Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұсбағар

12 ақпан 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тұсбағар
Дүниетану 2 сынып
Мақсаты 1. Білімділік: Оқушыларға жергілікті жерді тұсбағар және план арқылы бағдарлауды үйрету, көкжиек тұстарының бағыттарын, азимуттарын анықтау тәсілдерін меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушыны жайдан – күрделіге принципті белсенділігін арттыруға, өздігінен білім алуға, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана білуге және сауалдың тапсырмадағы шешімін тез табуға дағдыландыру, бағдарлау туралы білімдерін одан әрі дамыту.
3. Тәрбиелік: сабақтың білімділік мақсаты негізінде оқушыларға ұлттық, өнеге - тәлімдерін(үлкенді тыңдау, адамгершілік, ұйымшылдық, тапқырлық) үйрету және табиғат сұлулығын тану, оны аялау, қорғау, туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Тірек білімі: Оқушылардың көкжиек, көкжиек тұстары туралы түсінігі.
Негізгі ұғымдар: бағдарлау, азимут, тұсбағар,

Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Сұрақтарға жауап алғаннан кейін үнтаспадан Ы. Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы» атты шығармасынан үзінді тыңдатып, оқушыларға проблемалық сұрақ қоямын.
- Үсен көшті табу үшін, жергілікті жердің қандай белгілеріне сүйенді?
Оқушылар жауабы:
1. Малдың жас тезегін тауып алуы;
2. Молалы жерде ел болады;
3. Құс ұшқан жерде көл болады, көлді жерде ел болады.
Жарлы баласы Үсен өмірдегі өзінің тұрған орнын және жүру бағытын осы белгілерге сүйеніп анықтай білген.

Мағынаны тану
1. Ендеше бағдарлау дегеніміз - көкжиек тұстарын,
бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.
Бағдарлаудың екі түрі бар:

а) белгілі жерді бағдарлау; ә) белгісіз жерді бағдарлау.
Белгілі жерді бағдарлаудың еш қажеттігі жоқ, үйреншікті дағды арқылы жүреміз. Белгісіз жерде жүру, жолды дәлме - дәл табу тұсбағар арқылы жүргізіледі. Ол үшін тұсбағармен азимутты анықтайды.№7 - слайд
Солтүстік пен белгілі бір затқа дейін жүретін жол арасындағы бұрыш азимут деп аталады. Азимут арабша ас - сумут – жол деген мағына береді.
Азимут А әрпімен белгіленеді.
Азимутты анықтау үшін тақтаға шеңбер сызылады.№8, 9,- слайдтар
Оқушылардан шеңбердің градустық шамасын сұрау.(360°)
Шеңбердің әр бөлігін 90°– тық бұрышқа тең екендігін және берілген азимутты шеңбердің қай бөлігінен іздеу керектігін ұғындырамын да, азимутты өлшеп көрсетемін. Яғни, 275ºІV бөліктен, С - Б - тан табу, 200 ºІІІ бөліктен, О - Б - тан табуға болады.
Тақтаға азимутты транспортир құралымен сызып көрсетемін. Азимут бағыты үнемі сағат тілінің бағытына сәйкес келеді.

2. Дәптермен жұмыс. Анықтамаларды жаздырту.№10 - 11 - слайд
Бағдарлау дегеніміз - көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің
тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.
Тұсбағдар - жүретін жолды дәл анықтайтын құрал.
Азимут (арабша ас - сумут – жол) деп бақылаушы тұрған нүкте мередианының солтүстік басынан діттеген бағытқа дейінгі аралықтағы бұрышты айтады.
Топтарға тұсбағар беріліп, тақтадағы сурет арқылы пайдалану әдісін көрсетемін. Сыныптың солтүстік бағытын анықтап беремін.№12 - слайд

Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді, шаршағандары басылады

Ой толғаныс
Шығармашылық тапсырма:
Ереже жазылған тапсырмаларды топтарға бөліп беремін.
1 - топ. Ережені есіңе сақта! Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º - тан 360º - қа дейін есептелінеді.№13 - слайд
Сызба бойынша көкжиек тұстарының азимутын анықта:
Мысалы Аº (СШ)=90º: 2=45 º
1. Аº (ОШ)=90º+?....
2. Аº(ОБ) =180 º+?...
3. Аº(СБ) =?- 45 º=....

2 - топ. Ережені есіңе сақта! Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º - тан 360º - қа дейін есептелінеді.
Транспортирді пайдаланып, суреттегі заттардың бағыттарын және азимуттарын анықта.№14 - слайд
3 - топ. Ережені есіңе сақта! Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º - тан 360º - қа дейін есептелінеді.
Картада және планда арнайы бағытпен солтүстік көрсетілмесе, онда жоғарғы жағы солтүстік, төменгі жағы оңтүстік, оң жағы шығыс, сол жағы батыс.
Қызылорда қаласының планынан біздің мектептің тұрған орнын анықтаңдар. Тұсбағдардың көмегімен мектептен вокзал қай бағытта, қандай азимутта орналасқанын анықта.№15 - слайд

ІV. Жаңа сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойыны.№16 - слайд
1. Ортаға 4 оқушы шығады. Ойша бетіңді солтүстікке қарат. Сонда арт жағың......., сол жағың....., оң жағың....., балалардың есінде қалғанша жаттығу жасату.
2. Жердің солтүстік полюсінің үстінде бағдар беретін қандай жұлдыз орналасқан?№17 - слайд
3. Сырдария өзенінің қай бағытта ағып жатқанын қалай білуге болады?№18 - слайд

Үйге тапсырма
Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
69 299
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз.
Жергілікті жерді бағдарлау
Жергілікті жерді бағдарлау
Азимут (арабша ас - сумут - жол) белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш.
Тұсбағар
Тұсбағар
Тұсбағарды пайдалану тәртібімен таныстыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқағыштыққа, өз беттерімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Көкжиек тұстары
Көкжиек тұстары
Алматы облысы, Ескелді ауданы, М. Маметова атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Орынтаева Г.А.
Азимут, бағдарлау
Азимут, бағдарлау
Мақсаты: - Оқушыларға компаспен жұмыс жүргізуді, азимут туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; - пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
План және карта
План және карта
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің география пәні мұғалімі Алашбаева Баян Әліпбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×