Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегі еліне саяхат

13 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»
Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып, мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте қабілетін дамыту. Саусақпен сурет салуға үйрету.
Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы поезға отырып, барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәрімізге поезға отыру басталды. Балалар бір - бірінің иығынан ұстап, пойыз өлеңін айтады:
- Чух - чух, чух - чух
- Вагондар, вагондар,
- Рельспен жүреді,
- Балаларды тиеп алып,
- Ертегілер еліне әкеледі.
-«Ертегілер елі»аялдамасында қызықты суреттер ілінген.
- Бұл қандай ертегі?
«Жеті лақ пен қасқыр»- осы ертегіні айтып беріңдер суреттерге қарап.
- Суретте не салынған?
- Ешкі тамаққа кеткен кезде лақтарға не айтып кетті?
- Ал мынау суретте не көріп тұрсыңдар?
- Қасқыр не істеп тұр?
- Ол не үшін аңдып тұр?
- Ең соңғы суретте не көріп отырысыңдар?
- Ешкі лақтарымен не істеп тұр?
Балалар тағы да пойыз құрып келесі аялдамаға барады.

- Келесі аялдама «Шұбар тауық» сол аялдамада шұбар тауық күтеді. Олармен сәлемдеседі суретті көрсетеді. Балалар, сендер мынау сурет бойынша ертегіні айтып бере аласыңдарма? Бір, екі бала сурет бойынша ертегіні айтып береді. «Шұбар тауық» рахмет айтады.
- Сендер менің балапандарыма тары жасай аласыңдарма? – деп сұрайды.
Балалар: ия, біз оны жасай аламыз дейді, балалар суретті салуға кетеді, саусақ арқылы балапандарға тары салады.
Тәрбиеші: аю саған біздің ұлдарымыз үйшік соғуға көмектеседі. Аю мен ұлдар конструктордан үйшік соғады, аю мен шұбар тауық балаларға рахмет айтады, ал балалар сиқырлы пойызға отырып өз тобына кетеді.
- Сюрприз: Бауырсақ секіріп топқа кіреді. Балалардан сұрайды.
- Мен кіммін?
- Мен кімнен қаштым?
Балалар сен бауырсақсың.
Атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштым.
Тәрбиеші: Ал сені түлкі жеп қоймады ма?
Бауырсақ: Мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмадым деп айтып береді.
Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар маған қайда барғандарын айтып бере алады ма?
Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер?
Егер сендер маған толық жауап бересіңдер, мен сендерге сыйлық беремін.
Балалардың жауабы: Біз сиқырлы пойызға отырдық, ертегілер еліне саяхатқа бардық.
«Шұбар тауық», «Шалқан», «Үйшік», ертегісін еске түсірдік.
Шұбар тауыққа тары жасадық, сергіту сәтін орындадық, қайта топқа келдік.
Бауырсақ: Мен өз ертегіме барайын, ал есіктің артында сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр.
– Сабақты қорытындылау, мадақтау.
Меңгеру: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын ойнап келтірді, саусақпен сурет салды.
Істей алу: Сөздерді анық айтып есте сақтау қабілеттерін дамытты.
37 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты ертегілер
Қызықты ертегілер
Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу, заттардың түсін, көлемін ажырата білу. Балаларға қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достық пен
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү. К. Томанов атындағы № 183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Азимаш
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, №11 «Балауса» балабақшасы педагог – психолог Пазылова Айсұлу
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×