Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 санын қосу және азайту

02 мам 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,
№74 Ж. Баласағұн атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жанасбаева З.

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 1. 4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы логикалық ой - өрісін дамыту.
3. Шапшаңдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге, әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білім беру.
Көрнекілігі: суреттер, сандар қатары, 4 цифры, сөзжұмбақ, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Тамаша болсын бүгінгі күн!

1 - Слайд: Күн жарқырап кетеді. (Қол шапалақтау)
- Көңіл - күйіміз қандай болып кетті? (Көңілді)
- Тамаша! Осы жақсы көңіл - күймен сабағымызды бастайық.

Оқушыларды топқа бөлу.
I топ «Алға».
Ұраны: Алға қарай самғайық,
Асулардан асайық.

II топ «Самға»
Ұраны: Қыран құстай ұшайық,
Биік шыңға самғайық.

III топ «Қалма»
Ұраны: Достарыңнан қалма,
Тек биікке самға.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
№4. Салыстыр, 110 - бет.
2+4 >6 - 1
3+5=10 - 2
4 - 1< 2+3
5+19 - 3
8 - 0=1+7

III. Өткен сабақты пысықтау.
Кеспе қағазбен жұмыс

3+3=6
5+3=8
7+3 = 10
7 - 4=3
4 +3=7
6+3=9
8 - 5 = 3
9 - 5=3

IV. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбын ашу.

Сөзжұмбақ шешу.
1. 5 пен 4 - тің қосындысы
2. 2 мен 2 - нің қосындысы
3. Қосу мен азайту өзара қандай амалдар?
4. 9 бен 3 - тің айырмасы

Ой шақыру.
- Ерекше торкөзде қандай сөз шықты? (төрт)
- 4 қандай сан? (жұп)
- 4 санының көршілері (3, 5)
- Бөлменің неше бұрышы бар? (4)
- Кітаптың неше бұрышы бар? (4)
- Дүниенің неше тұсы бар? (4)
- Бір жылда неше мезгіл бар? (4)
Оқулықпен жұмыс

№1 Суретпен жұмыс
4+4=8 ---------- 5+4=9 --------- 6+4=10
8 - 4=4 --------- 9 - 4=5 -------- 10 - 4=6

Кел ойнайық!
А) Балықтарды аквариумға орналастыр.
10 - 2=8
8 - 4=4
7+3=10
10 - 4=6
3+5=8
1+9=10
2+4=6
6+2=8
5+5=10
3+3=6

Ә) Кім жылдам?
5+4 - 1+2 - 6=4
5+4 - 1+2 - 7+1=4
10 - 4+3 - 2+1 - 5=4

№2
4+4=8
8 - 4=4
5+4=9
9 - 4=5
6+4=10
10 - 4=6

Сергіту сәті:
№5 Есепті шығар.
Өрік – 3т
? т (а)
Шие – 4т
Шешуі: 3+4=7
Жауабы: Барлығы 7 түп (а)

Шығармашылық тапсырма.
Батпырауық қай баланыкі? (Жоғарғы баланыкі)

V. Сабақты бекіту:
Логикалық есептер:
I топ: Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 3 қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (4)

II топ: Он асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (7)

III топ: Пісіп тұрған төрт алмұрт
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Мұратхан
Қанша калды алмұрттан? (2)

VI. Сабақты қорытындылау.
- Санға 4 санын қосқанда қосындының мәні арта ма? Кемиді ме?

Ой шақыру:
Мақал: Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
Алтау ала болса, ауыздағы кетер.

VII. Үйге тапсырма беру.
№4, 112 - бет
Топтың ұпайларын есептеу, оқушыларды бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
3 259
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 санын қосу және азайту
1 санын қосу және азайту
Оқушылардың ауызша жылдам, дұрыс есептеуге, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, терең ойлау қабілетін дамыту.
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Атырау облысы Индер ауданы М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Қарлығаш
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×