Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш

17 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу және әдептілікке, ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау, практикалық.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Презентациялар (Сөзжұмбақ, ребус, суреттер).

Сабақ барысы
І. Психологиялық дайындық
Қатар – қатар тізіліп,
Оқушыға лайық .
Қолымызды жіберіп,
Түп – түзу болып тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа – нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр
2 – қатар тез отыр
3 – қатар сен де отыр
Сабақ бастар кез болып тұр.
ІІ. Өткенді еске түсіру.
Сөзжұмбақ шешу.
1.Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі. (Сағат)
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (Өрік)
3. Әшейінде жекесің,
Қарай қалсаң екеусің. (Айна)
4. Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай шу.(Түлкі)
5.Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
6.Құралы әрі ермегі –
Тоқитұғын өрмегі. (Өрмекші)
С
Ө
Й
Л
Е
М

Сұрақ – жауап:
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
3. Сөйлем мүшелері деп қандай сөздерді айтамыз?

Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықта. Әр сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жаз.
кімнен? кім? не істейді?
Ұстаздан шәкірт озар.
не? нені? не істейді?
Еңбек өмірді ажарлайды.

ІІІ. Көркем жазу минуты.
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық,
Көркем етіп жазайық
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғылымды көрсеңіз.
( Абай)
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ребус шешу

Жауабы: Бастауыш
Ережемен таныстыру.
Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз. Жаңбыр жауды. (Не жауды?). оқушылар жазды. (Кім жазды?)

Мұғалім түсіндірді. (Кім түсіндірді?). Лақ маңырады. (Не маңырады?). Мұз қатты. (Не қатты?). Күн шықты. (Не шықты?). Сәкен оқыды. (Кім оқыды?)
V. Оқулықпен жұмыс
1 –жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Балалар бүгін музейге барады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Болат қиын есепті өзі шығарды.Апам бөлмені жинады.

• Сөйлемде кім немесе не жайында айтылып тұр?

• Сол сөздің астын сыз
2 -жаттығу
Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.
 Суреттің орнына жазылған сөздерге сұрақ қой.
науқас адамдарды емдейді. аспанға ұшты.

қысқы ұйқыға қамданды. тамылжыта ән салды.
Дәрігер науқас адамдарды емдейді. Құс аспанға ұшты. Аю қысқы ұйқыға қамданды. Бала тамылжыта ән салды.

VІ. Сергіту сәті
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
VІІ. Өлеңмен жұмыс.
3 – жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жаз.
Мен дала бардым
Мен дала бардым.
Қыр гүлін берді,
Көл суын берді,
Күн нұрын берді.
• Бастауыштардың астын сыз, оларға сұрақ қой.
VІІІ. Ойын: “Адасқан сөзді тап!”
Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Слайд № 28
Не мөңірейді? Сиыр мөңірейді. Не кісінейді? Жылқы кісінейді. Не боздайды? Түйе боздайды. Не маңырайды? Қой маңырайды. Не ақырады? Арыстан ақырады
ІХ. Ойын: Саны бар атаулар.
1 + лік – бірлік
2 + жүздік – екіжүздік
К + 3 + ік – күшік
5 + ік – бесік
6 + бақан – алтыбақан
7 + м – жетім
8 + аяқ – сегізаяқ
9 + құмалақ – тоғызқұмалақ
Х. Өзіндік жұмыс.
• Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.
• Бастауыштардың астын сыз.

ХІ. Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бастауыш туралы алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

4 – жаттығу.
Мәтінді оқы. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
(Кімдер? ) сыныпта гүл өсірді. (Нелер?) сынып бөлмесінің ауасын тазартады. Аквариумде (нелер?) жүзіп жүр. (Кімдер?) балықтарға қамқорлық жасайды.
Керекті сөздер: балалар, балықтар, олар, өсімдіктер, оқушылар.
Оқушылар сыныпта гүл өсірді. Өсімдіктер сынып бөлмесінің ауасын тазартады. Аквариумде балықтар жүзіп жүр. Олар балықтарға қамқорлық жасайды.
ХІІ. Бағалау.
Мұғалімнің айтқанын,
Мықтап ойға тоқимыз.
Бар ынтамен оқысақ
Кілең 5 – ке оқимыз, - деп бағалау парақшаларымен бағалау.
– «5», – «4», – «3».
4 592
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлем мүшелерінің байланысы
Сөйлем мүшелерінің байланысы
оқушыларға жаңа білімді меңгерту, сөйлем мүшелерінің байланысын сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдана білу, сөйлем мүшелеріне тән өзіндік ерекшеліктерін үйрету;
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Түбір сөз бен туынды сөз
Түбір сөз бен туынды сөз
Түбір сөз бен туынды сөз туралы сабақ жоспары
"Мал атасы" Дауыссыз дыбыстар
"Мал атасы" Дауыссыз дыбыстар
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, № 44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы
Тұрлаулы мүшелерді қайталау
Тұрлаулы мүшелерді қайталау
Бастауыш сынып мұғалімі: Кайдакова Жанат Бекболатовна
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×