Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5 санын қосу және азайту

18 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға 5 санын қосу және азайту тәсілдерін таныстыра отырып, қосу мен азайтудың өзара байланысты екенін түсіндіру. Қосудың ауыстырымдылық қасиеттерін еске түсіре отырып, 5 санын қосу және азайтуға арналған есептерді шығарту.
ә) тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, таза жазуға, шапшаң және тез ойлауға тәрбиелеу.
б) дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, пәнге қызығушылығын дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, сандар қатары, парақшалар.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарын түгендеу.
2. Өткенді пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы пысықтау.
- Өткен сабақта не өттік?
- 4 санын қосу және азайтуды пысықтау.
- Нешінші есеп берілді?
№1. 3 оқушы бір-бірден кезектесіп шығады.
№3-есепті ауызша талдау.
3. Жаңа сабақ
4. №1-мысал мұғалім түсіндірмесі.

№2 Өзбеттік жұмыс
Кестені дәптерге толтыру
1+5=
5+1 =
10-5=
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін еске түсіру.
Тақтамен жұмыс
№3-есеп. Ұяда 9 балапан отырды. 5 балапан ұшып кетті. Неше балапан қалды?
Шарты: Отырды – 9 б.
Ұшып кетті – 5 б.
Қалды-? б.
Шешуі: 9-5=4 (балапан)
Жауабы: 4 балапан қалды.

Дәптермен жұмыс
№4 «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты: 4оқушы тақтаға шығып бір бағандағы есепті шығарады. Кім бірінші болса, сол жеңімпаз.
1-баған
10-10=
6+2 =
4-2 =
2-баған
7+2 =
8-0 =
4+2 =
3-баған
6-4 =
7+0 =
6+3 =
4-баған
7-2 =
5+3 =
9-4 =
№5. Қай жол артық?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
№6. Логикалық есеп. Бірдей түймені тап:
Қорытынды:
- Оқушылар біз бүгін қай санды қосу мен азайтуды таныстық?
- Қосудың ауыстырымдылық қасиетін кім еске түсіреді?
- 5 санын қосу кестесін кім жатқа айтады?
- 5 санын азайту кестесін кім жатқа айтады?
Мадақтау.
Үйге тапсырма: №3, 4-есептерді шығару
6 382
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі санын қосу және азайту
Екі санын қосу және азайту
2 санын бөлшектеп қосу және азайту тәсілін қолдану, 2 санын бөлшектеп қосып және азайтуды біледі, ондықтан аттап 2 санын қосу және азайту тәсілдерін біледі.
3 санын қосу кестесі
3 санын қосу кестесі
Өткен сабақтарда игерген оқушылардың білімін, икемін, машығын пысықтау, 3 санын қосу кестесін түсіндіру
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акоразова Бактыгул
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×