Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

20 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауында» білім беру саласындағы сындарлы міндеттер айқындалып берілген.
Егемен ел болып, тәуелсіздігімізді еншілеп, еңсеміз тіктеліп, өркениет көшінің алдыңғы сапына шыққан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан жайдары еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау, қоғамға сай бейімдеу – білім беру жүйесі, соның ішінде айшықтар болсақ, мектеп еншісінде.

Бүгінгі еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Білім бастауы - бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Әсіресе, баланың эстетикалық - көркемдік талғамын ұштап, ұлттық тәрбие береміз. Тіл ана сүтімен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда дамып - жетіледі. Онсыз бала мәңгүрт болып өсіп, елін - жерін сүймейді. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелі жерге дән тастағанмен өнбейтіні сияқты, жас баланы біліммен сусындатып, бағып - күтпесек, көкірегін ашып, тәрбие бермесек, өспейді, өнбейді. Баламен тіл тауып оның бойына білім ұрығын себетін басты тұлға - Ұстаз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүріңдер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады» деген болатын. Ұстазы білімді болса ғана, осы ұлы мақсатқа - еліміздің терезесі тең елге айналуға, мойын бұрамыз.
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу – тәрбие үрдісі арқылы оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру – жаңа ғасыр мектебінің мақсаты.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж. Аймауытов айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден - бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін күнделікті сабақта қолданып, жоғары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 912
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ.
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттырудағы ойынның рөлі
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттырудағы ойынның рөлі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Кенжегүл Сәрсенбайқызы
Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту әдісінің тиімділігі
Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту әдісінің тиімділігі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Утегенова Дариға
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №234 Ж. Жабаев атындағы қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық жетекшісі Смағұл Гүлжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×