеу туралы оқушылардың білімін пысықтау.
2. Дамытушылығы: оқушылардың ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық сезімін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Жылдам шешім қабылдай білу дағдысын қалыптастыру;
3. Тәрбиелігі: оқушылардың танымдық және коммуникативтік іс - әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, пәнге деген көзқарасын, білімге құштарлығын қалыптастырып, ұжымшылдыққа, ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: CD – презентация, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойландыру, жаттығу,
ұжымдық жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, геометриялық фигуралар, кестелер, үйдің суреті.
Пәнаралық байланысы: әдебиеттік оқу, дүниетану, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды математикалық амалдар арқылы 4 топқа бөлу.(қосу, азайту, көбейту, бөлу).
2. Психологиялық дайындық.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан.
– Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы отыр, бізге қонақтар келді. Ендеше жақсы біліміміз бен қонақжайлығымызды көрсетейік. Абай атамыз жөнінде не - білеміз? (оқушылардың жауаптарын толықтыру). Абай Құнанбаевтың туғанына биыл 170 жыл.
- Ұлы Абай атамыз 15 - ші қара сөзінде былай депті: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!»
Кемеңгер атаның сөзін негізге ала отырып, балалар өз білімізге есеп береміз, яғни алдарыңдағы бағдаршам арқылы өз білімдеріңді сабақтың соңында бағалайсыңдар. Сәттілік тілеймін!

ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ауызша есептеу.
(Көбейту кесте, ұзындық бірліктері, уақыт бірліктері, үлес, фигуралардың периметрі мен ауданын табу тәсілдері).

ІІІ. Мағынаны тану.
Слайд арқылы өткенді қайталау.
№2 а) Қатармен сана. 4*3=12
ә) Баған түрінде сана. 4*4=16
б) Шаршылардың периметрі мен ауданын тап. 1см+1см+1см+1см=4см
P= 1см*4=4см
S=1см*1см=1см2
S=2см*2см=4см2
Қорытынды: Шаршы ауданын табу үшін ұзындығын өзіне өзін көбейту керек.
Формуласы: S=a*a=a2

№3. Слайд. Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін, оның ұзындығын еніне көбейту керек.
Формуласы: S=a*в

Дәптерге орындау. S=6см*4см=24см2
№4. Өздік жұмыс. Сергіту сәті.
№5. Слайд. Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің квадратымен алмастыруга болады. 36=6*6, 4*4=42, 9*9=92, 9*9=81, 92=81 т. с. с
№6. Сабақты бекіту.
1 топ. Тіктөртбұрышты гүлкөмбенің ауданын табу.
2 топ. Шаршы тәріздес гүлкөмбенің ауданын табу.
3 топ. Қай гүлкөмбенің ауданы артық және нешеге артық?
4 топ. Жер телімінің ауданы 12 м2. Жер телімінің ұзындығы мен ені қандай болуы мүмкін?
№7. Логикалық есеп.
Бақыт - автобуспен, Әлішер - трамваймен, Берік - троллейбуспен.

ІУ. Ой толғаныс.
Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Не білдік? Нені білгіміз келеді?

У. Үй тапсырмасы.
№5 ( Ә )
УІ. Бағалау. «Бағдаршам» әдісі бойынша.
2 138
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық фигуралар. Периметр
Геометриялық фигуралар. Периметр
Өткен материалды қайталап; геометриялық фигураларды тану, олардың элементтерін атау, маңызды белгілерін анықтау, тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу білімін толықтырады.
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Геометриялық фигураларды танып, олардың элементтерін атап, маңызды белгілерін ажыратады. Тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу біліміндегі кемшіліктер түзетіледі.
Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр
Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр
Фигураның ауданы туралы түсінік беру. Фигуралардың ауданын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру. Көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту. Есептеу дағдыларын жетілдіру. Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тік бұрышты параллелепипед оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипед оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипедтің, текшенің көлемін есептей білуге дағдыландыру, әртүрлі есептер шығару арқылы оқушы білімін шыңдау, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Санның дәрежесін табуға дағдыландыру.
Шаршы және тіктөртбұрыш
Шаршы және тіктөртбұрыш
Шаршы және тіктөртбұрыштар жайында толық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру.
Санның квадраты. Санның кубы
Санның квадраты. Санның кубы
Дәреженің көрсеткіштері ретіндегі санның квадраты және кубы ұғымдарымен оқушыларды таныстыру. Оқушыларды бірдей екі санның көбейтіндісін санның квадратымен, ал үш бірдей санның көбейтіндісін санның кубымен алмастыруға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×