Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б дыбысы мен әрпі

27 маусым 2019, Бейсенбі
Сауат ашу
МАД тобы
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділігі: білімді қалыптастыру. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
Дамытушылығы: танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру. Ойын элементтерін пайдалана отырып, дұрыс, сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, ойын.
Көрнекілігі: Б дыбысына арналған плакат, бақа, балық, балапан т. б. суреттер,« Қай дыбыстан басталады?», «Болады - болмайды?» ойындары, кеспе әріптер, борлар түрі, слайд, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, айналамен таныстыру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
*Балалар көңіл күйлерің қалай?
- Жақсы.
* Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер?
- Қол шапалақтаймыз.
*Ренжігенде
- Қабақ түйеміз.
*Қорыққанда?
- Көзді жұмамыз.
*Таңқалғанда?
- Көзді бақырайтамыз.
*Қуанғанда?
- Күлеміз.
*Ендеше бір - бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

Сұрақ - жауап:

Бір жылда неше мезгіл бар?
ІІ. Өткенді қайталау. Сұрақ - жауап: Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

• - Ал, енді дыбыстарды не істейміз? - Дыбысты естиміз, айтамыз.
• Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.
• Әріптерді не істейміз? - Әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз..
Ойын «Қай дыбыстан басталады?»

Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.

Алдар көсе ертегісі арқылы Б дыбысымен танысамыз. ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту:
Жұмбақ шешу.
- Балалар, сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар:
1. Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
(Балық)
2. Қызықтырып әркімді – ақ,
Суда жүзер жалтылдап.
Қайсы әріптен басталған,
Сол жәндіктің атын тап?
(Бақа ).

3. Туа сала жүзеді,
Суда жүзе біледі.
(Балапан).

- Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар!
- Балық, бақа, балапан сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы.
- Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз – Б дыбысы.
- Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.
Б дыбысын 2 – 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Б - дыбысын айтқанда еріннің бір – біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын, қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбысты белгілейтін графикалық таңба. Б – дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі. Б - дыбысының дауыссыз екенін көк пластикадан көрсету.
Балық, бақа, балапан - сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 - ші буыны Ба, 2 - ші буыны – лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату;

Б - дыбысына сөздер ойлату, айтқызу.
Сергіту сәті:
5. Оқулықпен жұмыс. Кітаптағы суреттермен танысу. Бағандағы сөздерді оқып беру, содан соң оқушыларға оқыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Баба – үлкен кісі, ата – бабаларымыз.
Бата – ас қайыру, үлкен тойларда айтылады.

6. Дәптермен жұмыс. Б әрпінің жазба түрін тақтаға жазып көрсету. Б әрпінің элементтерін ауада жазу. жазу дәптеріндегі үлгі бойынша Б дыбысын бастырып жазу. Дәптерге жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Дәптерді көлбеу қойып, әдемі, таза жазамыз.

7. « Қай әріпті жоғалттым?» ойынын ойнату. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауаттылыққа, шапшаңдылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
А... а; Н... н; Ш... р; М... л; осы сөздерге мына әріптерді қойып, сөз оқу (а, о, т, п, у, р, л, ш, қ, д, м, ғ )
Қорытынды:
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Б дыбысымен.
- Б дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы дауыссыз дыбыс.
- Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Себебі созылмайды.
- Б дыбысына байланысты сөздер айту.

Мадақтау.
Сабақ аяқталды. Назар аударғандарыңызға рахмет!

Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Акшолакова Айгерим Бейсембаевна
Б дыбысы мен әрпі. жүктеу
Б дыбысы мен әрпі. слайд жүктеу
11 074
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Баймурзиева Нұрғаным Сабырқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×