Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғашқы қоңырау

22 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны
Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Білім ордасының жаңа оқу жылындағы мерекесіне баршаңызда қош келдіңіздер!

Қағылды зор қоңырау күмбірледі,
Аралап айлық жерді, күндік жерді,
Ілесіп сол қоңырау үніменен
Қазақтың даласына білім келді! – деп ақындарымыз жырлағандай білім күнімен құттықтай отырып, салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Ал саға әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы шаңырағым
Көк Байрақ көгерт менің көсегемді
Аспандат атам қазақ әруағын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде әкелінсін!(Әнұран айтылады)

Келді міне, қыркүйек есік ашық
Сен кіресің есігің ептеп ашып
Әліппені аласың, қызықтайсың
Біреу емес бірнеше беттен ашып – дегендей күз айының алғашқы күні 1 - қыркүйек – Білім күні. Бүгінгі күннің ерекшелігі мектеп деп аталатын білім ордамыз тағы да кішкентай 23 бүлдіршінмен толыққалы отыр.
Олар бірінші рет мектебіміздің есігін ашып, табалдырығын аттамақшы.
/мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларды ортаға шақырамыз./
Жаста болса мектебіме бас болған
Ұжым үшін талай істі басқарған
Сөз алады басшылары мектептің
Құттықтауға жаңа оқумен басталған – дей келе алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Жолдыбаева Дана Саубайқызы ханымға, оқу ісінің меңгерушісі Оразғалиева Индира.
Сәлем бердік қонақтар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда,
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Айтады ақ тілегін ұстаздарға - дей келе құттықтау сөз кезегі ауыл әкімі мырзаға, аудандық білім бөлімінің бас экономисі мырзаға, аудандық мәслихатының (депутатының) депутаты ханымға беріледі.

Бүгінгі мереке ата - аналар үшін ерекше. Себебі бірінің баласы алғаш мектепке келгеніне, ал екіншісі сыныптан сыныпқа көшіп білім табалдырығының сатыларына көтерілгеніне қуанып жатады, сондықтан олардың қуануы мен қобалжуы орынды. Олай болса құттықтау сөз кезегі ата - аналарға беріледі.
Ардагер ұстаз, Ардагерлер кеңесінің төрағасы: Дүйсенов Қ мырзаға, ата - аналар төрайымы: Мусина Г ханымға беріледі.
Ұстаздардың арқасында шаттанып,
Сөзін ту ғып болашаққа аттанып,
Мектебімде ұстаздар бар ардагер,
Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып.
Құттықтау сөз кезегі ұстаздар атынан
Тойлайды бүгін білім күнін
Біздің байтақ бақытты ел.
Ұстаздарды шын жүректен,
Құттықтайды шәкірттер - келесі құттықтау мектеп ұландарына беріледі.
Қоңырау үні сыңғырла,
Естілді жылы жаныма.
Күлкідей әсем сылдырлап,
Бөбекті жиды маңына.

Білімнің гүлін ашылған,
Терумен оқып жүр екен.
Бақытқа бізді шақырған,
Қоңырау даусы жыр екен - дей келе жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу кезегін мектебіміздің 11 - сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттағалы тұрған кішкентай бүлдіршіндерімізге ұсынамыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы салтанатты түрде әкетілсін.

Өмірде бақытты адам өздеріме,
Құдірет даналық бар сөздеріңде,
Аяулы ұстаздарға тілеріміз,
Нұр ойнап жүрсін әркез жүздеріңде!- дей келе салтанатты жиынымызды аяқтаймыз. Сынып жетекшілерінің дайындап келген «Астана - Қазақстан халқының бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны» атты сынып сағаттарын тыңдауға шақырамыз. Жылдың барша айы әрқайсыңызға тек жақсылықпен қуаныш әкелсін. Сау болыңыздар.
5 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
- Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және жас ұрпақ, жасөспірімдер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, сағынышқа, шаттыққа толы алғашқы қоңырау мерекелеріңіз құтты болсын!
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай - ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі
Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі
Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алғашқы қоңырау!
Алғашқы қоңырау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
2023-2024 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР мемлекеттік туын енгізу 4. ҚР әнұраны 5. Қала әкімінің құттықтауы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×