Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сын есім

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық сабақ. Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: « Дара және күрделі сын есім»
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімдік мақсаты: Сын есім тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау. Дара және күрделі сын есім туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы білімдерін бекіту. Дара және күрделі сын есімдерді басқа сөз таптарынан сөздерге сұрақ қою арқылы таба білуге үйрету.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын тұжырымдап айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу, қоршаған ортаны, тірі табиғатты сүюге тәрбиелеу, дүниетаным шеңберін кеңейту.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы элементтері,
топпен жұмыс
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Пән аралық байланыс: математика, дүниетану, өзін - өзі тану пәні, ана тілі, бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілігі:
А) «Сыйқырлы текше» тапсырмалары (Слайдта көрсетілген)
Ә) Қаз, керік туралы ғаламтор материалдары
Б) Әр топқа арналған үлестірмелі қағаздар
В) Арнаулы сызба - кестелер технологиясы
Г) Смайликтер

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі ( Өзін таныстыру, сабақ мақсатымен таныстыру, топ мүшелерін сайлау )
А) Қызығушылығын ояту (текше туралы білетіндерін еске түсіру)
Математика пәнімен байланыстыру
- Мынау қандай фигура?
- Текше (куб)
- Оның неше жағы бар?

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Слайд № 1
«Сыйқырлы текше» бойынша баладағы бар ақпаратты алу
- Сын есім дегеніміз не?
- Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
- Сын есімдерге мысал айт.

ІІІ Жаңа сабақ
Слайд №2 (текшенің ІІ жағы)
19 - жаттығу (ауызша)
Мақсаты:
А) Сын есімді табу, құрамына қарай ерекшелігін байқату
Ә) Қандай мәтінге жатады?
Б) Қаз туралы не білетіндерін сұрау ( Дүниетану пәнімен байланыстыру)
В) Дара және күрделі сын есім ережесімен таныстыру
Арнаулы сызба - кесте технологиясы
Сын есімдер
↓----------------------- ↓
Дара ------------- күрделі

(Күннің жадын жазу, сабақтың тақырыбын жазу)
Слайд №3 (текшенің ІІІ жағы)
«Кім шапшаң?» ойыны
20 - жаттығу (ауызша)
А) Әр топ берілген дара сын есімдерді күрделі сын есімдерге айналдырады
21 - жаттығу (ауызша)
А) Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрау

Слайд №4 (текшенің ІV жағы)
1 - топ 22 - жаттығуды орындату Дәптермен жұмыс
(Жұмбақты шешу, сын есімдерді табу, сын есімді қатыстырып сөйлем ойлау)
2 - топ Тақтамен жұмыс
( Сын есімі бар керік туралы 1сөйлем жазу )
3 - топ
Керіктің суретін салдыру (Бейнелеу өнерімен байланыстыру)
Танымдық ой - өрісін кеңейту (Ғаламтор материалдары)

Сергіту сәті «Пантомимикалық ойын»
(оқушының зеректігін жетілдіру, тіл байлығын дамыту)
- Керік балаларының қимыл қозғалысынан түсініп, оларға қамқорлық жасайды. Олай болса, біз де ыммен, қозғалыспен өз өнерлерімізді көрсетейік.
Ойынның шарты: әр топтан 1оқушы шығып, бетшеде жазылған тапсырманы іштей оқып, оны қимылмен көрсетеді. Басқа топтың оқушылары сол қимылды көрсетіп, сын есімі бар сөйлем ойлайды.
Әдемі қыз өлең айтты.
Менің әжем қызыл ала сиырды сауды.
Оқушы қызықты кітап оқыды.

Слайд №5 (текшенің V жағы
23 - жаттығу Суретпен жұмыс
(әр топ сурет бойынша күрделі сын есімі бар әңгіме құрастырады)
А) Маңғыстау табиғатымен салыстыру
- Cурет қандай сурет түріне жатады? (бейнелеу өнерімен байланыстыру)
24 - жаттығу (ауызша)
1 - топ 1 - ші сөйлемдегі сын есімді тауып, сөйлем мүшесіне талдайды.
2 - топ 2 - ші сөйлемдегі сын есімді табады.
3 - топ 3 - ші сөйлемдегі сын есімді тауып, қандай сөйлем екенін айтады.
Сөздік жұмысы
Көз сүріндіреді – көптігінен көз жаңылысады, аса мол (Қазақ тілінің сөздігі, 319 - бет)
Дүниетану пәнімен байланыстыру (тірі табиғатты сүюге тәрбиелеу)

Слайд №6 (текшенің VІ жағы)
Білімді жинақтау әдісі
(Арнаулы сызба - кесте технологиясы бойынша)

1 - топ «Венн диаграммасын» толтыру
Берілген сөздерді топтастыру
сын есімдер:

Дара сын есімдер: сары, әдемі, қымбат, биік
Күрделі сын есімдер: сап - салқын, көк ала, ақ боз, қою қара

Сары, әдемі, көк ала, қымбат, биік, сап - салқын, ақ боз, қою қара
2 - топ « Семантикалық картаны» толтыру
Тапсырманың түрі -------- қара ала ----- қызыл ----- қалың - жұқа ---- сұлу, әдемі
Мағынасы жуық сын есім
Қарсы мәндес сын есім
Дара сын есім
Күрделі сын есім

3 - топ Сызбаны толтыру
Бір ақ қоян секірді.
(Қоян суреті)
аты------- қимылы------ сыны ------- саны
қоян----- секірді --------ақ ------------бір

Әр топ орындаған тапсырмаларын қорғайды.
ІV Қорыту
V Бағалау
(Оқушылардың алған смайликтері бойынша бағалау, әр топтың ұпай санын анықтау.«Жүректен - жүрекке» тәсілі бойынша әр топқа тілек жазылған текше беру, оқушылардың болашақтарына жақсы ғұмыр тілеу)
Өзін – өзі тану пәнімен байланыстыру
VІ Үйге тапсырма беру ( 25 - жаттығу)
Дара және күрделі сын есім жүктеу
24 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы дара және күрделі сын есімдерді ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Семгалиевна Баршагул
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Күншығарова Сәния Капизуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×