Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамдар жануарлардан не алады?

15 маусым 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Адамдар жануарлардан не алады?
Пәні: Жаратылыстану
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 1. 2. 2. 2 жабайы және үй жануарларын ажырату, үй жануарларынан және үй құстарынан алынатын өнімдерді білу, анықтау;

Бағалау критерийлері
1. Жабайы және үй жануарларын айтады, ажыратады.
2. Жануарлардан алынатын өнімдермен танысады.
3. Жануарлардан алынатын өнімдердің денсаулыққа пайдасы туралы әңгімелейді.
4. Үй жануарларынан өте көп өнім алатынына көз жеткізеді.

Басы «Ойшылдың қалпағы» ойыны арқылы алдыңғы білімін жаңа сабақпен байланыстырамын.
Сары қалпақ таңдағандар үй жануарлары туралы әңгімелейді:
• Үй жануарлары адамдардың жанында тіршілік етеді;
• Адам оларға қора, үйшік салады;
• Оларды қоректендіреді;
• Оларды күтеді;
• Төлдеріне қамқор болады.
Қара қалпақ таңдағандар жабайы жануарлар туралы әңгімелейді:
• Жабайы аңдар орманда мекен етеді;
• Суқоймада тіршілік етеді;
• Тауда мекендейді;
• Далада мекендейді;
• Өзін - өзі қорғайды;
• Өзін - өзі емдейді;
• Өздері төлдеріне қамқорлық жасайды;
• Өздері қорек табады;
• Өздері ін қазып, үңгірлерді мекендейді.

Ортасы 1.
Оқылым
Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға оқулықтағы сюжеттік суретке мұқият қарауды тапсыру. Мынадай сұрақтар қоямын:

- Дүкендерге азық - түлік қайдан әкелінеді?
- Анасы не сатып алды? Өнімдер қайдан алынады?
- Адамдар жануарлардан қандай азық түлік өндіреді?
- Азық - түлік өнімдерінен басқа жануарлардан тағы не алынады?
- Кім шұбат, қымыз ішіп көрді?
- Шұбатты, қымызды немесе құртты қалай жасайтынын көргендерің бар ма?
- Не себепті ірі үй жануарларынан қаланың пәтерінде емес, ауылда асырайды?
- Кім жұмыртқаның ақуызын жақсы көреді?
- Жұмыртқадан тағы қандай ас әзірлеуге болады?
Адам үй құстарынан тағы не алады?
Дескриптор
1. Дүкенге азық - түлік қайдан келетінін біледі.
2. Өнімдердің қайдан алынатынын айта алады.
3. Ірі үй жануарларының қаланың пәтерінде не себепті асырамайтынын түсінеді.
Кері байланыс: «Шапалақтау» әдісі (әр топтың жұмысы шапалақтау арқылы бағаланады. )

2. Айтылым және тыңдалым
Топпен жұмыс
«Алып кел, көрсет, бөліс» ойыны арқылы әр топтағы оқушы үйінен дайындап әкелген заттарына назар аудартып қалай және неден жасалғандары туралы айтып бөліседі.

1 - топ Жүннен жасалған өнімдер
2 - топ Сүттен жасалған өнімдер
3 - топ Теріден жасалған өнімдер

Дескриптор
1. Алтын ережені сақтау
2. Оқушылар өнімдердің қай жануардан алынғанын анықтайды
3. «Адам үй жануарларынан өте көп бұйым алады» деген қорытындыға келеді.
4. Жануарлардан алынған өнімдерді зерттеп, оның адам өміріндегі маңызына көз жеткізеді.
Кері байланыс: «Алақан» әдісі

Сергіту сәті Караокемен «Қошақаным» әнін айтады

3. Суретпен жұмыс
Оқушылардың назарын дүкеннің қасында орналасқан көпқабатты үйге аудару. Адамға тотықұс, мысық, аквариум балықтары қандай пайда әкеледі? Деген сұрақтарға жауап ала отырып, оқушыларға жануарлардан азық - түлік пен киім жасайтын өнім (жүн, тері, мамық) алып қана қоймай, оларға қамқорлық жасау (емдеу, қоректендіру, қарау) керектігін түсіндіремін. Кімнің үйінде осындай жануарлар барын сұраймын.
Оқушыларға тірек сөздерді (тері, жүн, сүт, жұмыртқа, ет, сүт - молоко - milk) бірге хормен айтқызамын.

Дескриптор:
1. Үй ішіндегі жануарлардың пайдасын біледі.
2. Олар адамның көңіл - күйін көтеретінін біледі.
3. Оларға қамқорлық жасау керектігін түсінеді.
4. Жазылым
Кері байланыс: «Смайлик» әдісі

Дәптермен жұмыс
Үй жануарының атауы ----- Тұратын мекені ----- Қандай өнім алынады?
сиыр
жылқы
қой
тауық
түйе

Дескриптор
1. Қажетті сөздерді пайдаланып, кестені толтырады.
2. Алдымен жануарлардың тұратын мекенін, содан соң одан алынатын өнім түрін таңдап алады.
3. Жұмысты жұппен тексереді.
Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі

Жауабы:
Сиыр: сиырқора, сүт, ет.
Жылқы: атқора, қымыз, ет.
Қой: қойқора, жүн, ет.
Тауық: күрке, жұмыртқа, мамық, ет.
Түйе: түйеқора, шұбат, ет.

Жеке жұмыс. Адамдар жануарлардан не алады? Бұл тапсырманы оқушылар өз бетінше орындайды. Жануарлардан алынатын өнімдердің суретін тауып, соны бояйды: жұмыртқа, сүзбе, қымыз, құрт, шұбат, сүт, қаймақ, шұжық.

Дескриптор:
1. Жануарлардан алынатын өнімдерді ажырата алады.
2. Сол өнімдерді түсіне сәйкес бояйды.
Кері байланыс: «Басбармақ» әдісі

Мектеп: Бауыржан Момышұлы атындағы
№45 қазақ классикалық гимназиясы
Мұғалімнің аты: Мустафина Аида
Адамдар жануарлардан не алады? жүктеу
2 288
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Жануарлардың қандай түрлері болады?
Жануарлардың қандай түрлері болады?
Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажыра білу.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Адамдар жануарлардан не алады?
Адамдар жануарлардан не алады?
Барлық оқушылар: жабайы жануарларды үй жануарларынан ажыратуды үйрету; Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Етістіктің болымсыз түрі
Етістіктің болымсыз түрі
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шильдебаева Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×