Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 саны және цифры

01 қазан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мектеп: М. Әуезов атындағы №42 ЖОМ
Мұғалімнің аты - жөні: Кудрышева Ш. С.

Математика 1 сынып
Оқу мақсаттары:
• Натурал сандарды алу жолын біледі
• 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
• Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды
• +,-,* таңбаларын еске түсіреді
Сабақтың мақсаты: 9 санымен, оны алу жолымен және құрамымен таныстыру;
9 цифрын жазып үйрету
Тілдік мақсаттар: Сабақта «тоғыз» сөзін қайталап айтқызып жаттықтыру;
Оқушылармен ойын ойнау;
Оларға іштей санауды үйрету. Санау кезінде 9 санына жеткен кезде, ол санды дауыстап айтуы керек. Осылайша ойынды жалғастырып ойнатуға болады.
Бұған дейін алынған білім: Сандық сәуле, тура және кері санау.

Ресурстар
1. Қалың қағаздан жасалған 9 жұлдызша;
2. цифрлар жазылған парақшалар;
3. белгі беретін тақтайшалар
Пәнаралық байланыстар: Көркем еңбек, жаратылыстану, сауат ашу
Бағалау: Бас бармақ арқылы топпен бағалау

Сабақ барысы
Сабақтың басталуы
1. Салемдесу;
2. Қайырлы күн досым!
Қайырлы күн болсын
Сәрсенбінің сәті сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!

Өткенді қайталау
1. Тура және кері ретпен 10 - ға дейін санау;
2. 2 - 5 - ке дейін, 6 - дан 3 - ке дейін, 4 - тен 9 - ға дейін, 9 - дан 5 - ке дейін санау:
3. «Жалғастырып сана» ойыны. бір оқушы 10 - ға дейінгі бір санды айтады, екінші оқушы келесі санды айтып жалғастырады;
Кіріспе тапсырма
Түн болып аспанда жұлдыздар пайда болды (балаларға жұлдыздарды таратып беремін) аспанда бір жұлдыз пайда болды, екі жұлдыз пайда болды, аспанда үш жұлдыз пайда болды... аспанда ең соңғы жұлдыз пайда болды.
5. Тақтаға 9 саны жазылған парақшаны ілемін.
- Сандық сәуледе қай саннан кейін 9 саны орналасады екен балалар? (Тақтадағы сандар қатарына сүйеніп айтады).
Оқулықпен жұмыс.
- 9 санын алу жолдары
- сөз құра
- Зымырандағы сандарды салыстыру;
Сергіту сәті:
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын!

Жұптық жұмыс:
Шығарып көр. (ғарышкер қай зымыранмен ұшатынын анықтау. Жауабы екінші зымыран).
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
27 - жұмыс парағы. 29 - бет.
28 - жұмыс парағы. 9 санын жазып үйренеміз. 30 - бет.
Балалар әлемі сайты
Сабақтың соңы
Сабақтың соңында оқушылар:
• натурал сандар қатарынан 9 санын орнын таба алады
• 9 - ға дейін тура және кері санай алады;
• 9 санын әртүрлі тәсілмен алуға;
• 9 цифрын жазуды меңгереді.

Қорытынды бөлім
Стратегиялық сұрақтар:
1. 9 саны сан қатарының қай жерінде орналасқан?
2. 9 санын қалай алуға болады?
7 913
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көптаңбалы сандар
Көптаңбалы сандар
Көптаңбалы сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар қатарындағы 1 000 000 көлеміндегі санның орнын анықтау.
Заттарды санау
Заттарды санау
Натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету.
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Санау барысында натурал сандардың реттік нөмірі анықталатындығын түсінеді, он көлеміндегі тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау 1 - тапсырма. Сандарды өсу және кему ретімен жазу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×