Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)

15 шілде 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)
Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге, ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар біздің бүгінгі болатын оқу іс - әрекетімізге сендер қалай қатысатындарыңды, қандай болып өскендеріңді көруге қонаққа апайлар келіп отыр.
Балалар шеңбер құрады.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қуанатын күн бүгін,
Сәлеметсіздер ме апайлар!

Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес - сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі
бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін
дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

ЖҰМБАҚТАР:
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. /Аю/
Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/
Өзі бір қу,
Жүрген жері шу./Түлкі/
Күші десең, күші бар,
Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/
Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын кім шалшықта
Бірін - бірі мақұлдап./Бақа/
Жер қопарған тісімен,
Сескенесің түсінен. /Қабан/
Үй - ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жыртады,
Мысықтан қорқады. /Тышқан/
Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі суреттер сыйлайды. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар?
Балалар: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ертегіні балалар жақсы көреді. Ертегіні балалар қонаққа шақырды. Ертегі бізге қонаққа
келді. Біздің бүгінгі ертегіміз қалай аталады?
Балалар: «Қолғап»
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар біздің бүгінгі «Қолғап» ертегіміздің кейіпкерлері сендер боласыңдар. Ерте, ерте, ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.
Тәрбиеші: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.
Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.
Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын.
Шыршалардың арасынан бақа шығады.
Бақа: Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады.
Ал сен кімсің?
Бақа: Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші.
Тышқан: Мұнда орын жетеді.
Шыршалардың арасынан қоян шығады.
Қоян: Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?
Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.
Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.
Қолғапқа түлкі бикеш келеді.
Түлкі: Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?
Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.
Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.
Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.
Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық қоян тұрады.
Түлкі: Түлкі бикеш тұрады.
Ал сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.
Қолғапқа қабан келеді.
Қолғапта кім тұрады?

Тәрбиешілер: Адылханова Г. М.
Кисамиденова А. М.

Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар). жүктеу
4 130
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алма ертегісі
Алма ертегісі
Ертегі желісі арқылы балалар өз көзқарастарын білдіруге, әңгімелесуге баулу. Эмоцияларын білуге үйрету. Сахналауда кейіпкерлерді дұрыс қолдануды үйрету.
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Үлпілдек жүнді балапан» жапсырып үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қуанамыз, ойнаймыз суықтан біз тоңбаймыз
Қуанамыз, ойнаймыз суықтан біз тоңбаймыз
Балалардың ойын әрекеттерін байыту. Балаларды ойын барысында белгілі рөлді орындауға бағыттап, сюжетін дамыту. Топ болып бірге ойнауға, бір - біріне мейірбанды болуға тәрбиелеу.
Қысқы баспана
Қысқы баспана
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
2 – ні қосу және азайту
2 – ні қосу және азайту
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асенова Жамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×