Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш бақытым

11 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Үш бақытым
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ана тілімізді құрметтеу керек екендігін түсіндіру.
2. Баланың сөз байлығын дамыта отырып, тіліміздің сөз мағыналарының түрлілігіне көңіл аударту.
3. Оқушыларға өз ана тілін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ой шақыру.
Көрнекілігі: Суреттер, кесте, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.: Оқушыларды сабаққа дайындау.
11. Жаңа сабақ. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Мағынасын ашу. Сұрақ - жауап өту.
а ) М. Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған?
ә ) Өлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал.
2 тапсырма
А) Біздің ана тіліміз қай тіл?
Ә) Ана тіл дегенді қалай түсінесің?
Б) Мемлекеттік тіл қашан қабылданды?
В) Тіл әдебі жайлы не білеміз? Сұрақтар қою арқылы тақырып мазмұнын ашу.
2 Өлеңді оқыту.
А) Автор туралы әңгіме.
Ә) Үш тұғырлы тіл туралы айту.
Б) Елбасымыз «Үш тұғырлы тіл»туралы жолдауында қандай тілдер көрсетілген?
В) Олардың қандай қажеттілігі бар? ( Проблемалық сұрақ)

Бекіту. Тіл туралы жұмбақтар шешу
3. Сабақты қорытындылау: Тіл туралы мақал - мәтелдер айтқызу
4. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттау.

Үш бақытым
Мұқағали Мақатаев

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.
…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен.

1 - тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
а ) М. Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған?
ә ) Өлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал.

2 - тапсырма
А) Ана тіл дегенді қалай түсінесің?
Ә) Мемлекеттік тіл қашан қабылданды?
Б) Тіл әдебі жайлы не білеміз?

3 - тапсырма.
Мақалдың мағынасын аш.
«Өзге тілді үйренсең,
Өркендейді адамдық» деген? Себебі......................................

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы,
Турксиб ауылы, Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Директордың бастауыш сыныптардағы
оқу ісі жөніндегі орынбасары және бастауыш сынып мұғалімі
Нургазиева Гульназ Уйкаскызы
Үш бақытым жүктеу
4 555
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған өлкем
Туған өлкем
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
Менің анам.
Менің анам.
Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, Анаға деген сүйіспеншілігі туралы түсініктерін тереңдету.
«Сіз», «Біз» деген – жылы сөз
«Сіз», «Біз» деген – жылы сөз
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету, сыйластықтың адам өміріндегі маңызы туралы айту. Өз ойын айта білуге, қасындағыларға жанашырлық сезімдерін білдіруге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Үш бақытым. М.Мақатаев
Үш бақытым. М.Мақатаев
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ақжар негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі Акимова Раиса Касимовна
«Сусын ішу тәртібі» Ибн Сина
«Сусын ішу тәртібі» Ибн Сина
Бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Ж. Е.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×