Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат – туған анамыз!

21 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Мамбетжанова Бақыткүл Алдоңғарқызы

Тақырыбы: Табиғат – туған анамыз!
Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Барысы:
Табиғат – адам.
Табиғаттың тынысы кең, тілі бай
Ауасының шәрбатын - ай, тұнығы - ай!
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім - ай!
Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына төзген. Ата – бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер, мақал - мәтелдер және тыйым сөздер қалдырып кеткен.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Балалар, табиғат, жан - жануарларға арналған қандай мақал - мәтелдерді әзірлеп келдіңдер?
1. Сулы жер - нулы жер
2. Бұлақ көрсең көзін аш
3. Су жүрген жер – береке,
Ел жүрген жер – мереке.
4. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр жерге жауған нұр.
5. Аққу құссыз – көл жетім
Айтылмаған сөз жетім.
6. Бұлбұлға бау жақсы
Кекілікке тау жақсы.
7. Ауа - өмір тынысы.
8. Судың да сұрауы бар
9. Жер - қазына, су - гаухар.
Жарайсыңдар, мінекей табиғат туралы көптеген мақал - мәтел біледі екенсіңдер. Енді қандай тыйым сөздерді біледі екенбіз?

ІІІ. Тыйым сөздер.
Суға түкірме
Суды лайлама
Су ішетін құдыққа түкірме
Бұлақты былғама
Көкті жұлма
Орманды өртеме
Жалғыз ағашты кеспе
Құмырсқаның илеуін бұзба
Өрмекшіні өлтірме
Аққуды атпа
Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер

IV. Жұмбақтар.
1. Қызығып әр адам,
Ұстап ап даладан.
Жүніңді жұлып ап,
Бесікке қадаған. Бұл қай құс? (үкі)

2. Қашаудай мықты тұмсығым,
Бәске тігем, бұл шыным.
Құрт - қоңыз, шыбын аулап жарысам,
Орман дәрігері болып табылам. (тоқылдақ)

3. Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай (қарлығаш)

4. Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап,
Қыста алыс кетеді. (қараторғай)
Қорытынды:
Адамдар табиғаттың сырына назар аударған, емдік қасиетін де байқап, олардың науқастарды емдеуге көп көмегі бар екеніне көңіл бөлген. Мысалы: борсық майы өкпе ауруына, иттің майы суық тигенде, құрбақаны ағауыз деп атайтын жараға ем ретінде қолданған.

Жер Ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды жер – Ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.
56 900
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Эссе. Табиғат - ғажап әлем
Эссе. Табиғат - ғажап әлем
Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Отаным - Қазақстан (оқушы шығармашылығынан)
Отаным - Қазақстан (оқушы шығармашылығынан)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің 6 - сынып оқушысы Есқалиқызы Балкүміс
Табиғат – асыл қазынам
Табиғат – асыл қазынам
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені, №215 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Раушан
Табиғат – асыл қазынам
Табиғат – асыл қазынам
Мақсаты: табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивтік тақта,табиғат туралы суреттер,. Сабақтың барысы (интерактивтік тақтамен слайд).
Табиғат тағдыры-адам тағдыры
Табиғат тағдыры-адам тағдыры
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес. Жер ана мен өз анаң егіз екен, Мейірімдері мейлінше теңіз екен. Анам туды, жер ана
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×