Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


2- сынып дүниетану мемлекеттік мейрамдар

23 сәуір 2020, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың басы 
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
Жақсылық бар менде, 
Жақсылық бар сен де. 
Жақсылық бар әлемде,
Жақсылық тілеймін бәріне!    

Менің бүгінгі сабақта сендерге тілерім ұшқыр ой, ойларыңа саналы сөз тілеймін.
Қазақстанда мемлекеттік мерекелер өте көп. Соның бірі – Наурыз мерекесі.
Ерте замандардан - ақ Наурыз мерекесі қарсаңында адамдар өз үйін, шаруашылығын, айналасын тазалап, ретке келтіретін болған. Бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Мереке күні сәнді ұлттық киімдер киген. Әр үйде дастарқан жайылып, наурыз көже дайындалған. Бұл тағамды әр отбасы жаңа жылдың құт - берекесі, молшылық пен ырыс молайсын деген ниетпен жасайды. Дастарқанға ақса қал дар бата береді.
Жастар алтыбақан маңына жиылады. Барлығы ән салып, би билеп, ұлттық ойындарға қатысады. Жігіттер күш сынасып, ат жарысында шеберліктерін көрсетеді. Жұрт ақындар айтысын тамашалайды. Бұлар қазақ халқының ұлттық дәстүрі.
Топқа бөлу:
(ТЖ) 1 - тапсырма: «Әңгімеле»
Дескриптор:
1. Суреттерге сәйкес ақпарат жинақтайды;
2. Өз пайымдауларымен әңгімелейді;
3. Наурыз мейрамы қай айда тойланатынын анықтайды;
4. Наурыз мейрамы туралы әңгімелейді;
5. Бірін - бірі толықтырады, бағалайды;
ҚБ «От шашу»
(ЖЖ) 2 – тапсырма. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің? Олар жайлы әңгімеле.
Дескриптор:
1. Наурыз жылдың басы екенін біледі;
2. Ұлттық ойын түрлерін атайды;
3. Ұлттық тағам түрлерін біледі;
5. Бір - біріне түсіндіреді;
ҚБ «Смайлик»
Сергіту сәті
(ӨЖ) 3 - тапсырма. Сен наурыз көже дайындауды анаңнан үйренесің. Бұл тағамға қосатындарды бірге таң да сасың. Сен ол тағамдарды атап бере аласың ба?
Дескриптор:
1. Суреттегі көрсетілген тағам түрлерін анықтайды;
2. Наурыз көженің құрамындағы заттарды атайды;
3. Бір - бірін тыңдап, толықтырады бағалайды;
ҚБ «Бағдаршам»
(ТЖ) 4 - тапсырма. Саған шет елден қонақтар келді. Олар бұл ұлттық мереке жайлы білгілері келгенін айтты. Сурет салып, Наурыз мерекесінің көңілді тойланатынын жеткізу үшін әңгіме құрастыр.
Дескриптор:
1. Әр жиында батаны кімдер беретінін біледі;
2. Өздері білетін бата, тілектерді айтады;
3. Наурыз мерекесіне байланысты сурет салады;
4. Қазақтың ұлттық ойындарын атайды;
5. Бір - бірін тыңдап, толықтырады;
ҚБ «Бас бармақ»
Рефлексия: «Білім ағашы» арқылы сабақ түсінгенін, не түсінбегенін білдіру.
3 152
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Наурыз – жыл басы
Наурыз – жыл басы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Дарын» мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Аягөз Шаяхметқызы
Жыл басы - Наурыз
Жыл басы - Наурыз
Қостанай облысы, Рудный қаласы №7 орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Қуанышбаева Райка Бермұхамедқызы
Наурыз мерекесі
Наурыз мерекесі
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы,Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Омарханова Салтанат Тоқтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×