Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түбір сөз бен туынды сөз

15 қараша 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз бен туынды сөз

Сабақ барысы.
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық
Баяу әуенмен «Балалық шақ» әуені ойналып тұрады.
Мұғалім:
Қатар - қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп - түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа - нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр,
2 – қатар тез отыр,
3 – 4 – қатар сен де отыр.
Сабақ бастар кез боп тұр.

ІІ. Көркем жазу минуты.
Оқушылар дәптерді ашып, бүгінгі күннің ретін жазады
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық.
Көркем етіп жазайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Жан - жақты білімдерін тексеру.
«Бал жинау» ойыны. Ойынның шарты: араларда жазылған жұрнақтарды сәйкес келетін гүлге қондыру. Жұрнақтарды жалғағанда қандай сөздер шықты? Бұл сөздерді туынды сөздер деп атаймыз. Себебі, жұрнақ арқылы бұл сөздерден жаңа сөздер шықты.

Жаңа сабақ. Түбір сөз және туынды сөз.
І. Қызығушылығын ояту кезеңі.

Семантикалық карта
----------
«Оқымай білім жұқпас, Білімсізден өнер шықпас». Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтарыңдағы 120 – беттегі 19 - жаттығуды таба қойыңдар.
Түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.
Жұмыс, дос, сый, - лық
Талап, қызмет, - шы, - ші
Дойбы, ас - кер, - тық

ІІ. Мағынаны тану кезеңі

Ереже:
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. Мысалы: ерлік, татулық, жұмысшы.

20 – жаттығу. Сөздерді оқы. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екенін айт.

Оқушыларды ПАЗЛ ойыны арқылы топтастырады. Оқушылар құрастырғыштың бір - бір данасын алады да, әркім өз суреті бойынша топтасады.
Топтық жұмыс
I топ. Түбір сөздерді тап.
Өнер, ек, жарыс, іс, егін, жаз.
II топ. Туынды сөздерді тап.
Жазушы, ертең, сарғыш, ертеңгі, көңілді, балапан.

21 - жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
 Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда.
 Мақалдың мағынасын қалай түсінгеніңді айт.

Қызылорда қаласы, №257 орта мектеп,
Бастауыш мектеп мұғалімі: Жүнісова Шолпан

Толық нұсқасын жүктеу
43 255
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау.
Түбір сөз және туынды сөз
Түбір сөз және туынды сөз
бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Зат есімді қайталаймыз
Зат есімді қайталаймыз
Зат есім туралы өткен сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Жаттығулар орындау барысында зат есімдерді тауып, туынды зат есімге айналдыра білуге үйрету.
Жұрнақ
Жұрнақ
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×