Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әке мен бала. Ыбырай Алтынсарин

20 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Әке мен бала. Ыбырай Алтынсарин.
Мақсаты: 1. Әңгімемен таныстыру, мазмұнын айта білуге үйрету. Халық ауыз әдебиеті түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сазды әуен, жұмбақ, ертегілер арқылы оқушылардың қиялын, ой - өрісін, шығармашылығын, тілін, қиял, ойлау қабілетін, дамыту, еңбек сүйгіштікке, үлкендерді тыңдауға, бір – біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ертегілер еліне саяхат сабақ.
Типі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, тақырыптық суреттер, карточкалар, суретті мозайкалар, Ы. Алтынсариннің портреті, үнтаспа.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Психо жаттығу. Шеңберде тұрып жақсылық тілеу. Балалар, бүгін мен сабаққа сиқырлы кілем алып келдім. Осы кілемге отырып ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатта бізге бірлік, достық өте қажет болады. Жолда бізге әртүрлі ертегілер кейіпкерлері кездеседі. Сендер көркем әдебиетті сабағында үйренген білімдеріңді жақсылап көрсетуге тырысыңдар. « Білімді мыңдыжығар» - деп халқымыз айтқандай, қандай кедергі болса да, білімді болсақ, жеңіп шығамыз. (Кілемді жайып, балаларды отырғызып ұшамыз. Музыка әуені, шам сөніп тұрады).

II Өйткенді қайталау:
(Жалмауыз кемпір шығады, шам жанып, музыка әуені тоқтайды).
Жалмауыз кемпір: Кімсіңдер? Қайда ұшып барасыңдар? Мұғаліміңді алдап, өздеріңді жалмап - жайнап қояйын ба?
Мұғалім: Біз ертегілер еліне саяхатқа бара жатырмыз. Қандай шартыңыз болса да орындауға дайынбыз.
Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем! Ертегілер еліне дейсіңдер ме? Ал, сол ертегілер туралы не білесіңдер?
1 - оқушы: Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Олар хайуанаттар жайлы, тұрмыс - салт ертегілері, қиял – ғажайып ертегілері болып бөлінеді.
Жалмауыз кемпір: Халық ауыз әдебиетіне басқа не жатады? Сендер оны білмейсіңдер.
2 - оқушы: Халық ауыз әдебиетіне жұмбақ, мақал - мәтелдер, санамақтар, жаңылтпаштар жатады.
Жалмауыз кемпір: Оны қайдан білесіңдер? Кәне, мысал келтіріңдер, әйтпесе жеп қоямын.
Жекемен жұмыстар (3 - 4 балаға карточкалар беру, мозайкалар құрастыру, сөйлемдер құрастыру).
Жұмбақтар:
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (Түйе).

Жылт - жылт етеді
Жылғадан өтеді. (Су).
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн).

Жаңылтпаштар:

Жілікті шақтым,
Шілікті жақтым,
Жілікті астым,
Жілікті шақтым.

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?

Санамақ:
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үшкі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің - желге
Сегіз дегенің - серке
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің оймақ,
Он бір қара жұмбақ

Мақал – мәтелдер:
Оқу - білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.

Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Оқу білім озығы,
Білім – ырыс қазығы.

Білім – таусылмайтын кен

Жалмауыз кемпір: Қандай, керемет! Бәрін біліп тұр екенсіңдер. Жаздым – жаңылдым. Кешірім сұраймын. Жолдарың болсын!
Мұғалім: Біраз дем алып алайықшы.
III. Сергіту сөті:
Майға піскен тәп – тәтті
Мен бауырсақпын, бауырсақпын.
Ля – ля – ля – ля
Ля – ля – ля – ля
Апамнан да қаштым
Атамнан да қаштым
Қояннан да қаштым
Қасқырдан да қаштым
Аюдан да қаштым
Түлкіден де қаштым
Ля – ля – ля - ля
Ля – ля – ля – ля

Мұғалім: Балалар, біз кімнің әнін айттық?
Оқушылар: Бауырсақтың әнін.
Мұғалім: Біздің сиқырлы кілеміміздің жылдамдығы сондай, біз « Бауырсақ» ертегісі елінен де өтеп барамыз. Қараңдаршы, « Бауырсақ» ертегісінде тағы да қандай кейіпкерлер бар еді?
Оқушылар жауабы (апа – ата, қоян, аю, т. б.) (шамды өшіру, музыка әуені).

IV Жаңа сабақ:
Мұғалім: Балалар, неге қап – қараңғы болып кетті. Тағы да бір ертегілер еліне келіп қалдық қой деймін. Мынау үш басты айдаһар ғой. Қараңдаршы, аузынан от шығып тұр. Айдаһар қай ертегілерде кездесуші еді? («Алтын алма», « Батыр мен айдаһар»)
Саяхатымызды жалғастыру үшін, айдаһардан құтылу үшін мен сендерге жаңа сабақты түсіндіріп кетейін. Сендер мұқият отырып жауап беріңдер. (Мәтінді оқу, талдау. « Әке мен бала». Ы. Алтынсарин.)
Сұрақтар: (мазмұны бойынша).
Мұғалім: Балалар, мына әңгімеде әкесі баласына жалқаулықтан безіп, еңбекқор болуға үйретеді. Сендер де сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңе көмектесуге үйренулерің керек. Бұл әңгімені Ы. Алтынсарин туралы не білесіңдер?
Мұғалім: Осы әңгіменің мазмұнын айтып жіберейік. (1 - 2 балаға). Жаңа сабақтың тапсырмасын жақсы орындадық. Айдаһар бізді ары қарай жіберетін шығар.

V Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау кезеңі:
(Шам өшіру, музыка әуені)
Мұғалім: Балалар, саяхатымызды жалғастырып келеміз. Анау алыста жүрген кімдер екен, жақындап барайықшы. Қай ертегінің кейіпкерлері? Кім айтады? Қызыл телпекті қасқырдан құтқарайықшы.

Сұрақтар:
Бүгінгі сабағымызды қандай әңгіме оқыдық? Оны кім жазыпты? Әңгіме не туралы екен? Бұл әңгімеден қандай тәрбие алдық? Біз еңбекқор болу үшін не істеуіміз керек? Еңбек туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Еңбек түбі зейнет.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
(Саяхаттан сыныпқа қайту).
Мұғалім: Сабақта басқа не өттік? Қайда саяхатқа бардық?
VI Бала еңбегін бағалау:
(Әжейдің сыйлықтарын беру. Бауырсақтар тарату)
8 397
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру.
Ертегілер (күнделікті сабақ жоспары)
Ертегілер (күнделікті сабақ жоспары)
Ертегілер — халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу - сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармаларының бір түрі. Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы ауызша шығарылып айтылатын
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№ 1бөбекжай балабақша" КҚМК Жұлдыз тобының тәрбиешісі: Ахметова Дания Кадировна
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү. К. Томанов атындағы № 183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Азимаш
Архаизмдер. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар. Мақал - сөздің мәйегі
Архаизмдер. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар. Мақал - сөздің мәйегі
Астана қаласы «Техникалық колледжі» МКҚК қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Махметова Жанаргуль Койшыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×