Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шамалар арасындағы тәуелділік. Табиғат құбылыстары бөлімі.

21 шілде 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика пәні 4 - сынып
Сабақ тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділік. Табиғат құбылыстары бөлімі.
Оқу мақсаты: _ Есептерді шығаруда егіннің өнімділігі, ауданы және массасы шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану;
_ Есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу.

Сабақтың басы 1 мин
1. Ми гимнастикасы (Мақсаты: Ойлау қабілетін жақсарту)
«Басты шайқау». Терең демалыңдар, иықтарыңды бос ұстап, басыңды алға тастаңдар. Денедегі ауырлық түскенше бастарыңды ақырын әрі - бері айналдырыңдар. Иектеріңді бір сызықтың бойымен кеуде тұстарыңа әкеліңдер. Осылай отыз секунд жаттығу жасаңдар.

2. Үй тапсырмасын бекіту «Ішкі және сыртқы шеңбер»
(Оқушылар берілген сұрақтар аясында өз білгендерімен бөліседі. Мақсаты: өнімділік формулаларын қайталайды және
математикалық тілде сөйлеу ережесін дұрыс пайдалануға дағдыланады)
Сұрақтар:
_ Өнімділік дегеніміз не? Қалай белгіленеді?
_ Өнімділікті қалай табамыз?
_ Өнімділік массасын қалай белгілейміз? Оны қалай табамыз?
_ Ауданды қалай табамыз? Ол қалай белгіленеді?

Сабақтың ортасы 28 мин
3. Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Жетістік критерийлерін анықтау

_ Ауданды, өнімділікті, өнімділік массасын анықтау не үшін қажет? (Өмірмен байланыстыру)
4. Кіріспе тапсырма
_ Аудан өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыр. Қандай сөз шықты? Ол туралы не білесің?
(Мақсаты: өлшем бірліктерін еске түсіру және ортақ тақырыпқа байланысты табиғат құбылыстары бойынша қазақ халқының ауа райын болжау әдістері туралы қысқаша танымдық мәлімет беру)
_ Ағашта қырау болса, күн жылиды.
_ Қырау қалың түссе, кешікпей қар жауады деп күтіледі.
_ Түнде қырауланса, күндіз жауын жаумайтынының белгісі.
_ Жерге жұқа қырау түссе, күн жылынады.

5. Тапсырма орындау ( Ұжымдық жұмыс)
«Үндемес ойын» (Ламинатталған А4 парағына тек жауабын жазады)
600ар =... га
... ар = 90 га
3 га =... ар
416000ар =... га
... ар = 23700 га
... га = 7400 ар
52 га =... ар
... га = 71200 ар

(Мақсаты: шамалардың өлшем бірліктерін дұрыс пайдалануына назар аударамын)
Бағалау:
«Сағат тілі» оқушылар жұмыстарын ауыстыра отырып тексереді.
Бағалау критерийлері:
_ Аудан бірліктерін олардың арасындағы қатынасты дұрыс түрлендіреді.
_ Түрлендіру жолын түсіндіріп береді.

Мұғалім: Кушкинбаева Гулсин Сайдохматовна
Шамалар арасындағы тәуелділік. Табиғат құбылыстары бөлімі. жүктеу
1 794
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Математика пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика, 3 - сынып.
Шамалар арасындағы тәуелділік: заттың шығыны, саны (заттар саны), жалпы шығыны.
Шамалар арасындағы тәуелділік: заттың шығыны, саны (заттар саны), жалпы шығыны.
Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру.
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №5
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №5
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
Физика есептерін шығаруда оқушылардың математикадан алған білімдерін пайдалану
Физика есептерін шығаруда оқушылардың математикадан алған білімдерін пайдалану
Физика есептерін шығаруда оқушылардың математикадан алған білімдерін пайдалану Есеп шығару – оқушы үшін ерекше іс - әрекет, яғни ой жұмысы.
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Информатика пәні мұғалімі: Бегасилова Роза
Өнімділік және жұмсалған уақыт бойынша орындалған жұмысты табу
Өнімділік және жұмсалған уақыт бойынша орындалған жұмысты табу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың есепті тез шығару қабілетін арттыру, есептерді шығару, өрнектердің мәнін табу, шешу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×