Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есептік және реттік сан есім

21 шілде 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!

Ой толғаныс
3, 5, 7 сандарына байланысты не білесіңдер?
3 тәтті: жан тәтті, жар тәтті, бала тәтті
3 би: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
3 жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

5 қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
5 жаратылыс: күн, ай, жұлдық, күндіз, түн
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 сезім мүшесі: көз, құлақ, тері, тіл, мұрын
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ

7 қазына: әйел, ер жігіт, ілім - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы ит
7 жоқ: жерде сүйеніш, аспанда тіреуіш, таста тамыр, тасбақада тамақ, желде тұрақ, аққуда сүт, жылқыда өт
7 күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
7 жұт: құрғақшылық, жұл (малдың қырылуы), соғыс, өрт, оба (індет ауруы) топан су, зілзала
7 ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене

«Кім тапқыр?»
Айнабіржүкекіөнбіріншіқуаттөртәнұоныншыестіджг

Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім
Сабақтың мақсаты:
Сан есім туралы бала ұғымын кеңейту, есептік, реттік, дара, күрделі түрлеріне ажырату, сөйлем ішінен сұрақ қоя білуге үйрету.
Сан есім

• Есептік
• Реттік

Сан есім есептік және реттік болып екіге бөлінеді.

Есептік сан есім – заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз, жиырма сегіз, тоғыз жүз бір, т. б.

Реттік сан есімдер - заттың саналу ретін, (қатарын) білдіріп, нешінші? Деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір - інші, тоғыз - ыншы, екі - нші, алты - ншы, т. б.

Реттік сан есім есептік сан есімге – ыншы, - інші, - ншы,
- нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Топтық жұмыстар
І топ
Көп нүктенің орнына есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз.
Бір қатар -... қатар
Үш орын -... орын
Тоғыз мектеп -... мектеп

ІІ топ
Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда.
Бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, отызыншы.

ІІІ топ
Реттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдыр. Сонда қандай сұрақ қойылады?
Бесінші бөлме, жетінші пәтер, он төртінші қатар, сегізінші қайық.

Сиқырлы қапшық
Реттік сан есім -------
Есептік сан есім ------------
(Бір, төрт, алпысыншы, елуінші, он, екінші, жиырма бір)
Үйге тапсырма:
“Менің мектебім” тақырыбына әңгіме құрап жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 432
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Тақ сандар «Өзін – өзі тану» қонақтары (танымдық шара)
Тақ сандар «Өзін – өзі тану» қонақтары (танымдық шара)
Тақ сандар «Өзін – өзі тану» қонақтары Мақсаты: Математика мен өзін – өзі тану пәнін кіріктіре отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, пәндерге деген қызығушылығын арттыру.
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлерін таныстыру, есептік және реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыра білуге үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Ана тілім
Ана тілім
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім. Тұғыр қылып туған елдің төрінде, Асқақтатам ана тілдің ақ туын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×