Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем мүшелерінің байланысы

24 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы
Мақсаты: Сөйлем туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен тұрлаулы мүшелерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру. Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру. Білімді, ынталы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық «Көңілімізді көтерейік» - Жанымыздағы сыныптасымыз қандай екенін жазу. Оқу. (Сол қағаздарды мониторинг үшін дайындалған ватман қағазға жапсыру – балалардың аттары осылайша тіркеледі)

2. Мұғалім: - Бүгінгі сабағымызда біз табиғатқа көмек көрсетейік.
- Қазір табиғатқа не керек? (Қар)
- Неліктен? Оның қандай пайдасы бар?
- Тапсырмаларды орындаған сайын жерге қар ұлпаларын түсірейік – осылай біз жер дүниені көрпеге орап, жылытамыз.

• Сөздік диктант: Мектеп, мұғалім, кітап, дүниетану, еңбекке баулу, математика, әдебиеттік оқу, циркуль, сия, табиғаттану, дене шынықтыру, күнделік. (11 сөз) (Карточкаға аттарын жазып, содан кейін сөздік диктантты орындап, тапсырады. Олар тексеріліп, мониторинг қағазда белгіленеді.)

• Өткен сабақтарды қайталау. «Ой қозғау» стратегиясы - Сөйлем неден құралады? - Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (ереже) - Сөйлем түрлерін ата. (Лепті, хабарлы, сұраулы) - Сөйлемнің қандай мүшелері болады? - Сөйлемнің негізгі, яғни тұрлаулы мүшелерін ата. - Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?

• 80 бетте 1 - жаттығу Көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау: Мысалы: Айбек кітап оқыды.
• «Т» әдісі бойынша: Сөйлемдерді екі жаққа топта. Сөйлемдегі сөздердің байланысы дұрыс немесе қате.
• 81 беттегі 3 - жаттығуды тақта алдында орындату. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсету. Байланыстарды айту.

• Жазбаша мәтін құрылуының бес жолды стратегиясы бойынша жұмыс.
Тақырыбы: «Табиғат»
1. Қоқыс үйіндісі
2. Әркім сол үйіндіні пайдаланып сөйлемдер жазады.
3. Бір - бірінің сөйлемдерін оқып, көркем сөздер қосып түзейді.
4. Жұптасып орындайтын жұмыс: қателерін түзейді.
5. Презентация: оқушы «автор орындығынан» өзінің шығармасын оқиды
3. Рефлексия «Күн сәулелері» - Барлығымыз өзімізді күн сәулесіміз деп елестетіп көрейік. Әрбір күн сәулесіне бүгін сабақта не білгеніңді жазып іл.
Бағалау.
19 784
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлем мүшелерінің байланысы
Сөйлем мүшелерінің байланысы
оқушыларға жаңа білімді меңгерту, сөйлем мүшелерінің байланысын сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдана білу, сөйлем мүшелеріне тән өзіндік ерекшеліктерін үйрету;
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге машықтандыру. Дара және күрделі мүшелерді ажырата білу.
Сөйлем, сөйлем түрлері. Нәтиже сабақ
Сөйлем, сөйлем түрлері. Нәтиже сабақ
Сөйлем, сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау. Оқушының ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын байыту.
Атаулы сөйлем
Атаулы сөйлем
Жай сөйлемнің құрамдық түрлерінен сөздердің білімдерін жетілдіру, жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлем және оның жасалу жолдарын түсіндіру, атаулы сөйлемнің ерекшеліктерін меңгерту. үйрету
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абдулова Инеш Хадымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×