Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем мүшелерінің байланысы

18 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ жоспары:
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жаңа білімді меңгерту, сөйлем мүшелерінің байланысын сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдана білу, сөйлем мүшелеріне тән өзіндік ерекшеліктерін үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, ой - еркіндігіне баулып, тілін, сөздік қорын дамыту және көркем жазуға дағдыландыру; дүниетанымын кеңейту;
Тәрбиелік: оқушыларды азаматтылыққа, парасаттылыққа жатпайтын мінездерден сақтандыру, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу; алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу;
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: саяхат
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын,
Дидактикалық материалдары: оқулық, плакат, слайд, қима қағаздар
Пәнаралық байланыс: дүниетану,

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Психологиялық дайындық
Қатар - қатар тізіліп
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп
Түп - түзу боп тұрайық.
Жақсы болып сабақта
Әдеп сақтау сәніміз.
Отыруға нақпа - нақ.
Дайындалдық бәріміз:
I қатар – жәй отыр,
II қатар - тез отыр,
III қатар - сен де отыр,
Сабақ бастар кез боп тұр!

II. Үй тапсырмасын сұрау және бағалау
5 - жаттығу.
«Менен сұрақ, сізден жауап» ойыны арқылы үй тарсырмасын бектімін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

III. Жаңа сабаққа кіріспе.
Эпироф: Н. Ә. Назарбаевтың сөзі
Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас қазына болмақ!
Сұрақ - жауап
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Қай ай?
- Күздің соңғы айының соңғы күндері қандай керемет!
- Керемет демекші, осы әлемде де кереметтер көп емес пе?
- Қандай кереметтерді білесіңдер?
1. Египет пирамидасы.
2. Вавилондағы Семирамида аспалы бағы.
3. Ертедегі Артемида храмы.
4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.
6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні.
7. Александрия маягі
- Балалар біз бүгін осы әлемдегі 7 кереметке саяхатқа шығамыз. Бізге әр кереметтің өзіндік сыйлары бар екен. Саяхатымызды әлем кереметтерінің алғашқысы - Египет пирамидасы.

IV. Жаңа білімді меңгерту
Египет пирамидасының сыйы «Ұғып ал!» ойыны(жаңа тақырыппен танысып, түсінік алу)
1. «Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны. Тақтаға төмендегідей сөздер жазып қоямын.
Гауһар, берілген, үйге, орындады, тапсырманы.
а) Оқушылар оқып шығып, сөйлем мүшелерінің ретімен қойылмағаны анықтайды.
ә) Оқушылар сөйлемдерді орнымен қойып шығады (Гауһар үйге берілген тапсырманы орындады).
Сөйлемдегі сөздер дұрыс құрылу үшін, олар өзара мағыналық байланыста болу керектігі сызба арқылы түсіндіремін.
Гауһар не істеді? Гауһар орындады. Кім орындады? Гауһар орындады.
Гауһар қай тапсырманы орындады? Гауһар үйге берілген тапсырманы орындады.
Гауһар нені орындады? Гауһар тапсырманы орындады.
Сөйлем мүшелерінің байланысы. жүктеу​​​
1 827
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң және жайылма сөйлем презентация
Жалаң және жайылма сөйлем презентация
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімді жетілдіріп, сауатты және көркем жазуға дағдылану 1-тапсырма: 1. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызба арқылы сызып көрсет. Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш Президент 2. Қима қағаздармен жұмыс
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Атаулы сөйлем
Атаулы сөйлем
Жай сөйлемнің құрамдық түрлерінен сөздердің білімдерін жетілдіру, жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлем және оның жасалу жолдарын түсіндіру, атаулы сөйлемнің ерекшеліктерін меңгерту. үйрету
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Сөйлем мүшелерінің байланысы
Сөйлем мүшелерінің байланысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Т. А. Жұмабаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×