Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш бақытым

08 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы, «№1 орта мектебі» КММ
III деңгей, жоғары санат, бастауыш сынып мұғалімі
Ахметкалиева Ғалия Қалышовна

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. « Үш бақытым»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңді мәнерлеп, түсініп, жатқа оқуға дағдыландыру. Ақын өлеңіндегі айтылар негізгі ойды анықтау.
Дамытушылық: Өлеңді талдай отырып, әр оқушының сөйлеу тілін дамыту. Өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баулу, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ақынның портреті, маркер, сызбаға арналған қағаздар, буклеттер т. б.

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Қызығушылықты ояту.
«Құндақтама сәбиді»өлеңін М. Мақатаевтың өз даусымен тыңдату. Мағынаны тану
М. Мақатаевтың өмірі және шығармашылығымен /Слайд бойынша/ танысу. Талантты баламен бірлескен жоба
- Балалар, бақыт деген не?
Топтастыру стратегиясы
БАҚЫТ
Ендеше, біз сендермен бүгін ақынның «Үш бақытым» атты өлеңімен танысамыз.
Ақынның бақыты не екен? Қалай ойлайсыңдар? Болжам стратегиясы
1. 1 - шумақ - мұғалім оқиды
2 - шумақ - 1 оқушы оқиды.
3 - шумақ - хормен оқиды.
2 - өлеңді талдау.
1, 2, 3 шумақтарында не жайлы жазылған?
- Балалар, сонымен ақынның үш бақыты не екен?
Халық Тіл Отан
- Балалар, ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді?
Халық

Қымбаттырақ алтыннан.
Тіл

Қасиетті тіл.
Отан.

Отан Оттан да ыстық.
3. Қосымша деректермен жұмыс
Әр партаға қосымша деректер тарату, оқушылар оқып танысады.
Жұпта талқылау. Түсінгенін бір - біріне айтады. Сұрақтар бойынша талдау жасау.
. Халық, Отан сөздерінің баламасын тауып көрейік.
Халық – ел, жұрт.
Отан – туған жер, атамекен.
Халық
1Халық дегеніміз – Қазақстанда тұратын адамдар.
2. Елімізде 16млн. астам халық тұрады.
3. 130 - дай ұлт өкілдері тұрады.
Тіл.
1. Тіл дегеніміз адамдардың бір - бірімен қарым - қатынас құралы.
2. Қазақстанда 130 - дай тіл бар.
3. Қ. Р - ның Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Отан.
1. Отан ол – әр адамның туып өскен жері.
2. Отан ол – сенің отбасың.

Сергіту сәті: Ақын балалық шағын сағынып бала, сәби болғысы келген екен.
М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді.» әнін тыңдаймыз.
1 - қатар халыққа,
2 - қатар тілге,
3 - қатар Отанға бір тілектен жазып тақтадағы сөздердің тұсына іледі..
Ой толғаныс
Деңгейлік тапсырмалар орындату
1 - топ
Отан туралы әңгіме жазу.
2 - топ
Мен қазақ тілін жақсы білемін - эссе жазу
3 - топ
Достық мекені - Қазақстан - тірек сөздер арқылы шығарма
4 - топ
Авторға хат жазу
Рефлексия:
Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды қорыта келе ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайық
Сызба толтырту. Жұптық тапсырма

1. Авторы: М: Мақатаев.
2. Тақырыбы: «Үш бақытым.»
3. Жанр түрі: Өлең.
4. Шумақ: 3
5 Әр шумақ не жайлы?
Өлеңнің негізгі ойы: ақынның туған жеріне, халқына, тіліне деген шексіз сүйіспеншілігі айтылады.
Мұғалім: Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық. Қазіргі таңда Мұқағали ең көп оқылатын ақынның бірі. Оның жырлары адамға күш - қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді.
Оқушыларды бағалау. Топтық, жұптық бағалау.
14 175
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш бақытым
Үш бақытым
Оқушыларға өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ана тілімізді құрметтеу керек екендігін түсіндіру. Баланың сөз байлығын дамыта отырып, тіліміздің сөз мағыналарының түрлілігіне көңіл аударту.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Үш бақытым. М.Мақатаев
Үш бақытым. М.Мақатаев
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ақжар негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі Акимова Раиса Касимовна
Үш бақытым. Туған тілім
Үш бақытым. Туған тілім
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қабдушова Балғаным Жалғасқызы
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қайран, Қарасазым - ай!»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Қарағанды қаласындағы ЖОББ №53 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Табылғанова Меруерт Алимхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×