Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Найзағай

13 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
3 - сынып (презентациясымен)
Сабақтың атауы Найзағай
Жалпы мақсаты
Найзағай деген не, оның ерекшелігі, заңдылықтары жайлы ұғымды қалыптастыру, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде найзағайдан қорғану ережелерін түсіндіру.
Міндеттер:
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін - өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
1. Оқушылардың бірін - бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу
2. Мұғалім оқуға бағыттап отыру
3. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар
1. Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
Күтілетін нәтиже
1. Найзағай жайлы ұғым, білімнің алғашқы негізін қалау;
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа сабақтың басталғанын сезіндіру;
3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;
Тапсырмалар
wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

1. Бастауыш мектеп журналы.
2. Мектептегі мерекелер журналы.
1 сабақ. тақырыбы: Найзағай туралы ұғым
Найзағай туралы ұғым Белгіленуге арналған түйінді сөздер: нөсер, түнерген бұлт. Найзағайдың байланысы мен заңдылықтарын жиі шатастырады Найзағайдың басқа сфералармен байланысын анықтау
айырмашылықтарын анықтау

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс - әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
- оқушылар не алады?
- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
- өмірден алған тәжірибесінің әсері?
- сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? - оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
І. Қызығушылығын ояту

Мұғалім: Қолшатыр ұстап сабаққа кіріп келемін
Мұғалім: Өлең айтады: Бақыт болып жаушы жаңбыр,
Менің байтақ далама,
Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр,
Менің әсем қалама.

? Сұрақ Өлеңде не туралы айтылған? Слайд2
? Сұрақ Ендеше, жаңбыр жауған кезде қандай табиғи құбылыстар болады? Слайд 3
! Тапсырма. Слайд 4
Шағын топта талқылаймыз, қағаз бетіне кластер бойынша топтастырып түсіреміз.
- Сыныпта қорғаймыз.
? Сұрақ Суретте не көріп тұрсыңдар?
! Тапсырма.
Шағын топта талқылаймыз, қағаз бетіне кластер бойынша
топтастырып түсіреміз.
- Сыныпта қорғаймыз.
Класстер құрастыр.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
- еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
- өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? - әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
- алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
- білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ. Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс 151 - бет Слайд
! Тапсырма: Жеке оқы.
/оқушылардың пікірін тыңдау, мұғалім тақтаға немесе флип чартқа жазып тұру.

Мұғалім сұрақ: Ендеше орнымыздан тұрамыз сергіту сәті. Слайд
Мағынаны ажыра - ту сатысы (жаңа ақпарат)
- оқушыларды белсене қатыстыру
- стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқы - сын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
- оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым - қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
- оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
Толғаныс (рефлексия)
- сабақта үйренген - дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
- жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс - тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.

! Тапсырма
Жауыннан кейінгі аспанды сипатта. Слайд
- Шағын топта талқылаймыз, қағаз бетіне “тіршілік”ті
топтастырып түсіреміз. Слайд
- Сыныпта қорғаймыз. Слайд
Филип чартты әр топ ұстап тұрып қорғайды

Тапсырма: 1. Жаңбырдан соңғы көріністің суретін сал. Слайд
2. Топта талқылап, филп чартқа қосып жаз. Слайд
3. Сыныпта қорғау. Слайд

ІІІ. Ой қорытынды
Слайд Сонда біз бүгін не туралы өттік? Тақырып не болды? (Оқушылардың ойын сұрап, сыныппен ақылдасып тақырыпты табамыз.)
Слайд «Найзағай» слайдпен шығару
( Жоғарыдағы тақырыпты жазу бос орнына тақырыпты қоямыз)
Бағалау (түрлері)
- оқушының өзін - өзі бағалауы
- топтың өзін - өзі бағалауы
- мұғалімнің бағалауы
- жалпы бағалау
- критерийлер арқылы бағалау
Бағалау: /3мин/ Өзін - өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының аты - жөні Топта сөйлеп, идея айтқандығын бағала Белсенділігін бағала Мұғалімнің бағалауы

- сабақты қалай аяқтауды жоспарлау Үйге тапсырмадан бұрын мұғалім оралады:
Қорытынды: Мұғалім жазған флип чартқа ораламыз.
Сабақты аяқтау түрлері
- бір пікірге келу...
- өз пікірін дәлелдеу...
- үйде жалғастыру... Слайд
Үйге тапсырма жазып ал.
Не себепті найзағай жарқылдайды деп ойлайсыңдар?

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс - әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер
- оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?
- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?
- мүмкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма? Оқушы алған білімін шағын топта флип чартта сурет ақылы ғана көрсетуімен түсіндіруге болады. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз - өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін - өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

- қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) Топты найзағай, жаңбыр деп оқушыларды ретпен санау барысында бөліп алдым.

Кері байланыс парағы.
Оқушының аты - жөні______________________

Сабақта не ұнады, немесе жақсы болды
Не ұнамады, немесе жаман болды
Сабақта нені өзгерткің келеді, сенің қалауың

Презентациясын жүктеу
14 999
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам биологиялық түр ретінде. Адам организміне жалпы шолу
Адам биологиялық түр ретінде. Адам организміне жалпы шолу
Адамның жануарлар дүниесіндегі орны. Адамның әлеуметтік ерекшеліктерін қалыптастыру. Адам денсаулығын қорғау.
Жасушаның ашылу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы
Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер.
Жасушаның ашылу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы
Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны қарау Жасушаның құрылысын оның органоидтерін білу; мәтінмен жұмыс істеу барыснда оқулықтағы суреттерді пайдалану.
Фигуралардың көлемдерін салыстыру
Фигуралардың көлемдерін салыстыру
Фигуралардың көлемдерін салыстыру жолдарын үйрету; көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Microsoft WORD – қа мәтін енгізу
Microsoft WORD – қа мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, №4 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің информатика пән мұғалімі Калиева Эльмира Жилкамановна
Көксерек
Көксерек
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылының бастауыш сынып мұғалімі: Салықова Толқын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×