Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


3 саны мен цифры

01 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімнің аты: Математика
Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды 3 саны мен цифрымен таныстыру. Заттарды санауға машықтандыру, 3 цифрын тану және бейнелеуге үйрету.
Тәрбиелік: Балалардың қызығушылығын арттыру, тиянақтылыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Балаларды заттың санын сәйкестендіре білу дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, үлестірмелі материалдар
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет

Іс - әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың оқу - құралдарын түгендеу.
Зейіндерін сабаққа аудару.
«Жемістер терейік» ойыны

1. Тура және кері санап шық. 0 1 2 2 1 0
2. Бұл қандай таңба? «+»
3. «-» таңбасы туралы не білесің?
4. «+,-,=» таңбалары не үшін керек?
5. «0» саны мен цифры нені білдіреді?
6. 2 санына байланысты не білесің?
7. Қандай фигураларды білесің?
8. 1 және 2 қайсысы үлкен, қайсысы кіші
9. Бақытта 2 шие бар еді. Ол біреуін Раминаға берді. Бақытта неше шие қалды?

Ұйымдастыру - ізденушілік «Кім тапқыр?» ойыны
Шарты: Балалар суретте берілген заттардың санын табады. (бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын табады)
«Суреттер сөйлейді»
(суреттер арқылы 3 саны мен цифрын түсіндіру)
Жұмбақ есеп
Гүлдерге кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 2 туысын,
Ертіп келіпті бұл ара.
Барлығы қанша ара? (3)
Мұз айдында 1 бала,
Асыр сап жүр сырғанай.
Сырғанамай 2 бала,
Жағалауда тұр қарай.
Санап айтсақ ойланбай.(3)
- 3 саны неге ұқсайды?
- 3 санына байланысты өлеңдер оқу.
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.
Оқулық дәптердегі тапсырмаларды орындау
- 3 санын ауада, тақтаға жазғызу
Жұптық тапсырма
1 - жұп
Қай заттар үштен? Қоршап сыз.
2 - жұп
Суреттерді цифрмен сәйкестендіріп, сызықпен қосу
3 - жұп
Суреттерді салыстыр
4 - жұп
Санын тап
5 - жұп
Көршісін тап
Сергіту сәті
«Зимная физминутка»

Кері байланыстылық -
түзетушілік
«Микии Маус волейболист» ойыны
(есептер шығару)
- Қандай санмен таныстық?
- Үш саны неше бірліктен тұрады?

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 3 цифры мен санын
Қандай түсініктерді игерді: 3 цифрының жазылуы туралы түсінікті
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үш заттан тұратын топты табады.
3 саны мен цифры. слайдты жүктеу
3 257
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 цифрымен таныстыру. «Ұзын, қысқа, тар, кең» ұғымдарын және дөңгелек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Балаларға 4 санының жазылу жолдарын, құрамымен таныстыру. 0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
3 саны және цифры
3 саны және цифры
Балаларды 3 саны және цифрымен таныстыру, тура және кері санауға үйрету, 3 санын жаза білуге, сандарды заттармен сәйкестендіре білуге үйрету
3 саны мен цифры
3 саны мен цифры
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі: Маханова Динара Рысбекқызы
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің МАД «Б» тобының мұғалімі Қоңырова Нағира Аманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×