Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат – денсаулық мекені

03 сәуір 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Табиғат – денсаулық мекені

Бағыты: Өзін - өзі тану және дамыту тәрбиесі.
Мақсаты: Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту. Экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұйымдастыру.
Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам
баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз - ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының іс - әркеттерінен болған қалдықтардан өзін - өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.
Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп - өнген мекені. Сондықтан Табиғат - Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған тынысың.
Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың,
Ол – анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың!
Табиғаттың сұлу - сымбат мүсіні, көрікті келбеті бір тамаша туындылардың бірі – хайуанаттар. Халқымыз ежелден - ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққ алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жан ашырлық ерекше орын алған.
Тиме аққуға!
Мендейлердің атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға! Аққудың киесі бар.
Мендейлердің затын ал, биесін ал,
Тиме аққуға аққудың иесі бар…
Кеудемде жүрек барда басыла ма ой,
Тиме аққуға кіршіксіз асыл ар ғой,
Тимеңдерші көлімнің көркі болсын.
Жанарында мұңлықтың жасы бар ғой…

Табиғатты қорғау туралы ананың қандай өсиет сөздері бар?
“Ұя бұзба! Балапанға тиме” деп,
Ұрсушы еді, менің анам, күйгелек
“Жас шыбықты сындырма” деп ұрсатын,
Шыққанымда “тұлпарымды” сүйрелеп,
“Ұя бұзба! Бұзба” деймін балама
Өсиетің қандай ғажап, жан ана!
Табиғатты тарылтпайық.
Мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
Отанын, туған жерін сүйетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуде танымдық ой әрекеттерін дамытатын тәрбие сағаттарының маңызы зор.

Қорытынды
Табиғат – бәріміздің ортақ үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету – біздің парызымыз.
2 679
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Эссе. Табиғат - ғажап әлем
Эссе. Табиғат - ғажап әлем
Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Табиғат, қоршаған дүние, табиғат құбылыстары, адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Әсемдікке баули отырып, экологиялық тәрбие беру
Біз – табиғат қорғаны
Біз – табиғат қорғаны
Табиғат адамзаттың асыраушысы, еңбек етіп өмір сүретін ортасы екенін түсіндіру. Табиғат, Жер - ана, Туған жер, Атамекенін сүйіп, аялай білу, перзенттік борышын орындауға үйрету. Туған жер табиғатының әсемдігін сақтауға, сүюге, қоршаған ортаны
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жұмашев Айзат
Табиғат - тіршілік көзі
Табиғат - тіршілік көзі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия Абдешқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×