Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 саны мен цифры

27 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Балдәурен» ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы:" 8 саны мен цифры"
Мақсаты: 8 Саны мен цифрын таныстыру. 7 санына 1 - ді қосып 8 санын алуға болатынын түсіндіру.“+”, “-” таңбаларын пайдаланып, 8 - ге дейінгі көлемде жазбаша, ауызша есептер құрастыру. Тура және кері санау. 8 санын қос қошқар Мүйіз өрнектерін балаларға көрсете отырып естеріне сақтау. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: 1 - 8 кеспе цифрлары, саны сегізге дейін құмыралар, гүлдер, таңбалар, үйшік карточкалар.
Балаларда: Кеспе сандар қалтасы, жолақты карточкалар, таяқшалар, карточкалар.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
«Шаттық шеңбері»
Балалар қуанышымызды бір - бірімізге жеткізейік!

Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Ренжітпеуді де ойлаймыз
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық баршамыз!

Дидактикалық ойын: «Ойлап тапшы?»
- Кемпірқосақта неше түс бар?
- Аспанда неше жұлдыз бар?
- Адамда неше көз бар?
- 5 саусақты қолғапта неше саусақ бар?
Біздің топта неше қыз, бала бар?
Өткен іс - әрекетті қайталау.
- Балалар біз өткен іс әрекетте неше санымен таныстық?
- 7 санына байланысты қандай қасиетті ұғымдар бар?
- 7 санына байланысты өлең - тақпақтар білесіңдер?
- Бір аптада неше күн бар?
Балалар, біз өткен Айналамен таныстыру іс - әрекетінде «Менің күнім» тақырыбында Мүбарак Жаманбалинов «Бір аптада» өлеңін жаттаған едік, кәне есімізге түсірейік.

Ұйымдасты - рушы ізденушілік
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік, әндетіп,
Жұма күні жидек тердік қыраттан
Сенбі күні кино көрдік клубтан
Жексенбіде үйде болдық демалдық
Осылайша өте шықты бір апта.
Балалар назарын тақтаға аударып, құмыраларды санату.
- Құмыралардың бәрі бірдей ма?
- Қалай орналақан?
Құмыраның қасына тағы бір құмыра қосып, 8 санын шығарып, және суреттегі қоянның неше қаламы бар, екі дөңгелекті жоғары - төмен орналастырып, 8 санын шығарып, балаларды 8 санымен таныстыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 942
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
Мақсаты: 0 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санау дағдыларын дамыту. 11, 12, 13 – сандарының ондықтармен бірліктерден тұратынын түсіндіру. Өткенді қайталап, білімдерін тия нақтылау, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету.
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Орал қаласы, Казталов ауданы. Балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің МАД «Б» тобының мұғалімі Қоңырова Нағира Аманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×