Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болымды және болымсыз етістік

29 қазан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларғы болымды, болымсыз етістік туралы түсіндіру, білімдерін кеңейту.
Білімділік: Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл – ойын, тіл байлығын, көркем жазу дағдысын, ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды достыққа, табандылыққа, шығармашылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Аукцион сабақ
Әдіс – тәсілдер: ой қозғау, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ойындар,
Қолданған технология: Дамыта оқыту технологиясы,. АҚТ
Көрнекіліктер: суреттер, кесте, бағалау парағы, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу, өзін – өзі тану

Сабақтың құрылымы:
I. Бағдарлау – мотивациялық кезең.
Ұйымдастыру, психологиялық даярлық.
II. Операциялық орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс, өздік жұмыс
III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.
Бекіту, қорытындылау

Барысы:
1. Бағдарлау – мотивациялық кезең:
Сыныпты 2 топқа бөлу:
1. Зерделілер
2. Зеректер

Психотренинг: «Біз кімбіз?»
Жарқын болсын күніміз,
Жарқын шықсын үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз

“... Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз” (Н. Назарбаев)

Иә балалар сендер еліміздің болашақ иесісіңдер. Болашақ ұрпақ білімді, ғылымды, техниканы жақсы меңгеруі қажет. Олай болса, балалар біз бүгінгі сабағымызды бастайық.
Балалар сендер білесіңдер Елбасы Н. Ә. Назарбаев әр жыл сайын халыққа жолдауын ұсынады. Биылғы жолдауын біз сынып сағатында талқыланғанбыз, қане есімізге түсірейікші. Ол жолдау қалай аталатын еді?
«Қазақстан 2050 стратегиясы Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауы болатын. Бұл жолдау үлкен үш тараудан тұрады.

I. Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын - қатері
ІІІ. "Қазақстан - 2050" Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты

Осы жолдаудың III тарауының 8 тармағында «Ауыл шаруашылығын жаңғырту. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, шаруа қожалықтарын дамытуға көп көңіл бөлген.» Осы мәселе төңірегінде бүгін біз сабағымызда ауыл шаруашылығының өнімдерін заттарынан аукцион өткіземіз.

Біздің Аралтоғай ауылында 24 шаруа қожалығы бар. Олар шөп шабу, мал бағу мен айналысады. Шаруа қожалығында 6 – 7 қызметкерлер жұмыс жасайды. Ірі шаруа қожалықтарды таныстыру.
«Баянауыл» - Наурызбаев А. (Ірі қара мал, қой, жылқы)
«Қолғанат» - Сағындықов Ораз (мал шаруашылығы, шөп шабу)
«Ақдәулет» - Қожабаев Еркін. (мал шаруашылығы) «Өріс», «Бейбіт», «Наурызбай», «Әділет» т. б.

Аукцион – көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым немесе зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда. Аукцион - латын сөзі, аударғанда сатып алу деген мағынаны білдіреді. Аукцион қандай да бір бағалы затты, ең жоғары бағаны көтерген ұтып ала алады. Бүгін біздегі аукциондағы заттарды білімдерімізбен сатып ала аламыз.

II. Операциялық – орындаушылық кезең
Аукционға қош келіпсіздер!

1. КОМБАЙН – бір мезгілде бірнеше жұмысты атқара алатын жұмыс машиналарынан біріктірілген күрделі зат. Бұл затты алу үшін тапсырма:
«Зерделі сұрақ, дәлелді жауап!»
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімнің түрлерін ата
Жалқы есім дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің түрлерін ата?
Туынды етістік дегеніміз не?
Жеңімпаз топқа комбайнның суретін табыстау.
Мәліметті топтастыру:

Етістік
Дара – күрделі --------- Негізгі – Туынды -------- Болымды - Болымсыз
Бар – бара жатыр ----- Күт – күтті ----------------- Кел - келме
Болымды – болымсыз етістік туралы мәлімет беру.
Көркем жазу минуты:
Бар – барма, айт – айтпа.

2. ТРАКТОР не істейді?
Пайдасы: жер жыртады, егін салады, шөп шабады, жер тазалайды.
Тракторды алу үшін: 1 – жаттығу Өздік жұмыс «Кім шапшаң?»
Берілген етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтарын жалғап жаз.
1 топ: Жаз, сана, кел, тұр, шақыр. (Жазба, санама, келме, тұрма, шақырма).
2 топ: Ки, қайт, төк, қаз, без. (Киме, қайтпа, төкпе, қазба, безбе).

3. СӘЙГҮЛІК.
Сәйгүлік дегеніміз жылқы – төрт түлік қазынаның бірі. Ол суыққа төзімді. Көлік ретінде тамақ ретінде пайдаланады. Сәйгүлікті алу үшін: 2 – жаттығу
Тыйым сөздерді көшіріп жазу.
1. Аққу киелі құс саналады. Сондықтан аққуды атуға болмайды.
2. Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба.
3. Автобуста қарттарға, өзіңнен үлкендерге орын бер.
4. Малды аяғыңмен теппе.
5. Нанды бір қолмен үзіп жеме.
6. Кітапты таза ұста.
7. Құстарға жемсауыт жаса.
8. Сүт тағамдарын жерге төкпе.

Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға – солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік!

4. Сыбаға бағдарламасы бойынша Еуропадан әкелінген
АҚ БАС СИЫР – төрт түлік мал. Еті, сүті, терісі адамға пайдалы.
3 – жаттығу
1 топ: Болымды етістіктерді теріп жазу
2 топ: Болымсыз етістіктерді теріп жазу
БІЛІМ
Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал.
Тепкілесең кетпейді.
Өртіңе ол күймейді
Ұрылар да тимейді.
Жатып ішер жамбастап
Жалқауды ол сүймейді.

5. ЕДІЛБАЙ ҚОЙЫ – төрт түліктің бірі. Еті, терісі адамға пайдалы.
4 – жаттығу
Берілген болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып жаз.
1 топқа: Қозғалақта, жалтақта, жүгір, сығала.
2 топқа: Көшір, мазала, сыбырла, талда.
1. Қазғалақтама, жалтақтама, жүгірме, сығалама
2. Көшірме, мазалама, сыбырлама, талдама.

III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
Шығармашылық тапсырма:
1. Берілген әріптерден болымды, болымсыз етістікке бірнеше сөз құра:
А, Б, Ы, Қ, М, Е, П, Л, Р, С, И.
2. Ой толғау:
Не үйрендік? Не білдік?

Үйге тапсырма: 5 – жаттығу. Ереже жаттау.
Бағалау парағы бойынша топ басшысына сөз беру.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың алдағы 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 30 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н. Д. Зелинскийдің сөзімен бүгінгі аукцион сабағымызды аяқтаймыз. Дамыған заманда білімімізбен алда көрінейік
Назарларыңызға рахмет!
28 908
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік. Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтай отырып, етістік туралы берілген білімді әр түрлі материалдар - ойындар бойынша еске түсіру, талдау.
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын, мағынасын меңгерту. Етістік туралы білімді тереңдету. Сөздік қорын, тілін дамыту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, танымдық - ізденушілік әрекетін белсендіру.
Болымды, болымсыз етістік
Болымды, болымсыз етістік
Сабақтың тақырыбы: Болымды, болымсыз етістік
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×