Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамдар жануарлардан не алады?

09 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Адамдар жануарлардан не алады?
Жаратылыстану 1 - сынып
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: жабайы жануарларды үй жануарларынан ажыратуды үйрету;
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Ресурстар: жүн мен мамықтан жасалған бұйымдар;
ыдысқа құйылған сүт өнімдері: сүт, шұбат, мүмкіндік болса, қымыз немесе олардың суреттері;
үй және жабайы жануарлардың белгілері бар үлестірмелі парақшалар.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар:
қандай жануарлар үй жануарларына жататыны туралы білімдерін дамытады;
үй жануарларынан және үй құстарынан алына­ тын өнімдерді біледі;
қымыз, шұбат, құрт сияқты ұлттық сүт өнімдерімен танысады;
бақылау, талдау және түйіндеу дағдыларын жетілдіреді.
Сабақтың мақсаты: 1. 2. 2. 1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау; Адамдар үшін жануарлардың пайдасын түсіндіру;

Басталуы
Психологиялық ахуал:
Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым.
Қолымыздан ұстайық,
Жылулықты сыйлайық.

Доброе утро учитель,
Доброе утро друзья.
Посмотрите друг на друга,
Пожелайте добра.

Good morning, good morning
Good morning to you.
Good morning, our theacher,
We are glad to see you.

Сыныпты топқа бөлу:
Оқушыларды төрт түлік малдың суреті арқылы топқа бөлу.

Өтілгенді қайталау:
Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың
ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;
«Қимақ» ойыны арқылы сұраймыз. Тақта алдында жіпте керулі сұрақтар тұрады оқушылар көздерін жұмып қиып алып, жауап береді.

1. Жануарлармен өсімдіктердің ұқсастықтарын ата.
(қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді)
2. Жануарлармен өсімдіктердің айырмашылықтарын ата.
(өсімдіктер өмір бойы өседі. Жануарлар белгілі бір кезеңде өседі)
3. Қандай жануарларды білесің?
(түйе, ат, сиыр, қоян, қасқыр )
4. Қандай өсімдіктерді білесің?
(раушан, қызғалдақ, кактус)
Кері байланыс. Ыстық орындық.
Адамдар жануарлардан не алады?
«Топтастыру» әдісі.
Оқушылар суреттерден үй жануарлары мен жабайы жануарларды топтайды.

Кері байланыс. Қарша борату.
Оқулықпен жұмыс:
Адамдар және жануарлар.
Анасы не сатып алды?
Өнімдер қайдан алынaды?
Адамдар жануарлардан қандай азық - түлік өндіреді?
Азық - түлік өнімдерінен басқа жануарлардан тағы не алынады? Кім шұбат, қымыз ішіп көрді?
Шұбатты, қымызды немесе құртты қалай жасайтынын көр­ гендерің бар ма?

Үй құстары.
Кім жұмыртқаның ақуызын жақсы көреді?
Жұмыртқадан тағы қандай­ ас әзірлеуге болады?

Зерттейік. Әр топ адамға өнімдер немесе азық - түлік беретін жануарларды жазып, төрт бағаннан тұратын кесте

Үйде ұстайтын жануарлар.
Негеш не істеп жатыр?
Эврика не істеп жатыр?
Адамға тотықұс, мысық, аквариум балықтары қандай пайда әкеледі?
- Жүн, тері, мамық алып қана қоймай, оларға қамқорлық жасау (емдеу, қоректендіру, қарау) керек.
Кімнің үйінде осындай жануарлар бар?

Ойлан!
Келтірілген мысал арқылы оқушылар үй жануарларына қайсысы жататынын талдайды.

Адамдар жануарлардан не алады. жүктеу
3 697
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қалай дұрыс тамақтану керек?
Қалай дұрыс тамақтану керек?
Сабақтың мақсаты: 1. 2. 3. 3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау.
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
Сабақтың мақсаты: 1. 2. 2. 2 жабайы және үй жануарларын ажырату; 1. 2. 2. 3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру
Адамдар жануарлардан не алады?
Адамдар жануарлардан не алады?
Жабайы және үй жануарларын ажырату, үй жануарларынан және үй құстарынан алынатын өнімдерді білу, анықтау;
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Жануарлардың қандай түрлері болады?
Жануарлардың қандай түрлері болады?
Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажыра білу.
Жануарлар туралы жалпы ұғым
Жануарлар туралы жалпы ұғым
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Мұнайлы селосы, №5 жалпы білім беру мектебі ММ Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Орынбаева Қырмызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×