Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өрнектермен, есептеулермен байланысты алуан іс - әрекет барысында кестелік қосу мен азайтуды орындау

09 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты 1.: Балаларға таныс ертегіні естеріне түсіріп, қызығушылық сезімдерін туғызу. Өрнектермен, есептеулермен байланысты алуан іс - әрекет барысында кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру.
2. Оқушылардың есептеу дағдыларын дамыта түсу. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Табиғатты аялауға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі. Суреттер, ребустар.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ /білімді бекіту/
Сабақтың шығармашылығы: Жұмбақ шешу, логикалық есептер шығару.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сабақтың тақырыбы Өтілген материалды бекіту.
Сендердің мақсаттарың есептерді шапшаң шығару, өздеріңді бағалау
Үй жұмысын тексеру
Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз
Математика сабағын.
- Бүгінгі сабақтың ерекшелігіне тоқталу ол үшін мына тақтадағы ребусты шешейік, ребус шешу арқылы қайда саяхат жасайтынымызды білеміз.
- Бізге қонаққа не келіп тұр?
- Ол қандай ертегіден?
- Мысықта бізге деген хат бар екен. Кәне оқиық.
«Құрметті балалар, маған Мақта қыздан құйрығымды алуға көмектесіңдер. Мен тышқанның тапсырмасын орындай алмай тұрмын.»
- Көмектесеміз бе?
- Тышқанға барайық.

1. Жұмбақ есеп
«Мұз айдынында он жеті бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай алты бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы бар баланың
Дәптермен жұмыс Санын айтсаң жарадың». /23/
Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық.
/23 ақпан/
- Санға мінездеме берейік.
/23 екі таңбалы сан, 2онд 3 бірлік, оның алдыңда
22 кейін 24сандары келеді/

- Дұрыс. Енді осы 23 цифрын дәптерге жазайық.
- Енді жемді алып, тауыққа барайық. Тауықтан жұмыртқа алу үшін оның тапсырмасын орындайық.
2. Математикалық диктант.
60+34
88 - 44
50+34 - 4
35 - 12+3
66+ =70
100 - =99

Жауаптарын ауызша сұрау.
- Жұмыртқаны алып, дүкеншіге барайық.
3. Өздік жұмыс
3дм3см + 3дм6см
8дм6см – 5дм 3см
- Сағызды алып, қыздарға барайық.

Тақтамен жұмыс.
4. Оқулықтағы №4ә сөз есеп.
- Енді суды ағашқа апарайық.
Сергіту сәті
Ауызша жұмыс. 4. Қызықты сұрақтар.
а/ Гаухар 5 ондық жұмыртқа сатып алды. 5 жұмыртқасы жарылып қалды.
Неше жұмыртқа қалды?
ә/ Аулада 5 қыз және одан 3 - еуі артық ұл ойнап жүр.
Аулада неше бала ойнап жүр?
б/ Арыстан, түлкі, қасқыр ұшақпен 2 тәулік 3 сағат ұшты.
Олар неше сағат ұшты? /27/
в/ Дүкенге кеп сабын алдым
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, төрт қалам,
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бары? /8/
- Жапырақты алып, сиырға береміз. Енді бізде қалған соңғы сиырдың тапсырмасы.

Бекіту.
6. Қосындының және айырманың мәндерін табыңдар.
Топпен жұмыс
16 - 8 ------------------- 43+34 ----------------- 56 - 13
56 - 13 ------------------ 14+8 ------------------ 22 - 7
22+18 ------------------ 12 - 7 ------------------ 26+54
36+12 ------------------ 97 - 34 ----------------- 62+28

Сабақтың қорытындысы: - Балалар сендерге бүгін сабақ ұнады ма?
- Біз не істедік?
- Иә, дұрыс бүгін біз жақсы іс жасадық.
- Бір - бірімізге көмектесу керек, тату болу керек.
Бағалау.
Үй жұмысы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 103
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі амалмен шығарылатын есептер
Екі амалмен шығарылатын есептер
Екі амалмен шығарылатын есеппен және оны шығарудың жолымен алғаш таныстыру, осындай есептің мәнді белгісін тағайындау. 2 - ні қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу мен азайту ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдалана отырып топпен жұмыс істеуге дағдыланады
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы логикалық ой - өрісін дамыту.
6 – ны қосу, азайту
6 – ны қосу, азайту
Сабақ тақырыбы: Қайталау. 6 – ны қосу, азайту
2 санын қосу және азайту
2 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измағанбетова Нұргүл Амантайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×